Өнеркәсіптік өндіріс ресурстарының тобы өнеркәсіп пайдаланатын табиғи шикізаттың барлық түрлерін қамтиды. Өнеркәсіптік өндірістің көпсалалы сипатына байланысты табиғат ресурстарының түрлері келесі нұсқа: энергетикалық — оларға қуаттылықты өндіру үшін қазіргі кезеңде пайдаланылатын ресурстардың әртүрлі түрлері жатады: жанатын пайдалы қазбалар (мұнай, газ, көмір, битуминозды тақтатастар және басқалары); гидроэнергоресурстар (өзен суларының қуаты, ағынды қуат және басқалары); биоэнергия көздері (отындық ағаш, ауылшаруашылық қалдықтарынан алынатын биогаз); ядролық энергия көздері (уран және радиоактивті элементтер) бойынша сараланады.
Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін шикізат ұсынатын немесе оның техникалық ерекшеліктеріне сәйкес өндіріске қатысатын энергетикалық емес ресурстар: каустобиолиттер тобына жатпайтын пайдалы қазбалар (кенді және кенді емес); өнеркәсіптік өндіріс үшін пайдаланылатын сулар; өнеркәсіп нысандары мен инфрақұрылым нысандары орналасқан жерлер; өнеркәсіптік маңызы бар орман ресурстары; өнеркәсіптік маңызы бар биологиялық ресурстар.
Ауылшаруашылық өнімін құруға қатысатын ресурстардың түрлерін біріктіретін ауыл шаруашылығы өндірісінің ресурстары: мәдени өсімдіктерді өндіру және мал жайылымы үшін қажетті жылу мен ылғалдылықтың агроклиматтық ресурстары; топырақ-жер — жер және оның жоғарғы қабаты — биомассаны өндіретін ерекше қасиеті бар топырақ; өсімдікті биологиялық ресурстар — азық ресурстары; су ресурстары — суғару үшін қолданылатын сулар және басқалары.
Өндірістік емес саланың ресурстарына (өндірістік емес тұтыну — тікелей немесе жанама) табиғи ортадан алынатын ресурстар жатады — кәсіптік аңшылық нысаны болатын жабайы жануарлар, табиғи текті дәрілік шикізат, сонымен қатар рекреациялық (демалуға, күш жинауға арналған) шаруашылық, қорық аумақтары ресурстары және басқалары.
Табиғи және экономикалық жіктемелерді біріктіру ресурстардың әртүрлі табиғи топтарын түрлі бағытта пайдалану мүмкіндігін және де олардың ауыстырылуын анықтауға, жекелеген түрлерін тиімді пайдалану мен қорғау мақсаттары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Пайдалану түрлерінің өзара қатынастары бойынша келесідей: міндетті түрде пайдалану ресурстары; көпмақсатты пайдалану ресурстары, оның ішінде өзара ұштасқан (кешенді) пайдалану (су ресурстары); өзара теріске шығаратын (бәсекелес) пайдалану (жер ресурстары) жіктемесі бар. Табиғи ресурстардың басқа да топтарын бөліп көрсетуге болады. Мысалы, біртекті ресурстар көздері (пайдалы қазбалардың кен орындары, жер-сулар, орман-шикізат қорлары және басқалары) қорлар ауқымы мен шаруашылық маңыздылығы бойынша бөлінеді. Шартты түрде: ең ірі (жалпымемлекеттік маңызы бар), ірі (ауданаралық және аймақтық маңызы бар), үлкен емес (жергілікті маңызы бар) деп ажыратылады.
Өнеркәсіпте пайдаланудың жалпы бағыттары бойынша пайдалы қазбалардың геологиялық-экономикалық жіктелуі: отын-энергетикалық шикізат (мұнай, газ, көмір, уран және басқалары); қара, қоспалы және балқуы қиын металдар (темір, марганец, хром, никель, кобальт, вольфрам кендері және басқалары); бағалы металдар (алтын, күміс); химиялық және агрономдық шикізат (калий тұздары, фосфориттер, апатиттер және басқалары); техникалық шикізат (алмаздар, асбест, графит және басқалары) кең пайдаланылады.
Шаруашылықтың нарықтық жағдайында табиғи шикізатты саудалау сипатын ескеретін табиғат ресурстарының топтамасы тәжірибелік үлкен маңызға ие болады. Мысалы, төмендегілерді: сатылымы шектелуге тиіс стратегиялық мәні бар ресурстар, өйткені ол мемлекеттің қорғану қуаттылығының бұзылуына әкеліп соқтырады (уран кені және басқа да радиоактивті заттар); кең экспортты мәні бар және валюталық түсімдердің негізгі ағымын қамтамасыз ететін ресурстар (мұнай, алмаздар, алтын және басқалары); жан-жаққа кеңінен таралған ішкі нарық ресурстары, мысалы, минералдық шикізат және басқаларын ажыратуға болады.
Геожүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуы адамның өмірлік қажеттіліктері мен өндірістік технологиялардың мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауының нәтижесі болып табылады. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас негізіндегі біртұтас жүйеге келтірілген табиғатты регионалды пайдалану ережелері мен қағидалары жатуы тиіс. Олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табиғи ресурстардың әртүрлерін мақсатқа сай пайдалануға бағытталған ғылыми-тәжірибелік ережелердің жиынтығын білдіреді.
Табиғи ресурстар бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыс тары.
Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы және қалпына келтірілуіе сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.
Таусылатын табиғи ресурстар қорлары өндіру әрекетінің нәтижесінде таусылуы мүмкін табиғи ресурстар түрлерін қамтиды.
Таусылатын табиғи ресурстар үш түрге бөлінеді:
1)Қалпына келтірілмейтін жердегі ұзақ эволюция процесінің нәтижесінде қалыптасқан рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар, минералды шикізат ресурстары
2)Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін – қалпына келуі үшін ұзақ уақыт аралығы қажет ресурастар: оларға сондай –ақ жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер популяцияларын қалпына келтірудің шектеулі мүмкіндіктері кіреді
3)Қалпына келтірілетін ресурстарға тірі табиғат элементтері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, минералдық шикізаттың жекелеген түрлері кіреді
Таусылмайтын ресурстар жерге қатысты алғанда сыртқы болып есептелетін табиғи процестермен байланысты табиғи ресурстар
түрлерін қамтиды.
Таусылмайтын ресурстар үш түрге бөлінеді:
Климаттық ресурстар — жер мен күннің өзара қарым – қатынасына байланысты: күннің энергиясы, жел энергиясы, атмосфералық ауа.
Су ресурстары – дүниежүзілік мұхит сулары
Космостық ресурстар – жердегі тау жыныстары, космостық сәулелер мен метеоиттер энергиясын қамтиды
Табиғи ресурстарды пайдалану процесінде олардың көпшілігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурстық цикл дегеніміз белгілі бір заттардың немесе заттар топтарының өзгеруі мен оларды адам пайдалануының барлық кезеңінде өтетін кеңістікте орын ауыстыруы. Қолданбалы экология әдістемесінде ресурстық цикл концепциясы маңызды болып табылады. Ол неғұрлым толық ( қалдығы аз) өнеркәсіптік өндірісті және осы кезде пайда болатын қалдықтарды қайтадан пайдалануға тартуды білдреді. ( мысалы техникалық суды өнеркәсіпті кәсіпорында бірінші рет пайдалану).Жабық өндірістік цикл дегеніміз өндірістік қалдықсыз немесе қалдығы аз түріне ұмтылу.
Өндіріс қалдықтарын қысқарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану табиғатты регионалды пайдалану стратегиясын іс жүзіне асыру процесінде жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары: