Табигиндер



Pdf көрінісі
бет17/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

МҰХАММЕД ИБН СИРИН
 
«Мұхаммед ибн Сириннен артық тақуалықта фақиһ
1
, фиқһта 
тақуа адам көрмедім».
(Муриқ Әл-Ижли) 
Сирин  –  Әнәс  ибн  Мәлик  (р.а.)  құлдарының  бірі  еді.  Сахаба 
бостандық бергеннен кейін Сирин үйленуге бел буды. Оның қа
-
зан жасайтын ұсталығы бар еді. Шеберлігінің арқасында көп пай
-
да  түсіріп,  кірісі  де  молайды.  Әмирүл-мүминин  Әбу  Бәкір  Сыд
-
диқтың күңі Сафияны жары етіп таңдады. 
Сафия  сымбатты  да  ақылды,  тәні  де,  жаны  да  сұлу,  Мәдине 
әйелдерінің  бәріне  сүйікті  бойжеткен  еді.  Әйелдік  сұлулығына 
1 білгір


 61 
келгенде  жас  қыздардан  асып  түссе,  ал,  ақыл  мен  байыптылық 
жағынан кемеліне келген бәйбішелер сынды болатын.
Оны  әйелдердің  ішінде  ең  жақсы  көретін  –  Алла  Елшісінің 
(с.а.у.) әйелдері болатын. Әсіресе оны Айша (р.а.) жанынан жақсы 
көретін.
Сирин Әмирүл-мүмининге Сафияға құда тү сіп келді. Сыддиқ 
(р.а.) күйеу жігіттен діні жайында сұрап, мінез-құлқын өз қызын 
ұзатып жатқандай тексеріп шықты. Әбу Бәкірдің жүрегінде Сафи
-
яға деген ерекше әкелік сезім бар еді. Сонымен қатар, Алла Таға
-
ланың мойнына салған аманаты еді. Сириннің жай-күйін, өмірба
-
янын жақсылап сұрастырды. Бірінші барып сұраған кісісі, әрине, 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) болды. Оған Әнәс:
– Әмирүл мүминин! Үйлендіріңіз. Оның діні түзу, мінез-құлқы 
адам көңілі тоярлық және ерлігі де жетіп жатыр. Оны ХӘлид ибн 
Уәлид «Айнүт-Тәмр» шай қа сында тұтқынға алған. Сол соғыстан 
кейін Мәди
неге 40 тұтқынмен бірге келді. Сирин маған нәсіп болды. Міне, 
сол кезден бері оның тағдыры менің тағды рыммен байланысып ке
-
леді, – деді. 
Әбу Бәкір Сафияны Сиринге үйлендіруге келісі мін берді. Әбу 
Бәкір өз қызын ұзатқандай етіп, Мәдине қыздарының көбісіне жа
-
сала бермейтін дүбірлі той жасап шығарып салды. Оның тойына 
ұлығ сахабалар келді. Олардың ішінде он сегіз бәдрилер (Пайғам
-
барымызбен (с.а.у.) бірге Бәдр шайқасына қатысқан сахабалар) бар 
еді. Бойжеткенге Алла Елшісінің уахи жазушысы Үбәй ибн Кәғб 
дұға қылып, қонақтар «әмин» десті. Ұзатар бұрын қызды киіндіру
-
ге, сәндеуге мүминдер аналарының үшеуі қатысты. 
Осы берекелі отаудың жемісі, ұлығ кісілер қа тыс қан ұлан асыр 
тойдың  нәтижесі  ретінде  отбасында  нәресте  дүниеге  келді.  Сол 
нәресте 20 жылдан кейін тәбиғин ғұламаларының бірі, мұсылман
-
дардың  ұлығ  кемеңгеріне  айналатын  Мұхаммед  ибн  Сирин  еді. 
Осы ұлығ тәбиғиннің өмірін басынан бастап айтып шығайық.
* * *
Мұхаммед ибн Сирин Осман ибн Аффан халифалығының бітуі
-
не екі жыл қалғанда дүниеге келді. 
Тақуалық пен адамгершілік үстемдік еткен ша ңырақта өсті. Ба
-
лиғат  жасына  толысымен-ақ,  Пайғамбар  (с.а.у.)  мешітіне  барып, 


 62 
сондағы  сахабалардан  дәріс,  тәлім-тәрбие  алды.  Әсіресе,  оған 
білім берген сахабалар:
Зәйд ибн Сәбит;
Әнәс ибн Мәлик;
Умран ибн Әл-Хусәйн;
Абдуллаһ ибн Омар;
Абдуллаһ ибн Аббас;
Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр;
Әбу Һурайраһ.
Оларға  Алла  разы  болсын.  Олардың  саф  білімін  шөліркеген 
адамдай ішті. Олардан Алланың кітабы бойынша білімдерін, діні 
бойынша  пәтуаларын,  Пайғамбары  бойынша  хадис  риуаяттарын 
алды. Бұлар дың бәрі оның ақыл-ой өрісін кеңейтіп, біліміне білім 
қосып, парасаттылығын арттырып, тақуалық пен сӘлихалық жо
-
лында серік болды.
Кейін үй-ішімен бірге Басра қаласына көшіп, сол жерде тұрақта
-
ды. 
Басра қаласы ол кезде енді өркендеп келе жатқан жас қала еді. 
Бұл қаланы салуды мұсылмандар Халифа Омардың (р.а.) тұсында 
жоспарлаған болатын. Бұл шаһар сол ғасырдағы Ислам үмметінің 
айнасы болып саналатын. Сонымен қатар, Алла жолында жорыққа 
шыққан мұсылмандардың табан тірер тірегі сынды еді. Ол – Ирак 
және Парсы елінен Алланың дініне кір ген халықтарға білім беру 
және ағарту орталықтары ның бірі еді. Ол – дүниесі үшін мәңгі өмір 
сүретіндей, ақыреті үшін ертең өлетіндей жұмыс істейтін шынайы 
Ислам қоғамының бейнесі болды.
Сол  қоғамның  мүшесі  Мұхаммед  ибн  Сирин  де  Басрада  екі 
жолды да тепе-тең ұстанып өмір сүрді. Күнінің жартысын ғылым 
мен ғибадатқа, екінші жартысын кәсіп пен саудаға бөлді. 
Таң намазының уақыты кірісімен, Алланың нұры дүниеге тарай 
бастағанда Басра мешітіне білім беруге және дәріс алуға шығатын. 
Күн арқан бойы көтерілген кезде мешіттен базарға барып сауда 
жасайтын еді. 
Түн жамылып, дүниені қараңғылық басқанда үйін дегі михраб
-
та намазға тұрып, Құранның аяттарын оқып, Рахманнан қорқып, 
жүрегі шын егіліп жылайтын. Оның еңіреген даусын естіген үй-
іші мен жақын тұратын көршілердің жүрек тамырлары үзіле жаз
-
дап, оған аянышпен қарайтын. 


 63 
Күндіз базарда сауда жасап жүріп, адамдарға ақы   ретті естері
-
не түсіріп, дүниеге көздерін ашып, Алла Тағалаға жақындататын 
амалдарға жол көрсетіп, ара ла рындағы жанжалды шешетін. Шар
-
шап шал дық қандарға қызық әңгімелер айтып, көңілдерін кө те ре- 
 
тін. Көп сөйлеп өзінің абыройын, қадірін жо ғалт пайтын еді. 
Алла Тағала оны тура жолға салып, табиғатына жақ сылық жа
-
сау, дүние сырларын қабылдай білу және айналасына әсер ету қа
-
білеттерін сыйлады.       
Саудаға қатты кіріскен адамдар оны базарда көре қалса көңіл
-
дері шайдай ашылып, Алла Тағаланы еске алып, «Алладан басқа 
құдай жоқ, Ол – ең ұлы» деп зікір салушы еді.
Оның іс жүзіндегі өмір-салты адамдар үшін үлгі еді. Оған екі 
түрлі сауда ісі ұсынылса, шығынға қалса да, дініне нұқсан келтір
-
мейтінін таңдайтын. 
* * *
Оның  дін  құпияларын  және  ненің  халал,  ненің  харам  екенін 
білуі адамдарды таңқалдыратын. 
Бір  күні  оған  бір  адам  өтірік  айтып:  «Сен  маған  екі  дирхам 
(күміс ақша) қарызсың», – дейді. Оның өтірік айтып тұрғанын біл
-
ген Мұхаммед беруден бас тартады. Оған әлгі кісі:
– Сен ант етесің бе? – дейді. Сондағысы екі дирхам үшін ант 
етпейді деп ойлайды. 
– Иә, ант етемін, – деп, Мұхаммед ибн Сирин ант етеді.
Сонда адамдар оған таң қалып:
– Уа, Әбу Бәкір! Екі дирхам үшін ант етесің бе?! – депті. 
Сонда да Мұхаммед:
– Иә, ант ішемін! Оның харам нәрсені жейін деп тұрғанын біле 
тұра қалай рұқсат етемін?! – деген екен.
* * *
Ибн Сириннің мәжілісі жақсылық, қайырымдылық және уағыз 
мәжілісі болды. Оған біреуді жамандай бастаса, ол оның өзі білетін 
жақсылықтарын айта жөнелетін. Тіптен, бір кісі қайтыс болып кет
-
кен Әл-Хәжжәжды балағаттап жатқанын естіп оған:
– Бауырым, қой! Әл-Хәжжәж Раббысына кетті. Алла Тағаланың 
алдына барған кезде, сенің дүниеде жасаған ең жеңіл күнәң Әл-
Хәжжәж жасаған ең ауыр күнәдан да ауыр болмақ. Сол күні еке
-


 64 
уіңнің де өз обалдарың өздеріңе. Бауырым, Алла Тағала Әл-Хәж-
жәждан адамдардың кегін алып береді, сол сияқты, Әл-Хәжжәжға 
да зұлымдық жасаған адамдардан ақысын алып беретінін білгей
-
сің. Бүгіннен бастап біреуді балағаттауды қой. 
Біреу сауда жасау үшін жолға шығып бара жатып қоштасып ке
-
туге келсе, оған:
– Бауырым! Алладан қорық! Өзіңе бұйырған нәр сені халал жол
-
мен ал. Бәрібір харам жолмен алуға тырыссаң да, несібеңнен ар
-
тық бұйырмайды. 
* * *
Мұхаммед ибн Сириннің Үмәйяһ ұрпақтары тұ сындағы әкім
-
деріне  шындықты  айтып,  Алла,  Елшісі  және  мұсылман  қауым 
үшін насихат бергені тарихтың көптеген беттерінде жазылған. 
Үмәйяһ әулеті кезінде ірі саяси тұлға, Ирактың әкімі Омар ибн 
Хубайра Әл-Фазари кісі жібертіп, қонаққа шақырыпты. Ол қонаққа 
ағасының ұлын ертіп барады. 
Мұхаммед  ибн  Сирин  мен  ағасының  ұлын  жақсы лап  күтіп 
алып, төрге отырғызып, діни және дүниелік мәселелерді сұрайды. 
Әңгіме барысында әкім:
– Әбу Бәкір! Қала халқының жағдайы қалай? – деп сұрайды.
– Халықтың жағдайы мәз емес. Зұлымдық тараған, әкімнің ойы 
басқа жаққа қараған, – деп жауап береді. Сонда ағасының ұлы қа
-
бағын түйіп, «қойыңыз» дегендей сыңай танытады. Оған қарап ға
-
лым:
–  Халық  жайында  сенен  емес,  менен  сұрап  жатыр.  Өзімнің 
дұрыстығымның айғағы мынау: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет