65
лылығын сынап, мұсылмандар ұшырап жү ретін сынақтарға салды.
Сондай жайлардың бірі:
Бір күні қырық мың динарға май сатып алады. Май құйылған
ыдыстардың бірін ашып көрсе, ішінен тыш қанның өлімтігі шыға
-
ды. «Май бір жерде езілген ғой. Бұл мес қана арамдалған деуге
болмайды. Бәрі ластанған екен ғой. Сатушыға қайтарып берсем,
алып сатып жіберер, мүмкін сатып та үлгерген шығар» деп, майды
төгіп тастайды. Сол кезде саудасы жүрмей қи налып жатқан кезі
еді. Бұл істің соңы жақсылыққа апармады. Қарызға батты. Майдың
иесі ақшасын талап етті. Төлей алмады. Ол әкімге шағымданып,
әкім қарызынан құтылғанға дейін қамауға алуды ұйғарды.
Абақтыда ұзақ уақыт жатып қалды. Оның қарызға белшесінен
батқанын, әрі өзінің тақуа, ғибадатшыл екенін білген абақты күзет
-
шілері жандары ашып:
– Шәйх! Қараңғы түскенде, үйіңе барып қон! Таң ертең қайтып
келесің. Мына жерден шыққанға дейін осылай жасап жүр! – деп
ұсыныс жасады.
– Жоқ, уаллаһи, олай етпеймін.
– Неге? Алла тура жолға салсын!?
– Сеніп тапсырылған жұмысқа қиянат етуге саған көмекші
болғым келмейді.
* * *
Ұлығ сахаба Әнәс ибн Мәлик жан тапсырып жатып өзін Мұ
-
хаммед ибн Сириннің жуып, жаназасын шығаруына өсиет етеді.
Бірақ ол әлі абақтыда еді. Сахаба қайтыс болған кезде адамдар
әкімге келіп, Алла Елшісінің сахабасы әрі қызметкері болған ізгі
құлдың өсиетін айтып, Мұхаммед ибн Сиринді аманатты орындау
үшін шығаруға өтініш білдіреді. Әкім де келісімін береді.
Мұхаммед ибн Сирин оларға:
– Қарыз иесінен рұқсат алмайынша шықпаймын. Қамауға
алынған себебім –
менің мойнымдағы қары зым, – дейді.
Қарыз беруші де рұқсат етеді.
Сол кезде ғана қамаудан шығып, Әнәсті (р.а.) жуып, кебіндеп,
жаназасын оқиды. Сол бойда абақтыға қайтып келеді. Өзінің үй-
ішін көруге бармайды.
66
* * *
Мұхаммед ибн Сирин жетпіс жеті жасқа келіп, дүниеден өтті.
Ажал келгенде дүние жүктерінен жеңіл деп, өлімнен кейінгі өмірге
көп нәрсе алып кетті.
Тақуа әйелдердің бірі Хафса бинті Рашид былай дейді:
–
Мәруан
Әл-МахмӘли
деген
көршіміз
бола
-
тын. Ғибадатқа берік, бойсұнуда ыждағатты кісі еді.
Ол қайтыс болған кезде қатты қайғырдық. Бір күні түсімде көрдім:
– Әбу Абдуллаһ! Иең саған не жасады?
– Жәннатқа кіргізді.
– Кейін?
– Оң жақ иелеріне көтерілдім.
– Кейін?
– Аллаға жақын адамдарға көтерілдім.
– Олардың арасында кімді көрдің?
– Әл-Хасан Әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сиринді.
Достарыңызбен бөлісу: