Табигиндер



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

АУЫС ИБН КӘЙСӘН
Оның әкім Мұхаммед ибн Юсуф Әс-Сақафимен  
болған хикаясы
«Тауыс ибн Кисән сияқты адамды көрмедім»
(Амр ибн Динар).
Тура жол жұлдыздарының елу жұлдызынан нәр алды. Оған нұр 
түсті. Жүрегі мен тілі нұрлы болды. Алдында нұр жүрді. 
Ол  –  Мұхаммед  (с.а.у.)  мектебінің  елу  ғалымының  қо лында 
оқыған түлек. Олай болса, ол – Иман, шын дық, дүние қызық та-
рынан  бас  тарту  және  Алланың  ризашылығына  бері лу,  қандай 
жағдайда  да  шындықты  айту  тұрғысынан  сахабалардың  айнасы 
екен. Мұхаммед (с.а.у.) мектебі оған діннің насихат екенін, Алла 
үшін, Пайғамбары (с.а.у.) үшін және мұсылмандардың басшыла
-
ры мен бұқарасы үшін уағыз екенін үйретті. Өмір тәжірибесінен 
көңіліне түйгені сол – сӘлихалықтың басы басшылықтан баста
-


 135 
лып, сонда бітетініне көзі жетті. Ізгілік атаулының бәрі де басшы
-
дан басталатынын оған, тәжірибе көрсетті.
Бұл – Зәкуән ибн Кәйсән, ел арасында «Тауыс»
1
  деген лақаб 
атпен белгілі, Иемен тұрғыны, ғұламалар серкесі. 
Сол  заманда  Иеменнің  әкімі  Әл-Хәжжәждың  іні сі  Мұхаммед 
ибн Юсуф Әс-Сақафи еді. Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйрдің көтерілісін 
басқаннан кейін жағдайы жақсарған, ықпалы ұлғайған Әл-Хәжжәж 
інісін Иеменге әкім қылып тағайындаған. 
Інісі Әл-Хәжжәжға жаман жағынан тартып, жақсы сипаттардан 
жұрдай еді. Қыстың суық күндерінің бірін де таңертең алдына Та
-
уыс ибн Кәйсән мен Уәһб ибн Мүнәббиһ  кіреді. Мәжілістен орын 
алған нан  кейін  Тауыс  оған  уағыз  айтып,  адамдар  алдында  жақ
-
сылыққа үндеп, жамандықтан тиюға шақырады. Уағыз барысында 
әкім көмекшілерін шақырып алып:    
– Мына кісіге шапан жабыңдар! – дейді. 
Көмекші қымбат бағалы шапан алып келіп, ғұла маның иығына 
жабады. Уағыз  айтып  отырып,  ақырын  иығын  қимылдатып,  ша
-
панды түсіріп тастап, уағыз бітісімен атып тұрып, кетіп қалады. 
Оған Мұхаммед ибн Юсуф қатты ашуланып, көзі қызарып, жүзі 
сұрланып, ешнәрсе айта алмайды.
Досы екеуі сыртқа шыққанда Уәһб оған:
– Енді оның ашуына тиюің ғана қалып еді. Шапанды ала сал
-
саң, нең кетер еді?! Сатып жіберіп, ақшасын кедейлерге садақа қы
-
лар едің. 
– Солай дейсің бе? – деп жауап қайырады Тауыс, – Осыдан соң 
басқа ғалымдар не дейді?! «Тауыс алды ғой, біз де алып кете бе
-
рейік» демей ме?! Олар кейін маған айтқан өтінішіңді орындамай
-
ды ғой.
Мұхаммед ибн Юсуф осының қарымтасын қайтару үшін бір тұ
-
зақ құрып, айла табады. Бір дорбаға жеті жүз динар алтын салып, 
қарамағындағы кісілердің ең алғырын шақырып алып:
–  Мына  алтынды  Тауыс  ибн  Кәйсәнға  алып  бар.  Бар  ай
-
ла-тәсіліңді  қолданып,  оны  алуға  мәжбүрле.  Алса,  саған  үлкен 
сыйлығым бар. Өзіме жақын тұтып, мерейіңді көтеремін.
Әлгі  кісі  дорбаны  алып,  Тауыс  тұратын  Сана  қа ла  сының  жа
-
нындағы  Жәнәд  ауылына  барады.  Сә лемдесіп,  асты-үстіне  түсіп 
жағымпазданып:

Араб тілінде ғұламаларды осы құспен теңестіреді.


 136 
– Әбу Абдуррахман! Сізге мына қаржыны әкім беріп жіберді, 
– дейді.
Мен оған мұқтаж емеспін, – деп жауап береді ол. 
Сонда әлгі кісі бар айла-тәсілін қолданса да, әлгі алтын ақша
-
ларды алдыра алмай қояды. Алдыру үшін барлық дәлелін, себебін 
алға тартады. Амал тап паған нан кейін Тауыс аңғармай тұрғанда 
үйдің қабыр ға сындағы қуысқа дорбаны тастап кетеді.. Әкім ге қай
-
тып келіп:
– Тауыс дорбаны алды, – деп сүйінші сұрады. Қуан ған Мұхам
-
мед оған ешнәрсе айтпайды.
Біраз күн өткеннен кейін Мұхаммед ибн Юсуф екі көмекшісі 
мен дорбаны апарып берген кісіні шақырып алып, «өткенде бер
-
ген қаржыны жаңылысып беріп жіберіпті, қайтадан алып келуге 
бұйрық берді» деп Тауыстан ақшаны қайтаруға әмір береді. Олар 
барып Тауысқа «ақшаны қайтарыңыз» дегенде:
– Мен әкімнен ақша алған емеспін қайтарып бере тіндей, – деп 
әлгі кісіге қарап, – Сенен бір нәрсе алдым ба? – деп сұрайды.
– Жоқ, мен мына қуыстан ішке қарай салып жібердім, – дейді 
сасып, жүрегі кеудесінен шығып кете жаздап.
– Екеуің қуысты қараңдар! – дейді Тауыс.
Олар  қуысқа  үңілсе,  әлгі  дорба  сол  күйі  жатыр  екен.  Үстіне 
өрмекші торын тоқып үлгеріпті. Екеуі дорбаны алып, әкімге әкеп 
береді. 
Алла Тағала тарапынан Мұхаммед ибн Юсуфке осы арамдығы 
үшін берілген жаза іспетті бір оқиға болады. Мұхаммед ибн Юсуф 
адамдардың көзінше масқара болыпты. 
Тауыс ибн Кәйсән былай дейді:
Меккеге  қажылық  жасап  барғанымда  Әл-Хәжжәж  ибн  Юсуф 
Әс-Сақафи шақырып алды. Төрге отырғы зып, қолтығыма өзі жа
-
стық  қойды.  Қажылық  жайында  көптеген  сұрақтар  сұрады.  Сол 
кезде Қағбаның қасында «Ләббәйкә, Алла, ләббәйк!» деп айқайлап 
жүрген адамның даусы естілді. Оның даусы өте әсерлі, жүректерді 
жібітіп ерітердей еді. Әл-Хәжжәж оны алдына алып келуді бұйы
-
рды. 
– Кімненсің? – деп сұрады келген кісіге.
– Мұсылмандарданмын, – деп жауап берді.
– Оны сұрап тұрған жоқпын. Елің?
– Иемен.


 137 
– Әкімдерің қалай?
–  Ол  –  ұлы,  ірі,  киініп,  ішіп-жейді.  Кіріп-шығып,  ел  аралап 
жүреді. 
– О жағын емес, басқа жағын айт.
– Қай жағын айтайын?
– Халықпен қатынасы қалай?
–  Ынсапсыз  залым.  Жаратылғанға  бойұсынып,  Жа ратушыға 
қарсы іс істейді. 
Әл-Хәжжәж қасында отырғандардан ұялып, беті қызарып кетті. 
Әлгі кісіге:
– Оның менің алдымдағы орнын біле тұра, солай айтуға қалай 
дәтің барды? – деп сұрады.
– Оның сенің алдыңдағы орны, менің Алла Тағаланың алдын
-
дағы орнымнан артық деп ойлайсың ба? Мен Оның үйіне келдім, 
Пайғамбарына сендім, борышымды өтедім. 
Әл-Хәжжәж не дерін білмей қалды. 
Көп  кідірмей,  әлгі  кісі  шығып  кетті.  Рұқсат  та  сұрамады. 
Іле-шала шығып, адамдар арасында жоға лып кетпей тұрғанда, ба
-
рып танысып алайын деген оймен ізіне түстім. «Бұл – сӘлих адам» 
деп ойладым ішім нен. Айтқанымдай, ол барып Қағбаның қасына 
келіп, Алланың үйінің жабуынан ұстап, бетін қабырғасына тақап, 
былай деп дұға қылды:
– Алла Тағалам! Сенен пана іздеймін, қорғай көр! Алла Таға
-
лам!  Сенің  жақсылығыңда  жүрегім  тынышталсын,  сараңдардың 
бермеуінен,  өзін  сүйерлердің  қо лын дағысына  зәру  етуден  алшақ 
қыл! Өзіңнің ке піл дігіңе разы болайын. Алла Тағалам! Жақын кө-
мегіңді, көне жақсылығыңды сұраймын! Жақсы әде тіңе мұқтаж
-
бын!  
Кейін қажылардың толқыны алып кетіп, бұл күн нен кейін оны 
көре алмайтыныма көзім жетті. Алайда Арафат қарсаңында көріп 
қалдым. Қасына жақын дағанымда, былай деп дұға қылып жатқа
-
нын естідім:
– Алла Тағалам! Қажылығымды, шаршап-шал  дық қанымды қа
-
был алмасаң, менен қабылдамай қойғаның үшін қайғырғанымның 
сауабынан айырма!
Кейін адамдар ығы-жығы боп жатқан көпшілік арасына кіріп, 
қараңғыда ғайып болып кетті. Оны іздеп табудан үмітім үзілгеннен 
кейін былай дедім:


 138 
–  Алла  Тағалам!  Дұғамды  және  оның  дұғасын  қабыл  ет! 
Мінәжәтыма, оның мінәжәтына жауап бер! Аяқ тар таятын күнде 
аяғымызды берік ете гөр! Кәусар бұ лағының жанында жүздестір, 
уа, Кәрімдердің Кәримі!
Алла Тағала ғұламалардың серкесін бақи жәннатқа кіргізсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет