«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты Орындаған



бет2/6
Дата29.05.2023
өлшемі26,08 Kb.
#177887
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы (1)

3 оқушы
Табиғат- сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетіп
Биікке самғап жетемін.


5 оқушы:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.


6 оқушы
Болсын тек ауа таза , тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуы
Төңіректе кесілмесін тал терек
Араша түс табиғатта бәрі керек!


7 оқушы
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайық
Жаратқанның бергеніне қуанып.


8 оқушы
Мен сүйем ерікті еркін құсын
Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.


9 оқушы:
Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
Су- тіршіліктің көзі.
Ауа- өмір тынысы.

Ән орындалады. « Табиғатым»


Көрініс :
Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.
Райымбек: ( оқушы )
Ата!
Жер дегенім немене?
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жер құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?


Төле би: (оқушы)
Жер дегенің- тіршілік, Ел дегенің- қара халқың,
Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.
Жер құты – қойнауындғы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.


1 жүргізуші:
Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.


2 жүргізуші:
Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ,бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.


10 оқушы:
Табиғат- әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет