Табигиндер


МҰХАММЕД ИБН УӘСИҒ ӘЛ-ӘЗДИ



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

МҰХАММЕД ИБН УӘСИҒ ӘЛ-ӘЗДИ
  
 
Әміршілердің өзінің қарилары бар, байлардың өзінің қарилары бар. Ал Мұ-
хаммед ибн Уәсиғ, сөз жоқ, ол  –  
Рахман қариларының бірі.
(Мәлик ибн Динар)
Мұсылмандардың  халифасы  Сүлеймен  ибн  Аб дүл     мәликтің 
дәуірі. Мынау тұрған – Ислам қылыш та рының бірі, Хорасанның 
әкімі Язид ибн Әл-Мүһәлләб ибн Әбу Суфра. Шәһид болып, са
-
уапқа кенелуді армандап келген еріктілерді қоспағанда, жүз мың 
қолмен жауға қарсы асығып келеді. Парсы елінің Жүржан мен Та
-
барстан қалаларын құлдықтан азат етуге бел буған жеңілмес қол. 
Еріктілерден жиналған қолдың арасында ел арасында ғұламалар 
серісі, Басраның тақуасы атанған Мұхаммед ибн Уәсиғ Әл-Әзди 
келеді. Ол – аңсарлық сахаба, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызмет
-
шісі Әнәс ибн Мәликтің шәкірті. 
Язид ибн әл -Мүһәлләб Дихистан деген жерге тоқтады. Ол жер
-
де тұратын түркілердің тайпасы күшті, соғыс тәсілдері өте мықты 
еді.  Олардың  бұзылмас  қамалда ры,  тау-тастың  арасында  орна
-
ласқан елді мекендері соғысты қиындатып, айла-тәсілдері мұсыл
-


 111 
мандарға  өте  қиын  тиді.  Олар  шайқасты  өз  еріктерімен  бастап, 
қалаған  уақыттарында  қашып,  биік    шыңдарға  шығып,  әп-сәтте 
құтылып кететін. Немесе қамалдарына кіріп бекініп алатын. 
Мұхаммед  ибн  Уәсиғ  Әл-Әзди  бұл  шайқаста  ма ңызды  рөл 
атқарды. Ол өзінің дене пішіні жағынан жауынгерлік тұрпатқа ие 
болмаса да, жасы келіп қалғанына қарамай, мұсылман әскерлері
-
не  үлгі  бо лар  лықтай  шайқасты.  Мұсылман  жасақтары  оның  жү-
зіндегі иман нұрынан шаршаған уақыттарында қуат алып, шайқас 
уақытында жігерленді. Оның тәтті тілінен шыққан зікірден ынта 
мен ыжадағат, оларға қиыншылықта, ауыр кезеңдерде көкіректері
-
не сенім ұялатып, кеуделеріне үміт отын жағатын.
Қолбасшы шабуылды бастауға бұйрық берген кез  де Мұхаммед 
ибн Уәсиғ: 
– Алланың жауынгерлері, мініңдер сәйгүлік тері  ңе! – деп ұран
-
дататын.
Оның шақыруын естіген жауынгерлер жауға ашулы арыстандай 
шабатын. Олардың шайқас майданына ұмтылуы аңызақ шөлде су 
тапқан жолаушыны елес тетуші еді. 
Шайқастардың  бірінде  дұшпан  қолының  ішінен  арыстандай 
айбатты,  қасқырдай  қайратты,  түлкідей  епті  жауынгер  шығып, 
қылышын ары-бері сермеп, мұ сыл мандарды біраз жерге ығысты
-
рып, сұсты кей пімен үрей туғызды. 
Онымен  тоқтамай,  қайта-қайта  айқайлап  жекпе-жекке  шақы
-
рды.  Сонда  мұсылман  жігіттер  ашуға  бу лығып,  біразы  алдыға 
шықты. Солардың бірі шәйхтың алдына келіп рұқсат сұрап, дұға 
қылуды өтінді. Шәйх оған «шықпай-ақ қой» деген сыңай танытты. 
Бірақ әлгі жігіт өзіне сенімді екенін, қарсыласын қанға бояйтынын 
айтты.
Шәйх оның антын қайта қайталатып, рұқсатын бе ріп, жеңіс пен 
сәттілік тіледі. 
Екі жауынгер де өмір бойы дәл осы сәтті күтіп келгендей ар
-
палыса  кетті.  Олардың  айқасы  екі  арыс танның  таласындай  еді. 
Барлығының көзі екеуінде. Не боларын күтіп тұрды. Қылышпен, 
найзамен  жә не  шоқпармен  бір  сағаттай  шайқасып,  екеуі  де  қат
-
ты әлсіреді. Бір-біріне қатты жақындап, екеуі де бірдей бір-бірін 
қылышпен  ұрды.  Түркінің  қылышы  мұсыл манның  қалқанынан 
өтіп  барып,  дулығасына  тіреліп,  ағашқа  қадалған  балтадай  кірш 
ете қалды. Ал, мұ сылманның қылышы түркінің дулығасынан өтіп 


 112 
басын қақ айырды. Мұсылман жігіт өз сабына жеңіспен оралды. 
Бұл  көрініске  бәрі  таң  қалысты.  Екі  қылыштың  бірі  қолында, 
одан қан тамып тұр, екіншісі дулығасына қадалып, күн сәулесіне 
шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. Тірі қалғанына көзі жеткен мұсыл
-
мандар «Аллау Әкбар! Әлхамдү лилләһи» деп қарсы алды. Бұл кө-
рініске таң қалған Язид ибн Әл-Мүһәлләб:
–  Мынау кім болды? Қандай шыдамды жауынгер! – деп сұра
-
стырды.
–  Ол – Мұхаммед ибн Уәсиғ Әл-Әздидің дұғасының берекесін 
алған жауынгер, – деп жауап берді.
Түркі  батыры  өлгеннен  кейін  мұсылмандар  шай қаста  басым
-
дық танытты. Үрей мен қорқыныш түркі жауынгерлерінің жүрек
-
терінде  оттай  тарады.  Мұ сылмандардың  жүрегіне  сенім  мен  ба
-
тылдық  туды.  Алланың  дұшпандарына  қарсы  шапты.  Оларды 
қор шауға алып, су мен азық-түліксіз қалдырды. Олар дың ханының 
келісімге келуден басқа шарасы қалмады. Язидке хат жазып, өзінің 
және  отбасының  қауіпсіздігі  мен  мал-жанын  сақтау  шартымен 
қарамағындағы  жер лерді  халқымен  қосып  беруге,  билік  тізгінін 
тапсыруға келісімін беретінін айтты. Язид бейбітшілік ұсынысын 
қабыл алып, 700 мың дирхам шегеріліп, 400 мың дирхамды алдын 
ала беру, зағфаран артылған 400 түйе, қолына күміс кесе ұстаған 
400 құл жіберу шарттарын қойды. Сонымен қатар мұсылмандар
-
дың әйелдеріне киім тігу үшін әрбір құлмен жібек жіберуге шарт 
қылды. 
Шайқас аяқталып, екі тарап бітімге келгеннен кейін Язид ибн 
Әл-Мүһәлләб қазына бастығына:
–  Түскен олжаны нақтылап санап шық! Әрбір адам ның ақысын 
берейік, – деді.
Қазына қызметкерлері жиналған мол олжаны санап көріп еді, 
әлдері  келмей,  мұсылмандарға  шамалап  бөліп  берді.  Олжаның 
арасынан сап алтыннан құйылған, інжу-маржанмен безендірілген, 
түрлі  өрнектер  салынған  хан  тәжі  шығады.  Мойындар  созылып, 
көздер ойнап кетті. Язид тәжді алып, көрмей қалған әскерлер көр
-
сін дегендей жоғары көтеріп:
– Осы тәжді сыйға тартсақ, алмайтын адам бар ма осы? – деп 
сұрады.
– Алла әмірді сӘлихалы қылсын! Оны кім алмауы мүмкін?!
–  Көресіңдер,  біздің  арамызда,  Мұхаммед  (с.а.у.)  үмметінің 


 113 
ішінде осы тәжді, тіптен осындай заттарға толы жер қойнауынан 
да бас тартатын адам бар, – деп көмекшісіне бұрылып:
– Мұхаммед ибн Уәсиғке осында келсін деп өтініш жаса! – деп 
бұйрық берді. 
Көмекші шәйхты іздеп, біраз кідіріп қалды. Адамдар арасынан 
аулағырақ  жерде  нәфіл  намазын  оқып,  Алладан  кешірім  сұрап, 
жалбарынып жатқан үстіне түсті. Қасына келіп:
–  Қолбасшы  сізді  іздеп  жатыр.  Біраз  уақытқа  келіп-кетуіңізді 
өтінді, – деді.
Шәйх әмірдің алдына барып, сәлемдесіп, жақын жерден барып 
орын алды. Қолбасшы тәжді қолына алып:
– Әбу Абдұллаһ! Біздің жігіттер осы тәжді олжалапты. Мұсыл
-
ман әскерлері шын көңілден осы тәжді сізге сыйлауды, яғни олжа
-
дағы сіздің үлесіңізге қосуды ұйғарды. 
– Олжадағы менің үлесіме қоспақшысың ба?
– Иә, сіздің несібеңіз.
–  Мен  оған  ешқандай  мұқтаж  емеспін.  Бәріңе 
 
рах мет!
– Алламен ант етемін, аласыз!
Ант еткеннен кейін түк демей тәжді алды да, рұқсат сұрап кетіп 
қалды. Шәйхты білмейтіндер:
– Әне, тәжді алды да кетті, – десті. 
Сонда қолбасшы құлдарының бірін шақырып алып, білдірмей 
ізіне түсуге бұйрық берді:
– Тәжге не істейтінін көр, білдіріп қойып жүрме! – деді.
Соңына  адам  түскенін  сезбеген  ғұлама  жолда  қайыр  тілеп 
тұрған сақал-мұрты өскен қайыршының «Алланың қаржысынан» 
деп сұрап тұрғанын көрді. Жан-жағына қарап, ешкімді байқамаған
-
нан кейін қа йыршыға тәжді ұстата салды. Иығындағы бір жүктен 
құтылғандай қуанып, тез жү ріп кетті. Әлгі құл қайыршыны ұстап 
алып, қолындағы тәж бен бірге қолбасшыға алып келді. Қолбасшы 
тәжді қайыршыдан алып, орнына көптеген қаражат беріп қайта
-
рып жіберді. Әскерлерге қарап:
– Сіздерге Мұхаммед (с.а.у.) үмметі ішінде осы тәжді бір тиынға 
керек етпейтін адамдар әлі бар екенін айтқан едім. Осындай кісілер 
көп, – деп жеңіп шыққандай мақтанды. 
Мұхаммед ибн Уәсиғ Язид ибн Мүһәлләбтың туы ның астын
-
да  қажылық  маусымы  жақындағанға  дейін  шайқасқа  қатысты. 


 114 
Қажылықтың басталуына аз уақыт қалғанда Язидтің алдына кіріп, 
парызды өтеуге рұқсат сұрады. Язид оған:
– Әбу Абдұллаһ! Өз рұқсатыңыз – өз қолыңызда. Қалаған уақыт
-
та кете беріңіз. Қажылыққа жұмсау үшін сізге біраз ақша бөлдік. 
– Осылай қажылыққа кеткен әрбір әскеріңізге беріп отырасыз 
ба?
– Жоқ.
– Жалпыға бірдей болмаса, өзіме арнайы бөлінген қаржыны ала 
алмаймын, – деп қоштасып кетіп қалды.
***
Мұхаммед  ибн  Уәсиғтың  әскер  арасынан  кетуі  Язид  ибн 
Әл-Мүһәлләб пен әскеріне ауыр тиді. Ол барда әскерде береке бар 
еді,  осындай  адамнан  айрылғанына  қатты  өкінді.  Парызын  өтеп 
болғаннан кейін өздерінің қатарларына келіп қосылуын тіледі. 
Мұсылмандардың  дүние  жүзіне  тараған  әскерінің  қолбасшы
-
лары оны өз әскеріне қосуға тырысатыны таң ғалаларлық жағдай 
емес. Оның өз араларында жүргенін жақсылық пен жеңістің ны
-
шаны деп қарайтын. Алла Тағаладан ғұламаның сӘлих дұғалары
-
ның берекесімен жеңіс беруін тілейтін.
Бұл  кісілер  сырт  көзге  қарапайым  көрінгенмен,  Алланың  ал
-
дында  дұғасы  қабыл  болатын,  халық  алдында  абыройлы  кісілер 
еді. 


 115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет