Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, аялай білуге үйрету. Оларды табиғат ғажайыптарымен және табиғат құпиялары туралы мағлұматтармен таныстыру. Өз елінің, жалпы адамзат табиғатын қорғай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Табиғат тамашалары. Фото – стенд.
Тәрбие сағатының түрі: пікірлесу,топқа бөліну
Әдісі: ой қозғау
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-Кел, балалар келіңдер, дөңгелене тұрайық, Шаттық шеңбер құрайық. Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Айналаға қарайықшы көз салып, Бізді қоршап тұр ғой міне табиғат
ІI. Ой ашу.
- Табиғат деген не? - Табиғатта қандай ғажайыптар бар деп ойлайсың? - Табиғат құпиялары дегенге қалай түсінесің?
ІII. Ой қозғау.
Табиғат менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат тылсым дүние. Бір сәт көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, биіктеп ұшып барасың, алысқа көтеріліп биіктеп барып, бос кеңістікке келдің, қандай күйде болар едің? Ештеңе жоқ, тек қана бос кеңестікте қалықтап ұшып жүресіз. Сен мұндай жерде тұрғың келер ме еді? Әрине, тұрмас едің. Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды
. -Осы табиғатты қорғау керек дейміз, қалай қорғауға болады?
Оқушылар пікірін тыңдау:
(Суды үнемдеп пайдалану, ағаштарды сындырмау, құстарға тимеу, жұмыртқасын алмау, дала аңдарына тиіспеу сияқты мәселелер жөнінде пікірлесу)
Ертегі: «Таза бұлақ»
Ертегіден нені байқауға болады, әрине татулықты, адамдардың өмірі үшін кішкентай бұлақтың сонау алыс жерден келіп, адамдарға таза су ішкізуі, адамдардың қатыгездігі, табиғатқа жандарының ашымауы туралы айтылған.
IV Ой - толғаныс
Сен табиғатты қалай қорғар едің? - Табиғатты көркейту мақсатында қандай шаралар атқарар едің? - Табиғат әрбір адамның үйі, ендеше оны әрқашан қорғап жүрейік, таза етіп, сұлу күйінде сақтай білейік. Ол үшін сендер күнбе-күн мектепке келгенде, үйлеріңе қайтқанда жолда сынған ағаш көрсеңдер жөндеп, ұша алмай жүрген құс болса, оның жарасын жазып көмектесіп жүріңдер. Ешқашанда табиғатқа жамандық жасауға болмайды.
Себебі: табиғат өзіне жасалған жамандықты ешуақытта кешірмейді. Сондықтан табиғатқа бар қолымыздан келген жақсылығымызды жасап жүрейік.Сол мақсатта Ақ көгершін
өлеңі.хормен
- Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады.