Табигиндер


АМИР ИБН АБДУЛЛАҺ ӘТ-ТӘМИМИ



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

АМИР ИБН АБДУЛЛАҺ ӘТ-ТӘМИМИ
 
 
«Зәһидтік
1
 сегіз тұлғаға дейін жетіп тоқтады. Солардың басында Амир 
ибн Абдуллаһ Әт-Тәмими тұр»
(Алқамаһ ибн Мүрсид)
Біз Һижраның 14-інші жылындамыз.
Міне, Басра қаласының шекарасы сызылып жатыр. Әмирүл-мү
-
минин Омар ибн Әл-Хаттабтың (Алла оған разы болсын) әмірімен 
Парсы еліне шабуыл жасауға шеп құрып жатқан ұлығ сахабалар 
мен тәбиғиндер. Бұл жаңа қаланы Алла Тағалаға шақырудың орта
-
лығы етіп, Оның сөзін жер бетінде биік ету мақсатымен онда білім 
ордасын құруға Араб түбегінен, Нәждтен, Хижаздан және Иемен
-
нен белсеніп мұсылмандар ағылып жатыр. Бұл қаланы шекаралық 
бекеттердің бірі етпек. 
Осы  қалаға  Нәждтен  көшіп  келіп  жатқандардың  бірі  Тәмим 
тайпасынан  шыққан  жас  жігіт  Амир  ибн  Абдуллаһ  Әт-Тәмими 
Әл-Анбари еді.
Амир ибн Абдуллаһ Әт-Тәмими ол кезде өмірінің көктемін өт
-
керіп жатқан, қылшылдаған жас шағы н дағы алғыр да асыл, жүрегі 
таза, келіскен жігіт болатын. 
Соғыс  олжалары  бірінші  болып  түсетін  бекет  бол ғандықтан, 
Басра  қаласы  мұсылмандардың  дүние-мүлікке  бай,  жан-жақтан 
саф алтын құйылып жататын ең бай қаласы еді. 
Бірақ тәмимдік Амир мұның бәріне ешқашан көз салған емес. 
Ол  мұнда  дүние  қызығы  үшін  емес,  тек  қана  Алланың  риза
-
шылығын іздеп келген еді. 
1 Тақуалық, нәпсіден тыйылушылық, сопылық, құдайшылық, дін шілдік, сабыр
-
лылық, ұстамдылық, төзімділік.


 11 
Сол  кезде  Басра  қаласының  әкімі  –  ұлығ  сахаба  Әбу  Мұса 
Әл-Әшғари еді. Ол бұл жерден шартарап қа жорыққа шығатын мұ
-
сылман әскерлерінің бас қол басшысы, осы қала халқының имамы, 
ұстазы әрі Алла Тағалаға жол бастаушы болып саналатын.
Ол бейбіт кезде де, соғыс кезінде де үнемі Әбу Мұса Әл-Әшға
-
ридың жанында болды. Тұрақтаған жерінде және жолға шыққан 
кезде қасында жүрді.  
Әбу  Мұсадан  Алла  Тағаланың  кітабын  Пайғамбары  Мұхам
-
медке  (с.а.у.)  түскен  қалпында  қабылдап,  Алла  Елшісінің  (с.а.у.) 
хадистерін жаттап, өзі де риуаят қылды. Ұлығ сахабаның қолында 
Алланың діні мен шариғаты бойынша білім алды. 
Білім мен ғылымда алға қойған мақсаттарына жеткеннен кейін 
өз өмірін үшке бөлді:
бірінші  бөлігін  Басра  мешітінде  адамдарға  Құранды  оқытып, 
білім берумен өткізді;  
екінші бөлігін аяғы талғанға дейін Алланың ал дында тұрып на
-
маз оқып, құлшылық қылуға жұмсады;
ал үшінші бөлігін Алла жолында қылышын сермеумен шайқас-
тарда өткізді.
Өмірінде бұл ұлығ істерден басқаға көңіл бұрмады. Тіптен ха
-
лық оны Басраның тақуасы деп атады.
Бұл жайында Басра тұрғындарының бірі былай дейді:
Амирмен бір керуенде келе жаттық. Қараңғы түс кенде айнала
-
сына ағаш өскен, сулы жерге келіп тоқ тадық. 
Амир өзінің заттарын жинастырып, атын ағашқа байлап, алды
-
на жем-шөбін жеткілікті етіп салып, қа лың ағаштың арасына кіріп 
кетті.
Ішімнен  міндетті  түрде  мұның  ізіне  түсемін  деп  бел  будым.  
уаллаһи, артынан жүріп, қараңғы түнде осы ну ағаштың ішінде не 
істейтінін көрейін! 
Айналасын түгелдей ағаш қоршаған жерге келіп, қыблаға қа
-
рап намаз оқуға тұрды. Алладан қатты қорқатыны сезіліп тұрға
-
ны  соншалықты,  одан  артық  намазды  кемел,  үздік,  ықыласты 
оқитын адамды көр меппін. Оның күбірлеп айтқан мына мінәжат
-
тарын  естіп  қалдым:  «Тәңірім!  Мені  Өз  әміріңмен  жараттың,  өз 
қалауыңмен мені осы дүниенің сынақтарына сал дың, кейін маған 
«Ұстамды бол», деп бұйырдың. Уа, Құдіретті, уа, Мықты Жаратқан 
ием, Сенің қамқор лығың болмаса, Өзің сабыр бермесең, мен қа
-


 12 
лай  ұс тамды  боламын!  Алла  Тағалам!  Мына  дүниенің  бар  бай
-
лығы маған берілсе, сенің ризалығың үшін сол дүниенің бәрін бе
-
ретінімді білесің. Маған өзімнің рухымды ғана бер, Тәңірім! Саған 
деген  шексіз  сү йіспеншілігім  басымнан  өткен  қиыншылықтың 
бә рін  жеңіл детіп,  тағдырға  ырзашылығымды  білдіруге  ұйыт қы 
болды. Таң атқан нан кейін, кеш батқаннан кейін жасаған істерім – 
сенің махабатың үшін».
Осыларды тыңдап отырып көзім ілініп кетті. Кейін бір оянға
-
нымда таң қылаң беріп келеді екен. Амир әлі сол орнынан тапжыл
-
май намазын оқып, мінәжаттарын жалғастырып жатыр екен. 
Таң  намазының  уақыты  кірісімен  парыз  намазын  оқып,  мы
-
надай дұға жасады: «Алла Тағалам, таң да атып келеді. Адамдар 
Сенің  нығметіңді  іздеп,  тіршілік  қамына  кірісті.  Әркімнің  өз 
мұқтаждығы  бар.  Әмірдің  мұқтаждығы  –  Сенің  оны  кешіруің. 
Аллаым, менің мұқтаждығымды және олардың мұқтаждықтарын 
бере көр, жомарттардың Жомарты! Әй, Аллаым! Сенен үш нәрсе 
сұрадым, екеуін беріп, үшіншісін бермедің. Сүйгенімдей, қалаға
-
нымдай Саған құлшылық ету үшін үшінші тілегімді бере көр», – 
деп орнынан тұра бер генде маған көзі түсті. Жатқан жеріме қарап, 
түні бойы осында болғанымды біліп, қорқып кетіп, бір жағынан 
қатты күйзеліп: 
– Басралық бауырым, түні бойы мені күзетіп шық қан шығар
-
сың-ау?
– Иә.
– Көрген-білгеніңді ішіңде сақта, өзіңе Алла жар болсын, – деді. 
–  Құдайдан  сұраған  үш  нәрсенің  не  екенін  айтпа саңыз,  көр
-
генімді баршаға жария қыламын.
– Қой, олай істеме!
–  Айтқаным  айтқан!  Менің  қырсығып  тұрғаным ды  білгеннен 
кейін,  амал  жоқ,  «Ешкімге  айтпауға  Алланың  атымен  ант  ішсең 
ғана айтайын», – деді.
– Сенің сырыңды жария етпеуге Алланың атымен ант беремін.
– Дінімді берік ұстауға қатерлі деп ең қорқатыным әйел заты 
еді. Алла Тағаладан нәзік жандарға деген сезімімді өшіруді сұра
-
дым. Содан кейін әйел көрдім бе, қабырға көрдім бе, бәрібір болып 
қалды. 
– Бұл – біріншісі, екіншісі не?
–  Екіншісі,  мен  Жаратқан  Иемнен  өзінен  басқа  еш кімнен  қо
-


 13 
рықпайтындай етуді сұрадым. Алланың аты мен ант ішейін, жерде 
де, көкте де, Одан басқа еш нәрседен қорқып көрген емеспін.
– Үшінші не?
–  Күні-түні  тынымсыз  ғибадат  қылу  үшін  Иемнен  ұйқысыз
-
дықты сұрадым. Алла Тағала бас тартты. 
–  Өзіңізге  жаныңыз  ашысын.  Жәннатқа  сіз  жасап  жатқаннан 
азырақ нәрсемен кіруге, тозақтан сіз қи налғаннан азырақ қиналып 
құтылуға болады ғой. 
– Мен өкінудің пайдасы тимейтін жағдайда қалу дан қорқамын.  
уаллаһи, бар мүмкіншілікті пайдаланып, Аллаға құлшылық етемін. 
Егер жәннатқа кірсем, онда – Алланың мейірімімен, тозаққа түс
-
сем – өзімнің кемшілігімнен. 
Бірақ Амир ибн Абдуллаһ тек түнде ғибадат қылатын тақуа ғана 
болған жоқ, күндіз ержүрек жауынгерлердің бірі болды.
Шайқасқа шақырылған кезде үнемі әскердің алғы сапында бол
-
ды. Жорыққа жиналып жатқан кезде, тез арада өзіне серіктес із
-
дейтін. Келген жауынгерлерді аралап, арасынан өзіне серіктестік
-
ке лайық деп тапқан адамдарына мынадай үш шарт қоятын: сол 
жорық  бойы  олардың  қызметшісі  болуды,  азаншы  болуды  және 
олардың  шығындарын  мойнына  алатын.  Егер  араларынан  біреу 
шығып, оған көмектесе бастаса, олардан бөлініп, басқа топқа қо
-
сылып кететін еді. 
Ол  майданда  қауіпті  сәттерде  алдыңғы  қатарда  бо латын,  ал 
жеңіске жетіп, олжа бөлісерде, қалыс қалатын. Шайқастарда оның 
ерлігі мен батырлығы аңызға айналды. Бөлінген олжадан үнемі бас 
тартатын. 
Парсы  патшалығымен  шешуші  соғыс  «Қадисия»  шайқасын
-
да жеңіп шыққан мұсылмандар өздерінің қолбасшысы (жәннатқа 
кіруі жайында Пайғамбардан Сағд ибн Әбу Уаққаспен (с.а.у.) қу
-
анышты хабар алған он сахабаның бірі) бірге Кисраның сарайына 
кіреді. 
Амр ибн Муқаррин сарайдағы олжаны жинап, есептеуге бұй
-
рық береді. Мұндағы мақсат – байлықтың бестен бір бөлігін мұ
-
сылмандардың қаржы үйіне жіберу, ал қалғанын жауынгерлерге 
теңдей бөлу еді. Амр дың алдына парсының есебіне сан жетпей
-
тін қымбат бағалы дүние-мүлкі үйіліп қалды. Бұлардың алдында 
парсы патшалары неше ғасырлардан бері қолданып келе жатқан 
алтын мен күмістен жасалған ыдыс-аяқ толған себеттер, Кисра
-


 14 
ның киімдері, маржан тастан жасалған алқалары, гауһар таспен 
безендірілген сауыт-саймандарға толы қымбат ағаштан жасалған 
бірне ше  сандықтар  тұр.  Мұнда  әйел  адамдарға  арналған  әше
-
кейлер мен зергерлік бұйымдар толы қапшықтар, ғасырлар бойы 
парсы патшаларының бірінен соң бірі ұстаған қынабында жатқан 
қылыштар,  мына  бір  жерде  парсы  батырларына  қызмет  етіп 
келген  семсерлер  тұр.  Осы  байлықтың  бәрін  сарай  қызметкер-
лері  мұсылмандардың  көзінше  дауыстап  санап  өткізіп  тұрған
-
да, шашы өсіп кеткен, үсті-басын шаң басқан кісі саф алтыннан 
жасалған үлкен бір тайқазанды екі қолдап көтеріп келді. Осыған 
дейінгі көрген зат тарының бәрінен асып түсетін мұндай қымбат 
затты  көрмеген  жұрт  оған  таң  қалып  қарады.  Оның  іші  гауһар 
мен маржан тастарға толы еді. Әкелген кісіден: «Қайдан алдың?» 
– деп сұрағанда:
– Бәлен шайқаста жүріп олжаладым, – деп жауап берді.
– Бұдан бір зат болса да өзіңе алдың ба?
–  Жоқ,  Алла  сендерді  тура  жолға  салсын!  Бұл  тай қазан  мен 
парсы  паташалары  иелігіндегі  байлықтың  бәрін  жинасаңдар  да, 
мен үшін бұлардың тырнақтай да қадірі жоқ. Егер мұның ішінде 
мұсылмандар қар жысының үлесі болмағанда, сол тұрған жерінен 
көтеріп алып келмейтін едім. 
Алланың нұры жаусын, сіз кімсіз? – деп сұрады жұрт. 
– Мақтап, алғыс білдіріп жүрерсіңдер. Сондықтан айтпаймын. 
Алғыс пен мақтау Аллаға тән, мен оның сауабын ғана сұраймын, 
– деп кетіп қалды.
Сол жерде тұрғандар бұл кісінің кім екенін біліп келуге артынан 
адам жібереді. Жіберілген кісі біраз уақыт соңында жүріп, оның 
сөйлесіп  тұрған  жолдастарын  көріп,  солардан  оның  кім  екенін 
сұрайды. Сонда олар:
– Кім екенін білмейсің бе?
– Жоқ.
– Ол – Басраның тақуасы Амир ибн Абдуллаһ Әт-Тәмими, – деп 
жауап береді.
Бірақ Амир ибн Абдуллаһтың өмірінің ғибраты мен өнегесі ке
-
ремет болғанымен, оның жолында кедергілер көп болды, адамдар
-
дың қастандықтарына тап болған кездері де аз емес. 


 15 
Ақты –  ақ, қараны – қара дейтін, жаман істерді әш керелеп жо
-
юға тырысатын тұлғалардың басынан өткен жайлардың бәрі мұ
-
ның да басына туды.
Кейбіреулердің  оған  зұлымдық  жасауына  себеп  болған  нәрсе 
оның туралығы мен әділдігі еді.
Бір күні сол кездегі шурат
1
 бастығы көмекшісінің басқа діннің 
өкілін  қыл қындырып  ұстап,  сүйреп  келе  жатқанын  көреді.  Әлгі 
байғұс адамдарды жәрдемге шақырып айқайлап келеді:
– Құтқарыңдар, Құдай сендерді құтқарсын! Пайғамбарларың
-
ның  қарамағындағы  басқа  дін  өкіліне  жәрдем  беріңдер.  Әй,  мұ
-
сылман қауымы! 
Амир олардың алдынан шығып былай деп сұрады:
– Жизяңды
 
2
 
төледің бе?
– Иә, төледім. 
Амир оны қылқындырып тұрған кісіге қарап:
– Саған не керек? – деп сұрады.
–  Шурат  бастығының  бақшасын  тазалауға  алып  бара  жатыр
-
мын.
– Өзің неге тазаламайсың?
– Бұл жұмыс маған ұнамайды. Оның үстіне сол іс пен айналы
-
сам деп шаршап қалар болсам, балаларымның тамағын тауып бе
-
руге жарап жүрген басқа жұмысыма кедергі болады.
– Жібер оны, – деп бұйырды ол жендетке.
– Жібермеймін, – деп ол қасарысып тұрып алды. Сонда Амир 
жәбірленушінің иығына өз шапанын жауып:
– Мен тірі тұрғанда Пайғамбардың (с.а.у) уәдесі (салық төлеп, 
бейбіт өмір сүруге ант берген басқа дін өкілдерін де қорғауға Ал
-
ланың Елшісі уәде берген) бұзылмайды, – деді. 
Көп уақыт өтпей жиналған адамдар жиналып Амирге болысып, 
басқа дін өкілін жендеттің қолынан күштеп босатып алды. 
Көп  ұзамай  шурат  қызметкерлері  Амирдың  қала  әкімшілігі
-
не бағынбайтынын айтып, «сүннет пен жа мағатқа қарсы шықты, 
ол – үйленбейтін адам, малдың етін де жемейді, сүтін де ішпейді, 
әкімшілік жина лыс тарына қатыспайды», – деп айып тақты. Осы 
сөз дер  Әмирүл-мүминин  Халифа  Осман  ибн  Аффанға  да  жетті. 
1 Яғни, қазіргі полиция.
2 Мұсылман мемлекетінде тұратын басқа дін өкілдерінің салығы.


 16 
Осман ибн Аффан Басраның әкіміне бұл істің анық-қанығын  білу
-
ді тапсырды. Әкім Амирды шақырып алып:
– Әмирүл-мүминин (Алла өмірін ұзақ қылсын) халифаның бұй
-
рығымен біздің қызметкерлер тарапынан тағылған айыптың жай
-
ын терге мекшімін, – деді.
– Әмирүл-мүмининнің әмірін орында, – деді.
–  Алла  Елшісінің  (с.а.у)  сүннетінен  ауытқып,  үй ленуден  бас 
тартуыңа не себеп?
– Мен Алла Елшісінің (с.а.у) сүннетінен ауытқу үшін үйленуден 
қашып жүрген жоқпын. Мен Исламда оқшау, жалғыз өмір сүруге 
бұйрық жоқ екеніне куәлік етемін. Бірақ менің бір ғана рухым, бір 
ғана көңілім бар. Үйленсем, сол көңілімді Алла Тағаладан әйелім 
бұрып алып кетеді деп қорқып жүрген адаммын. 
– Ал ет жемейтініңе не дейсің?
– Егер тапсам, оған тәбетім болса, жеймін. Тапсам да, тәбетім 
болмаса, жемеймін.
– Ал, не себепті ірімшік жемейсің?
– Мен тұратын ауданда отқа табынатын тайпа ірім шік жасаумен 
айналысады. Оларға өлексе мен сойылған малдың айырмашылығы 
жоқ.  Сүтті  ірімшікке  айналдыру  үшін  қолданылатын  жас  ешкі 
ішмайынан  жасалынатын  қоспа  бауыздалмаған  малдан  алынуы 
мүмкін.  Егер  бұл  –  бауыздалып  сойылған  ешкі  майы  қосылған 
ашытқыдан жасалған ірімшік екеніне екі мұсылман куәлік берсе, 
жеуге дайынмын. 
– Ал, не себепті әкімшілік кеңестеріне қатысып, куәлік етпей
-
сің?
–  Сіздердің  есіктеріңіздің  алдында  мұқтаж  адамдар  қаптап 
жүреді. Оларды кеңестеріңізге шақырып, мұқтаждықтарын біліңіз
-
дер. Сіздерге арызы жоқтарды шақырмай-ақ қойыңыздар.
Осында  айтылған  сөздердің  бәрі  Осман  ибн  Аф фанға  (Алла 
риза  болсын)  жеткізілді.  Халифа  оның  әмірге  бағынбайтынына, 
сүннет  пен  жамағатқа  қарсы  шыққанына  дәлел  болатындай  еш
-
нәрсе таппады. 
Бірақ бұл дұшпандық отын өшіре алмады. Амир ибн Абдуллаһ 
жайында  түрлі  сөздер  тарай  берді.  Осман  ибн  Аффан  (р.а.)  оны 
Шам еліне көшіруге бұйырды. Сондағы әкім Мұғауияһ ибн Әбу 
Суфянға оны дұрыстап қабылдап, құрметпен қарауға нұсқау берді. 
Басрадан Шамға кететін күні оның қасына көпте ген өзінің ба
-


 17 
уырлары, шәкірттері жиналып, Мирбад елді мекеніне дейін шыға
-
рып салды. Шығарып салып тұрған халыққа:   
– Мен дұға қыламын, сендер «әмин» деп қолдаңдар, – деп, қо
-
лын  жайып  дұға  қыла  бастады.  Халық  бұл  сөзін  естігенде  мой
-
ындарын созып, оның жүзіне қарағысы келді. Олардың денелері 
икемге келмей, тас тай болып қатып қалды. Тым-тырыс. Барша көз 
тек оның жүзіне қадалған.
–  Әй, Алла Тағалам! Маған кір жұқтырғысы келіп өтірік айтып, 
осы елден қуылуыма, достарыммен ажы расуға себеп болғандар
-
ды кешірдім, Сен де кешіре гөр! Оларға дін ісі мен дүние ісінде 
сәттілік бер! Мені, оларды және қалған мұсылмандарды Өз мей
-
іріміңе бөле, оларды кешір, уа, Мейірімділердің Мейірімдісі!
Көлігін Шамға бұрып аттанып кетті. 
* * *
Амир ибн Абдуллаһ қалған өмірін Шам елінде өт кізді. «Құдыс» 
мешітін  өзінің  тұрақжайы  етіп,  сонда  ғибадат  қылатын  болды. 
Оған Шамның әкімі Мұғауияһ ибн Әбу Суфян (Алла разы болсын) 
лайықты сый-құрмет көрсетті.  
Қатты  науқастанып,  бақилық  сапарға  аттанар  кезде,  жанына 
жиналған достары оның көзіне жас толғанын көрді. 
– Неге жылайсың, осылай өмір сүрдің, бар өмірің тақуалықпен 
өтті ғой, – деп жұбатуға тырысқан достарына:
– Пәни дүниені тастаймын деп, өлімнен қорқып жылап жатқан 
жоқпын.  Сапарымның  ұзақ,  мағынасының  қысқа  болғанына,  бір 
көтеріліп, бір түсіп өткен өміріме жылап отырмын. Не жәннатқа, 
не тозаққа, қайсысына барамын? – деді. 
Аузы Алланы зікір қылумен суланып, ақтық демін алды. 
Исфаханидің «Әулиелер маржаны» атты кітабында «Ол –  со
-
нау екі қыбланың біріншісі, қасиетті жерлердің үшіншісі, Алланың 
Елшісі (с.а.у.) миғражға шыққан жерде жерленді», – деп жазылды. 
Алла Тағала Амирдың қабірін жарық, жүзін жән натта жарқын 
қылсын!


 18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет