Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен



бет3/3
Дата02.03.2022
өлшемі18,36 Kb.
#134084
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word

1.2 Радиациялық барлау аспаптар

Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді.Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі.Мұндай аспаптар (оларды дозиметриялық деп те атайды) радиоактивті зақымдануды табуды, түрлі нысаналардың зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін, сондай-ақ сәулелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде иондану әдісін пайдаланады.Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген-олардың өздері таратылатын ортаны иондау қабілетін)яғнм нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдырату:оң ион және теріс-электрон) көрсетеді.Егер газдың тұйық көлемін алып, оған элект кернеуін косса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері анодқа,екііншілері-катодқа жылжиды.Бұның нәтижесінде электродтар(анод пен катод) аралығында ионданған ток пайда болады, оның көлемі райдиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады.Ионданған ток күші бойынша радиоакетивті сәулелену қарқынын анықтауға болады.Ионданған камералар мен газтаратқыш санауыштар дозиметриялық аспаптардың қабылдау құрылғылары болып табылады. Ионданған камера жүйесі 126 суретте көрсетілген. Оған анод қызметін ток жүргізуші қабат,ал катод қызметін металл білігі атқарады. Электродқа камерада электр өрісін жасайтын корек көзінің кернеуі жүргізіледі. Егер радиоактмивті сәулелену жоқ болса,онда камерадағы ауа ионданбайды және электр тогын жүргізбейді. Сәулелену әсерінен ауа ионданады, тізбек тұйықталып ионданған ток жүргізеді. Ол аспаптық электр жүйесіне түсіп, күшейеді, қайта жасалады.және микроамперметрмен өлшенеді,оның шкаласы рентген сағатқа(Р/с) немесе миллирентген сағатқа(МрУ) бөлінген. Осындай ионданған камералар жергілікті жердегі радиация деңгейін өлшейтін аспаптарда қолданылады.




Қорытынды

Қорыта айтқанда қоршаған ортаға және адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып есептеледі. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Құрылғының тазалығын қадағалау, оны шаң мен кірден тазалау қажет. Корпусты таза майланған материалмен сүрту ұсынылады. Маңызды: радиация деңгейі жоғары аймақтарда ұзақ уақыт жұмыс істегенде, жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны өшіру керек. Ол үшін корпус пен экран дымқыл тампондармен сүртіледі. Радиациялық қауiп қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған тақырып. Адам баласы жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне залалын келтіретін бұл зардаптың зиянды қасиетін жою мүмкін емеске айналып отыр. Бірақ, осыған қарамастан ғалымдар зардаптың әсерін жою шараларын іздестіруде. Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қаларындағы болған жағдай сонымен қатар Украинанын Чернобль апаты, Қазақстандағы Семей полигонының кері әсерлерін жою мүмкін емес. Осы сынды үлкен залалдың халық денсаулығына әкелген орасан зор залалы әлі де жалғасып, кері әсерін тигізуде. Тек адамзат баласына ғана емес, қоршаған ортаға тигізген де әсері шексіз.




Пайдаланылған әдебеиеттер тізімі


1. Асылов Ұ.Ә. «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс». Алматы: «Мектеп» баспасы, ААҚ , 2001 ж. 180-186 б.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет