Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, табиғаттағы су айналымы туралы түсініктерін кеңейту. 1) Білімділігі: Іс-тәжірибе жүзінде оқушыларға табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін кеңейту. 2) Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасай алу қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту. 3) Тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатты аялауға, ластамауға, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Қане, балалар үйге қандай тапсырма берілді? Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Қане, сіздердің қаншалықты деңгейде түсінгендеріңді сұрақтар қою арқылы тексерейік. 1. Құрылыс материалдар тобын ата. 2. Әктастың түрлерін ата. 3. Мәрмәр дегеніміз не? 4. Ас тұзы қайда қолданылады?
Өте жақсы. Ендеше, «Кім жылдам» ойынын ойнап жіберейік. Шарты: Сұрақтар арқылы өткен материалды қалай меңгергендеріңді тексеремін. Кенге жатпайтын пайдалы қызбалар деп нені атайды? Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? 1) Жанғыш пайдалы қазбалар 2) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
Ой қозғау.
Адам өмір сүруі үшін нелер қажет?
Қазір, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Жауабын таба қойыңдаршы? Жылт-жылт етеді, Жылғалардан өтеді.
- Дұрыс-ақ. Ендеше, су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 пайыз кемісе, адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.
Жер бетінің 3/2 бөлігін су қабаты алып жатыр.
Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз суы буланып жоғары көтеріледі. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп,
ауа қабатына көтеріледі.
Судың неше күйі бар?
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады.Бірақ ұзақ тұрақтамай күн қыздырғанда қайтадан буланып ауаға көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады.Бірақ ұзақ тұрақтамай күн қыздырғанда қайтадан буланып ауаға көтеріледі.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді.Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды.Жайқалып шөптер, бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі.
Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады.
Үйге тапсырма:
Табиғаттағы су айналымы туралы қосымша мәліметтер жинау.