Жоспарлау: 1) қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді;
2) бірлескен іс-шаралар жоспарларында экологиялық құқық бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жалпы ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар көзделеді. Рейд нәтижелерін одан әрі республикалық және облыстық ақпараттық агенттіктерде кеңінен жариялау үшін рейдтік іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу бойынша ішкі істер органдары қызметінің нәтижелері туралы ақпарат анықтама түрінде ресімделіп, ІІД, КІІД-ге тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне ұсынылады. Жинақталған анықтама ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 15-іне жолданады. ПД, КПД-ге жіберілетін анықтамаларға ішкі істер органының бастығы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда ҚАПО жергілікті полиция қызметінің бастығы қол қояды, ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жіберілетін анықтамаға ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы қол қояды.
Анықтамада: 1) табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы шынайы ақпарат;
2) экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу және әкімшілік практиканың жай-күйін талдау;
3) табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайлар және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар;
4) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырудың жай-күйі;
5) экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша ішкі істер органдарының статистикалық есеп беру деректері мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті аумақтық бөліністерінің деректерін салыстыра талдау;
6) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ішкі істер органдары қызметтерінің өзара іс-қимыл жасасуы қамтылады.
15. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің нәтижелері жарты жылда бір рет ПД, КПД, ҚАПБ басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.