Байланысты: Табиғи ресурстар және олардың классификациясы
Шаруашылықтық, онда табиғат ресурстары шаруашылықты пайдалану мүмкіндіктері тұрғысынан әртүрлі топтарға жіктеледі: пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері бойынша табиғи ресурстар төмендегідей ажыратылады: нақты — өндіргіш күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатындар; әлеуетті — теориялық есептер мен алдын ала жұмыстар негізінде белгіленген және нақты белгіленген техникалық қолжетімді қорлардан басқа, қазіргі кезде техникалық мүмкіндіктер бойынша игеруге болмайтын бөлігін де қосады; ауыстырудың экономикалық мақсаттылығы бойынша ауыстырылатын және ауыстырылмайтын ресурстар ажыратылады. Мысалы, ауысатындарға отын-энергетика ресурстары жатқызылады — оларды қуаттың басқа да көздерімен ауыстыруға бо лады. Ауыстырылмайтындарға атмосферадағы ауа, тұщы сулар мен басқалары жатады.
Экономиканың дамуында табиғи ресурстарды зерттеу дәрежесі: топырақ құрылымы, пайдалы қазбалардың саны мен құрылымы, ағаштың қорлары мен оның жыл сайынғы өсімі және басқалары орасан рөл атқарады. Табиғат ресурстарының арасында қоғам өмірінде ерекше рөлді минералдық шикізат атқарады, ал табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі мемлекеттің экономикалық деңгейін көрсетеді. Геологиялық зерттелуіне байланысты минералдық-шикізаттық ресурстар келесі санаттарға бөлінеді: A — қорланып жатқан нақты шекарасы, жете барлау жасалған және зерттелген, пайдалануға беруге болатын қорлар. В — кен орындарының кеңістікті орнын көрсетусіз, қорланып жатуының негізгі шарттарын анықтауды қамтамасыз ететін, жете барлау жасалған және зерттелген қорлар. С1 — жалпы алғанда, қорланып жату шарттарын анықтауды қамтамасыз ететін, жете барлау жасалған және зерттелген қорлар. С2 — бірлі-жарым сынақтар мен үлгілер бойынша алдын ала барлау жасалған, зерттелген және бағаланған қорлар.
Бұдан басқа, экономикалық маңызы бойынша пайдалы қазбалар қазіргі кезде пайдаланылуы мақсатқа сай теңгерімді және пайдалы заты, қорланып жатуының үлкен тереңдігі, жұмыс жағдайының ерекшеліктері мен басқаларына байланысты оны пайдалану, бірақ болашақта әзірлеуге болатын теңгерімнен тыс болып бөлінеді.
Табиғи ресурстардың экономикалық маңыздылығы мен шаруашылық рөлін бейнелейтін жіктемесі арасында әсіресе шаруашылықты пайдалану бағыты мен түрлері бойынша топтастыру жиі пайдаланылады. Ондағы ресурстарды ажыратудың негізгі бағалау өлшемі — материалдық өндіріс немесе өндірістік емес саланың әртүрлі секторларына жатқызу. Бұл көрсеткіш бойынша табиғат ресурстары өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі ресурстарына бөлінеді.