Табигиндер



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ОМАР ИБН АБДҮЛӘЗИЗ
Өмірінен тамаша тәмсілдер
 
 
Омар ибн Абдүләзиз зиялылар тұсында амалды ғұла малардан, әділетті 
халифалардан саналған.
(Әз-Зәһәби)
Ғибадатшыл тақуа, рашид халифатардың бесін шісі жайындағы 
сөз – миск әтірінен таза, бақша гүл дерінен әсем. 
Оның  ерекше  өмірбаяны  бақшадай,  қайда  барсаң  да  мамыр, 
жайнаған гүл, піскен жеміс. Тарихтың алғы қатардағы кітаптары
-
ның өзі толық түсіріп бітіре ал маған өмірбаянын осы кітапта қамту 
мүмкін болма ғанымен, сол бақшадағы кейбір гүлдерді бейнелеуге, 
нұрынан бір сәуле алуға тосқауыл жоқ. Өйткені «бәрін ала алмасаң 
да, біразын ал» деген сөз бар. Омар ибн Абдүләзиздің өмірінен үш 
әңгіме ұсынамыз. Алла Тағала жазса, келесі кітаптарда қалған әң
-
гімелерді айта жатармыз.
Үш әңгіменің бірін Мәдине қаласының ғалымы, қа зысы және 
шәйхы Сәләмә ибн Динар жеткізіп отыр:
Мұсылмандардың халифасы Омар ибн Абдүлә зизге Халәб ай
-
мақтарының бірі «Хунасараға» келген кезде келдім. Жасым келіп 
қалған кезім еді. Екеуіміздің кездеспегенімізге біраз уақыт өткен 
болатын. Қақ төрде отыр екен. Мәдинеде әкім болып жүрген кез
-
дегідей емес, қатты өзгеріпті, тіптен әрең таныдым. Құшақ жайып 
қарсы алды. 


 123 
– Әбу Хазим! Жақын отырыңыз! – деп ілтипат танытты.
– Әмирүл-мүминин емессің бе, Омар ибн Абдүләзиз?!
– Иә, – деп жауап берді...
– Саған не болған? Жүзің жарқын, денің сау, өмірің қызық емес 
пе?
– Иә, солай.
–  Алтын мен күмістің иесі Әмирүл-мүминин бол ған нан кейін 
сенде не өзгеріс болған?
– Менде не өзгеріс болыпты?
–  Денең  арықтап,  терің  қатайыпты.  Реңің  сарғайып,  көзіңнің 
жанары қашыпты. 
Омар жылап жіберді. 
– Мына үш жағдайдан кейін көрсең қалай болады?! Екі көзімді 
ағызып жіберсе, ішек-қарнымды ақтар са, денемді құрт жеп, ара
-
ларында жүгірсе, сен менің қазіргі күйіме де зар болып, танымай 
қалар едің. Басын көтеріп, маған қарап, былай деді: «Осы сіз маған 
Мәдинеде бір хадис айтқан едіңіз, соны қайталай аласыз ба?».
–  Әмирүл-мүминин,  саған  көптеген  хадистер  айттым,  қайсы
-
сын меңзеп тұрсың?
– Сол хадисті Әбу Һурайраһ риуаят еткен.
– Иә, есіме түсті!
–  Қайталап  айтыңызшы,  сіздің  аузыңыздан  есту  ерек ше  әсер 
береді.
– Әбу Һурайраһтың былай деп айтқанын естідім: «Алланың Ел
-
шісі (с.а.у.) былай деп айтты: «Алдарыңнан қиын, өте қауіпті өткел 
шығады. Одан арықтар өтеді».
Омар  еңіреп  жылап  жіберді.  Көз  жасын  тыймай,  қатты  жы
-
лағаннан өті жарылып кетер ме екен деп қорықтым. Кейін көз жа
-
сын сүртіп, маған қарап:
–  Сол  өткелге  дайындық  ретінде  жүдеп  жүрсем,  айыпқа  тар
-
тасың ба? Сол өткелден өте алмаймын ба деп қорқамын. Өзімді 
құтыламын деп ойламаймын, – деді. 
Ал екінші оқиғаны тарихшы Әт-Табари Әт-Туфәйл ибн Мир
-
дастан риуаят қылады:
Әмирүл-мүминин Омар ибн Абдүләзиз халифа лықтың тағына 
отырғаннан кейін Соғдияның әкі міне мына хатты жазыпты: 
«Еліңде мұсылмандарға арнайы қонақ үй сал. Өт кен-кеткен мұ
-
сылмандарды бір күн, бір түн қонақ қылыңдар. Жағдайын жасап, 


 124 
көлігін бағып беріңдер. Егер жолы ұзақ болса, екі-үш күн қонақ 
қылып, кө мектесіңдер. Жолға азығы мен көлігі болмаса, ат-түйе 
беріп, қажет нәрселерін тауып беріңдер. Еліне жеткізіп тастаңдар». 
Әкім Әмирүл-мүмининнің бұйрығын оқып, таң қалыпты. Әмір 
еткендей етіп тегін қонақ үй құрыпты. Оның хабары шартарапқа 
жайылып, Ислам әлемінің шығысы мен батысы сөз қылып, «қан
-
дай керемет әділ халифа» деп мақтапты. 
Самарқанд халқының атқа мінерлері жиналып, әкім Сүлеймен 
ибн Әбу Әс-Сәриге келіп:
– Сенен бұрын Құтәйбәһ ибн Мүслим Әл-Бахили келіп, елімізді 
шапты.  Бізге  қарсы  соғысқанда  сіздер дің  заңдарыңыздың  бірін 
де  ұстамады.  Мұсыл мандар!  Сіздер  дұшпандарыңызды  Исламға 
шақырасыздар.  Қа былдамаса,  жизя  төлетесіздер.  Оған  да  қар
-
сы шық са, соғыс жариялайсыздар. Сіздердің халифаларыңыз дың 
әділдігі  мен  ынсаптылығын  көріп,  шағымымыз ды  айтып,  барып 
қайтпақшымыз. Әкім, рұқсат етсеңіз, біз барып қайтайық. Біздікі 
хақ болса, құқығымызды қайтарып аламыз. Олай болмаса, ешкім 
тонымызды шешіп алмайды. 
Сүлеймен  оларға  Дамашыққа  халифаға  барып  қайтуларына 
рұқсат береді. Халифа орталығына барып, Омар ибн Абдүләзиз
-
бен жолығып, шағымдарын жеткізеді. Халифа олардың шағымын 
тыңдап, Сүлей мен ибн Әбу Әс-Сәриге былай деп хат жазады:
«Осы хатымды алған күннен бастап, осылардың шағымдарын 
қарайтын қазы тағайында. Қазы олар дың құқықтарын қолдаса, мұ
-
сылман әскерлерін қала лары нан шығар. Сонымен қатар, сол жер
-
лерден мұсылман дар да көшсін. Барлығы Құтәйбәһ ибн Мүслим 
Әл-Ба хили азат етіп, үлгермеген жерге дейін шегінсін». 
Дамашықтан қайтқан топ жетісімен Самарқанд тың әкімі қазы
-
лардың қазысы Жумәйғ ибн Хадир Ән-Нә жиді олардың ісін қара
-
уға қазы қылып тағайындайды. Арыздарын тексеріп, жан-жақты 
сұрастырады.  Мұсыл ман  дардың  әскері  мен  сардарларын  сотқа 
шақырып, куәліктерін тыңдайды. Олардың айтқандары рас болып 
шығады. Сотта самарқандтықтар жеңіп шығады. 
Әкім  мұсылмандардың  әскеріне  шегінуге  бұйырып,  қосын
-
дарға барып тұруға бұйырады. Олардың еліне қайтадан соғыспен 
немесе  бейбіт  келісіммен  кіруіне  рұқсат  береді.  Қайта  соғысып 
жеңіп  алмаса,  ол  жерлер  мұсылмандардың  қарамағына  кірмей
-
ді.  Самарқандтың  ұлықтары  мұсылмандардың  бас  қазысының 
шығарған үкімін естіп, бір-біріне:


 125 
– Қызықсыңдар! Олармен араласып жүріп, елдеріңе кіргізіп ал
-
дыңдар. Олардың мінез-құлықтарын, әділет шілдігін және басқа да 
шындықтарын  көрдіңдер.  Оларды  жібермеңдер.  Жақсы  қатынас 
жасаңдар. Өздеріңдей көріңдер, – деседі. 
Үшінші  оқиғаны  Ибн  Абдүлхәкәм  «Омар  ибн  Әбдүләзиздің 
өмірі» атты кітабында айтады:
Омар ибн Әбдүләзиз әл үстінде жатқанда, Мәсләмәһ ибн Әбдүл
-
мәлик кіріп:
– Әмирүл-мүминин! Осы мал-мүліктен балалары ңыз ды қалыс 
қалдырдыңыз. Маған немесе әулетіңіздің біріне өсиет етсеңіз. 
Сонда Омар:
–  Мені  отырғызыңдар!  –  дейді.  Отырғызғаннан  ке йін  сөзін 
жалғастырады:
–  Сенің  әңгімеңді  тыңдадым.  Балаларыңды  осы  мал-мүлік
-
тен қалыс қалдырдың деген сөзіңе айта рым, олардың құқы болса 
ешқашан ауыздарынан жырған емеспін. Оларға құқығы жоқ нәр
-
сені бермедім. Ал оларға қамқоршы болуға маған немесе әулетің
-
дегі қалаған адамыңа өсиет ету жайындағы өтінішіңе орай айта
-
рым, оларға өсиетшім де, қамқоршым да – Кітап ты шындықпен 
түсірген Алла Тағала. Ол сӘлихтар ға Өзі көмектеседі. Мәсләмәһ, 
біліп ал! Балаларым мына екеуінің бірі болады. Не – СӘлих (ізгі), 
Алладан  қорқатын.  Оларды  Құдайдың  өзі  байытады,  бір  шығар 
жол тауып береді. Не – ТӘлих (жаман), күнәға батқан жан. Алла 
Тағаланың қойған шегінен шығуға ақшалай көмектесетін бірінші 
адам болғым  келмейді. Менің  балаларымды шақырың дар! –  деп 
балаларын  шақыртқызды.  Балаларының  саны  он  тоғыздай  еді. 
Оларды көргенде көзіне жас келіп: «Бұларды мен жап-жас күйінде 
тақыр кедей қылып тастап барамын», – деп іштей жылады. Оларға 
қарап: «Балаларым! Сендерге көп жақсылық қалдырдым. Сен  дер 
қай мұсылманның немесе мұсылмандар арасында тұ ратын басқа 
дін өкілдерінің жанынан өтсеңдер, олар сендерге қарыздар екенін 
айтады. Балаларым, сендер дің алдыларыңда екі таңдау тұр, бірі – 
байып, әкемізді тозаққа кіргіземіз, екіншісі – кедей күйімізде қа
-
лып, әкемізді жәннатқа кіргіземіз деген таңдау. Сендер әкелеріңнің 
тозаққа кіруін байлықпен айырбастамайтын шығарсыңдар»,– дей
-
ді.  
Кейін оларға жаны ашып:
– Тұрыңдар! Алла сендерді күнә істерден сақта сын! Тұрыңдар, 


 126 
Алла сендерге ырзық берсін! – деді. Сонда Мәсләмәһ оған қарап:
– Әмирүл-мүминин! Менде одан артық нәрсе бар.
– Не ол?
– Менде 300 мың динар бар. Саған берейін, бала ларыңа бөліп 
бер, қаласаң, садақа қыл. 
– Сол артық па, ей, Мәсләмәһ?
– Не ол?
– Кімнен алдың, соған апарып бересің. Сол ақшаны алуға құқың 
жоқ сенің. 
Сонда Мәсләмәһ:
– Алла өмірде және ақыретте сізге мейірім етсін. Әмирүл-мү
-
минин, біздің қатып қалған жүректері міз ді жібітіп, ұмытқан құн
-
дылықтарды еске түсірдің. Сәлихтардың тарихында мәңгі қалдың.
Тарихшылардың айтуынша, кейін Омар ибн Әбдү ләзиздің бала
-
ларының ешқайсысы кедейшілік көрмей өмір сүріпті. Алла Тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет