7
көзімді жеткізген шаштараз болды. Ихрамнан шығу үшін шаш ал
-
дыруға
шаштаразға келіп, одан қанша аласың, деп сұрадым.
– Алла сені тура жолға салсын, ғибадат рәсім де рінде шарт қой
-
ылмайды. Отыр,
шамаңа қарап бер, – деді.
– Ұялып отыра кеттім. Бірақ қыблаға тура қарап емес, сәл
ауытқып отырдым. Ол қыблаға қарап отыруды бұйырды. Мен
ұялып бетімді қыблаға бұрдым. Кейін шаш алу үшін басымның
сол жағын ыңғайлай бергенімде, «оң жағын бұр» деп айтты. Ол
шашымды ала бастады. Ал мен таң қалып, тып-тыныш отырмын.
– Неге бұлай үнсіз отырсың? Тәкбір айтып отыр, – деді. Шаш
алып
біткенге дейін тәкбір айтып, сонан соң тұра бергенімде:
– Қайда барасың? – деді
– Көлігіме бара жатырмын, – дедім.
– Екі бас намаз оқығаннан кейін қалаған жағыңа жүре бер.
Екі ракаат намаз оқығаннан кейін, ішімнен «мына шаштараз
білімді біреу болмаса, мұндай әрбір іске көңіл бөле бермес еді»
деп ойландым.
– Бұл рәсімдердің бәрін қайдан білесің? – деп сұра дым.
– Алла үшін айтайын. Ата ибн Әбу Рабахтың осылай жасап
жатқанын көрдім. Содан бері келген адамдардың бәріне айтып ке
-
лемін.
Ата ибн Әбу Рабахтың мол дүние-мүлікті иелену мүмкіндігі
көп еді, бірақ ол бұдан түпкілікті бас тартты. Бар өмірін бес дир
-
хамнан артық тұрмайтын жалғыз көйлекпен өткізді.
Оған халифалар серіктес, жолдас болып, қаста рында бірге
жүруге ұсыныс жасап, талай рет жалын ды. Олардың дүние қызығы
дініме әсер етеді деп қор қып, бұл шақыруларын қабылдамады. Бірақ
Ислам мен мұсылмандардың мүдделерін қорғау үшін оларға ба-
рып тұратын. Бұл жайында Осман ибн Ата Әл-Хораса ни былай
дейді:
Әкем екеуіміз Шамға бара жатып, Дамашыққа жа қындаған кез
-
де жолда қара есек мінген, үстінде тігісі көп, қалың көйлек киген,
ескі шапан жамылған, сәлде сі басына жабысқан, ағаш аяқкиімді
шалды көрдік. Әкемнен: «Бұл кім?» –
деп сұрап, күле бастадым.
– Тыныш! Бұл – Хижаз ғалымдарының мырзасы Ата ибн Әбу
Рабах, – деп айтты. Жақындаған кезде әкем қашырынан түсіп,
ол да есегінен түсіп, екеуі құшақтаса амандасты. Кейін екеуі бір
-
ге әңгімелесіп, Һишәм ибн Абдүлмәлик сарайының қақпасына