Жақсы балалар, келесі ойынымыз « жер, су, тас» жер - дегенде тұрамыз, су - қолымыз алда, тас - қимыл көрсетіп қатып қаламыз. Қозғалған бала тақпақ айтады.
Оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қоршаған орта, табиғат туралы білді.
Игерді: табиғат ерекшеліктерін еске сақтап, әңгімелеп айтуды.
Білді: табиғатты қорғап, аялай біледі.
Жүректен жүрекке
(Жүректен шыққан жылы сөздерін, тілектерін айтады)
Поэзия минуты 1 оқушы Айғаным
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.
М. Мақатаев 2 оқушы Нұрсезім
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың.
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!
Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата - аналар!
Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған:Қадыр Мырза Әлі
Достарыңызбен бөлісу: |