Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру


бөліністерінің қызметін ұйымдастыру



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі24,3 Kb.
#97146
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шолу дәріс

бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
Табиғатты қорғау полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, міндеттерін орындайды.
Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің басшы құрамының лауазымдары "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орналасады (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген).
Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жеке құрамы мен көлік және басқа да техникалық құралдары тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), ІІД, КІІД, ҚАІІО басшылығының өкімі бойынша бұл қызметтің күштері мен құралдары бұқаралық іс-шаралар өткізу және төтенше жағдайлар кезінде табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуды әлсіретуге жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін тартылады.
Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің басшылары:
1) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
2) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;
3) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспарларды әзірлейді;
4) табиғатты қорғау полициясы қызметінің желісі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, ІІМ шешімдерін, бұйрықтарын, нұсқауларын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
5) ІІД-нің тергеу, анықтау, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және криминалдық полиция бөліністерімен экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;
6) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөліністерімен, басқа да құқық қорғау органдарымен табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтар бойынша әкімшілік және қылмыстық практиканы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін рейдтік іс-шаралардың нәтижелерін жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
8) табиғатты қорғау полициясының желісі бойынша қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша құқық бұзушылықтарды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың арыздарын, хабарламаларын және басқа да ақпараттарын есепке алу және тіркеу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
12. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметкерлері:
1) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды ашуға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларға қатысады, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте көмек көрсетеді;
2) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
3) табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шеңберінде жасалған немесе дайындалып жатқан экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қарайды, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ішкі істер органының табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қабылдаған шаралары мен нәтижелері туралы материалдар дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет