РАЖӘ ИБН ХАЙУАҺ
«Киндада үш кісі тұрады. Алла солар үшін жаңбыр жаудырады, жауға
қарсы соғыста же ңіске жеткізеді. Солардың бірі – Ражә ибн Хайуаһ».
(Мәсләмәһ ибн Абдүлмәлик)
Тәбиғиндердің дәуірінде үш тұлға болды. Сол ғасырдағы
адамдар үшеуін біздің бағымызға туған үш дара тұлға деп сана
-
ды. Олар өзара уәделесіп бір уақытта дүниеге келген жандар си
-
яқты еді. Олар – заманының күні, дәуірінің айы еді. Ақиқатты ту
етіп ұстады және сабырмен кеңес қылды. Жақсылық пен игілікке
шақырды. Бар ғұмырын тақуалықпен, біліммен өткізді. Өмірлерін
75
Алланың, Пайғамбарының (с.а.у.) және мұсылмандардың қызметі
-
не арнады. Олар:
Иракта – Мұхаммед ибн Сирин;
Хижазда – Әл-Қасим ибн Мұхаммед ибн Әбу Бәкір;
Шамда – Ражә ибн Хайуаһ.
Олай болса, осы берекелі заманда өмір сүрген үш тұлғаның
үшіншісінің өміріне үңілейік.
Ражә ибн Хайуаһ Палестина елінің Бисан деген қа ласында
өмірге келді. Халифа Осман ибн Аффан ның (р.а.) билігінің соңғы
жылдарында дүние есігін ашты. Арабтың «Киндәһ» руының ұлы.
Демек, Ражәның кіндік қаны тамған жері – Палестина, руы – Кин
-
дәһ, ұлты – араб.
Киндалық жігіт бала күнінен тақуа болды. Алла оның бойына
жақсы қасиеттер берді. Ел жұртқа сыйлы болды. Жастайынан зе
-
рек өсіп, білімге құ мартты. Білім оның таза көкірегінен бос орын
тауып, берік орналасты. Бар ақыл-ойы – Алланың кітабын жетік
білу, хадистерін барынша көбірек жаттау болды. Ой-пікірі Құран
нұрымен нұрланып, ақыл-парасаты Пайғамбарлықтың жарығымен
жарқырады. Көкірегі уағыз-насихатпен толды. Оның өмірі «Кімге
даналық берілсе, оған көп көп жақсылық берілді» дегеннің мыса
-
лы еді.
Ол ұлығ сахабалардан білім алды, хадис үйренді. Атап айтқан
-
да: Әбу Сағид Әл-Худри; Әбүддарда; Әбу Умәмәһ; Убәдәһ ибн
Әс-Самит; Мұғауияһ ибн Әбу Суфян; Абдуллаһ ибн Амр ибн Әл-
Ас; Ән-Нуас ибн Сәмған және т.б.
Олар жас баланың өмірлік жолында шамшырақ болып, білім
жолында бағыт-бағдар берді.
Осындай бақытты жас бір қағиданы өмір бойы ұстанып, оны
ұран қып айтып жүрді:
Иман безендірген Ислам қандай әдемі!
Тақуалық безендірген Иман қандай әдемі!
Ғылым безендірген Тақуалық қандай әдемі!
Амал безендірген Ғылым қандай әдемі!
Адамгершілік безендірген Амал қандай әдемі!
Ражә ибн Хайуаһ Үмәйяһ әулетінің көпте ген халифаларының
уәзірі болып қызмет атқарды. Абдүл мә лик ибн Мәруәннан бастап
Омар ибн Абдүлә зизге дейін кеңесші болып жұмыс істеді. Бірақ
Сүлей мен ибн Аб дүл мәлик пен Омар ибн Абдүләзиз екеуімен
76
қатына сы басқа халифаларға қарағанда ерекше еді. Үмәйяһ хали
-
фаларының жүректеріне жақын болуына септі гін тигізген – оның
пікірінің «ражих»
1
болуы, сөзінің шындығы, ниетінің таза лығы,
мәселелерді шешкенде даналығы болды. Және осы сипаттарын то
-
лықтырған ізгі қасиеті – дүниеге және билікке қызығушылығының
жоқтығы еді; халифа тардың қолындағы байлыққа қызықпады, еш
-
кімге жағымпазданбады.
Оның Үмәйяһ халифаларымен ынтымақтастығы – олар үшін
Алла берген мейірім, үлкен сый болып табылатын. Ол үнемі олар
-
ды жақсылыққа шақырып, жол көрсетіп, бағыт-бағдар беретін. Жа
-
мандықтан тыйып, зұлымдық есіктерін жауып жүретін. Ақиқатқа
көздерін ашып, шындықпен жүруге үйрететін. Жақсылық жолын
баса айтып, жамандыққа тыйым салатын. Оларға Алла ризалығы,
Пайғамбар (с.а.у.) шапағаты және жалпы мұсылмандардың мүд
-
десі үшін насихат жасады. Оның халифалармен араласып, олар
-
дың тұсында қызметте көтерілуіне мынадай оқиға септігін тигіз
-
ген екен. Оны ол былай деп баяндайды:
Сүлеймен ибн Абдүлмәликпен бірге адамдардың арасында
тұрдым. Көпшіліктің арасынан бір кісінің бізге қарай беттегенін
көрдім. Оның келбетіне сүйсініп, қандай келіскен кісі еді деп қа
-
рап қалдым. Кептелісте қысылғанына қарамай жылжи бергеніне
қарағанда, оның халифаға келе жатқанын жүрегім сезді. Қарап
тұрғанымда, менің жаныма да жетті. Қасыма келіп, маған былай
деді:
– Әй, Ражә! Мына кісімен жүргенің саған үлкен сынақ, – деп
халифаны көрсетіп, сөзін жалғастырды, – Оған жақын болу үл
-
кен жақсылық, немесе үлкен қатер. Жақындығыңды өзің үшін
де, ол үшін де, халық үшін де пайдалы қыл. Біреуге билік беріл
-
се, сол билік арқылы ол шарасыз, мұқтаж жандарға көмектессе,
Алла Тағала да қиямет күнінде есептескенде, оның қадамын берік,
есебін жеңіл қылады. Әй, Ражә! Кімде-кім мұсылман бауырына
көмегін тигізер болса, Алла оған көмек етеді. Алла Тағалаға ең
сүйікті істердің бірі – мұсылман адамның жүрегіне қуаныш енгізу.
Осылайша оның айтқан сөздеріне қатты ойланып, тағы да уағыз
айтады деп күтіп тұрғанымда, мені халифа іздеп жатқанын естідім.
«Мен мұндамын» деп жауап бердім. Менен халифа бір нәрсе сұра
-
1 Әр түрлі пікірлердің арасында дұрысырақ, қонымды болып шығу.
77
ды. Оның сұрағына жауап қайырып бола беріп, жан-жағыма қарап,
әлгі кісіні таппай қалдым. Айналаны іздеп зыр жүгіріп, ізін де тап
-
падым.
***
Ражә ибн Хайуаһтың Үмәйяһ әулетінің халифа ларымен кеңе
-
скенде шындықты бетке айтуымен тарих беттеріне жазылып, осы
күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді.
Бір күні Абдүлмәлик ибн Мәруанның мәжілісінде отырған кез
-
де, халифаға бір кісі туралы: «Үмәйяһ әулетіне теріс ниетті, Ибн
Әз-Зүбәйрмен (Абдүл мәлик ибн Мәруанның бақталасы) тілеулес,
оған үнемі кө мек- тесіп жүреді деген сияқты жаман сөздер айтып,
оның істеген, істемеген істерін алға тартады. Мұны естіген хали
-
фаны ашу-ыза кернейді. Халифа сонда «Алла Тағала соны қолыма
түсірсе, басын аламын» деп ант ішеді. Көп ұзамай әлгі кісі хали
-
фаның қолына түседі. Алдына сүйрелеп алып келгенде, Ражә хали
-
фаның көзінен ашу-кектің ызғарын көрді. Сонда Ражә ибн Хайуаһ
орнынан тұрып, халифаға былай дейді:
– Алла Тағала сені жақсы көріп, құдіретті билік берді. Сен де
Алланың сүйікті ісі – кешірім беріп, мейірбандық жаса! – деді.
Халифа кенеттен сөзге тоқтап, ашу-ызасы басылып, әлгі кісіні
кешіріп, босатады.
***
Һижраның 91 жылы Уәлид ибн Абдүлмәлик Ражә ибн Хайу
-
аһпен бірге қажылыққа барды.
Олар Мәдине қаласына келіп Омар ибн Абдүләзиз бен бірге
Пайғамбар (с.а.у.) мешітін тамашалап, оны
көркейте түсу жайын ойластырды. Халифа мешітті екі жүз
құлашқа кеңейтуді ұйғарды. Дұрыстап жобалау үшін адамдар
мешіттен шығарылды. Күзетшілердің Сағид ибн Әл-Мүсәйябты
ғана шығаруға дәттері бармады. Сол кездегі Мәдиненің әкімі Омар
ибн Абдүләзиз бір кісіні жіберіп, «Басқалар шыққандай шыға тұр
-
саңыз» деп өтініш жасайды. Сағид ибн Әл-Мүсәйябтың сондағы
айтқаны:
– Күн сайынғы мешіттен шығатын уақытымда ғана шығамын.
– Тұрып, мұсылмандардың әмірімен амандас са ңыз?
– Мен бұл жерге әлемдердің Иесінің алдында тұруға келдім.
Елшімен болған сұхбат жайынан хабардар Омар ибн Абдүлә
-
78
зиз халифаны алып, мешіттің басқа жа ғына кетті. Ражә да хали
-
фаны басқа әңгімемен айналдырып, Сағид ибн Әл-Мүсәйябты
еске түсірмеуге тырысты. Өйткені халифаның қаталдығын жақсы
білетін. Сонда да Уәлид:
– Анау қай шәйх? Сағид ибн Әл-Мүсәйяб емес пе? – деп сұра
-
ды. Сонда екеуі оның білімін, тақуалығын айтып мақтады.
– Сіздің осында екеніңізді білгенде, келіп сәлем берер еді, бірақ
көзі нашар көреді, байқамай отыр, – деді.
– Мен оның сендер айтқан жағдайын жақсы білемін. Оған өзіміз
барып, сәлем бергеніміз дұрыс, – деді халифа. Олар қасына барып
сәлем берді.
– Шәйхтың жағдайы қалай? – деп амандық сұрады халифа.
– Алланың нығметімен, Оған шүкір әрі мадақ, міндеттің бәрі –
Соныкі, – деп жауап берді орнынан қозғалмай, – Мұсылмандардың
әмірінің жағдайы қалай?
– Алла оған Өзі сүйетін және риза болатын істерде сәттілік бер
-
сін.
Уәлид кетіп бара жатып:
– Бұл қалған адамдар – осы үмметтің бұрынғы айтулы тұлғала
-
рының соңғы тұяқтары, – деді.
* * *
Халифа билігі Сүлеймен ибн Абдүлмәликке көш кен кезде Ражә
ибн Хайуаһтың мәртебесі бұрын ғы сынан да өсе түсті. Сүлеймен
оған қатты сенетін, оған арқа сүйейтін және әрбір істе онымен
ақылдасатын. Сүлейменнің басында болған қызықты оқиғалар
көп.
Бірақ олардың ішіндегі Ислам мен мұсылмандар үшін ең маңы
-
здысы – тақ мұрагерін таңдау мәселесінде Омар ибн Абдүләзиз
-
ді тағайындауға еткен ықпалы болатын. Өзінің айтуынша былай
болған екен:
99 жылдың сапар айының 9 жұлдызы, жұма күні Әмирүл-мү
-
мининмен бірге Дабиқ қаласында болдық. Дабиқ қаласы Шам
-
ның Халәб қаласының жанын дағы бір шағын қалашық бола
-
тын. Бауыры Мәсләмәһ ибн Абдүлмәликтің қолбасшылығымен
Константи но польге үлкен әскер жіберген еді. Оған қоса
ұлы Дәуід пен көптеген жақын туыстарын жіберді. Сон-
да ол Константинопольдің құлағаны жайында хабар естірмін, не,
79
осы Дабиқ мекенінде өлермін деген ұйғарымға келді. Осы елді ме
-
кеннен шықпауға бел буды. Жұма уақыты жақындағанда халифа
жасыл шапанын киіп, жасыл сәлдесін орап, айнаға қарап, өзінің
әлі жас екенін байқап, өзіне-өзі таңданды. Сол кезде қырық жаста
еді. Халықпен бірге жұма намазын оқуға шығып, сол жерден қатты
ауырып қайтты. Ауруы асқынып, күннен күнге жегідей жей баста
-
ды.
Бір күні оған кірсем, қолына қалам алып, бір нәрсе жазып отыр
екен.
– Сен не жазып отырсың? – деп сұрадым.
– Әйубты мұрагерім етіп тағайындау жайында өсиет жазып
отырмын.
– Әмирүл-мүминин! халифаны қабірінде қор ғайтын, Раббысы
-
ның алдында ақтайтын іс – сӘлих адамды халыққа халифа етіп
қалдыру. Ұлыңыз әлі бӘлиғатқа да толмаған. Оның сӘлих болары
немесе бұзақы болары белгісіз.
– Бірақ мен жазып қойдым. Мен Алла Тағалаға истихара
1
оқиын.... Бірақ оған бел бумадым, – деп үкімін жыртып тастады.
Бірнеше күн өткеннен кейін мені шақырып алып:
– Ұлым Дәуід жайында қалай ойлайсыз? – деп сұра ды.
– Ол қазір Константинопольде ғой. Оның тірі немесе өлі екенін
білмейсіз.
– Онда кімді лайық деп ойлайсыз?
– Өзіңіз ғана шешесіз, – деп жауап бердім. Ондағы мақсатым –
айтқан адамдарынан бас тартқызып, Омар ибн Абдүләзизді тағай
-
ындату.
– Омар ибн Абдүләзиз ше? – деп сұрады ең со ңында.
– Менің білуімше, ол – ақылды, кемел және діндар жігіт.
– Иә, солай! Ол сондай, – деп құптап, бірақ оны та ғайындасам,
Абдүлмәликтің ұлдары шеттетіліп қа лып, кейін Абдүләзиз ұр
-
пақтары оларды билікке жолатпайтын болады. Осылайша бүлік
шығып кетуі мүмкін.
– Сен Абдүлмәлик ұлдарынан біреуін тақ ханзадасы етіп тағай
-
ындап, билікті бөліп беруіңе болады.
– Иә, дұрыс айтасың. Сонда олар қарсы шықпайды. Сөйтіп ты
-
нышталады, дау да тумайды, – деп мына өсие тін жазды:
1 жөн сұрау намазы, жақсылық тілеу.
80
«Мейрімді және Рахымды Алланың атымен!
Бұл өсиет Алланың құлы, мұсылмандардың әмірі, Сүлеймен
ибн Абдүлмәликтен Омар ибн Абдүләзизге.
Мен өлгеннен кейін Омар ибн Абдүләзиз халифа болады. Одан
кейін Язид ибн Абдүлмәлик болады.
Оны тыңдап, бағыныңдар! Алладан қорқыңдар! Өзара даулас
-
паңдар, сендердің араларыңдағы талас-тар тысты билікке дәметіп
жүргендер пайдаланып ке теді», – деп хатты аяқтап, маған ұстатып,
жендеттердің бас тығы Кәғб ибн Хамизды шақыртты.
– Ағайын туыстарымды шақырыңдар, жиналсын! Оларға бы
-
лай деп айт: «Ражә ибн Хайуаһтың қолын дағы хат – Халифаның
өз қолымен жазылған хат, онда жазылғандарға бағынамыз деп ант
етіңдер» деп әмір бер, – деп бұйырды.
Халифаның бауырлары жиналғаннан кейін оларға былай деп
айттым:
– Бұл – Халифаның жазған өсиеті. Онда өзінен кейін халифа
-
лыққа кім лайық екенін жазған. Осы хатта жазылған тұлғаға сенім
антын алуды бұйырды.
Олар «Әмирүл-мүмининге бағындық, сенім біл дірдік» деп ант
ішіп, бір-бірлеп келіп қолымды алды. Олар Әмирүл-мүмининге
кіріп сәлем десіп шығуға рұқсат алып беруді өтінді. Рұқсат алып
бергеннен кейін олар халифаның алдына кірді. Сонда халифа
оларға:
– Ражә ибн Хайуаһтың қолындағы хат – менің өз қолыммен
жазған өсиетім. Онда менен кейін халифалық кімге тапсырылаты
-
ны және одан кейін де кім болатыны жазылған. Мен тағайындаған
адам ға ба ғыныңдар, тыңдаңдар! «Осы өсиетте аты атал ған дар ға
бағынамыз» деп ант етіңдер!
Әр қайсысы бір-бірлеп келіп, халифаның қолын сүйіп ант ете
бастады. Кейін хатты мөрлеп, сарайдан шықтым. Онда кімдердің
аты аталғанын халифа екеуімізден басқа ешкім білмейді. Адамдар
тарасымен-ақ, Омар ибн Абдүләзиз келіп, маған былай деді:
– Әй, Әбу Әл-Миқдәм! Әмирүл-мүмининнің маған деген көзқа
-
расы дұрыс, үнемі сыйлап, қатты құрмет тейді. Осыған байланы
-
сты, осы хатта мен туралы жазып жүрмесе болды. Алла үшін, хат
-
та маған қатыс ты нәрсе болса айтыңыз, тым кеш болмай тұрғанда,
Әмирүл-мүмининге барып алғызып тас тайын, – деп жалынды.
– Жоқ, уаллаһи, осы хатта жазылғандардың бір әрпі туралы да
81
адам баласына тіс жарушы болмаймын, – деп айтқанымда, жалт
бұрылып, ашуланып кетіп қалды.
Біраз уақыттан кейін Һишәм ибн Абдүлмәлик кел ді.
– Әбу Әл-Миқдәм! Сіз бен біздің арамызда бұрын нан келе
жатқан достық қарым-қатынас бар. Әмирүл-мүмининнің хатында
не жазылғанын айтсаңыз, сізге үлкен алғыс айтар едім. Егер ха
-
лифалық маған тиетін болса, ешкімге айтпаймын. Ал, басқа біреу
жазылған болса, барып халифамен сөйлесемін. Мен сияқтыларды
биліктен алыстату дұрыс емес.
– Әмирүл-мүминин сеніп тапсырған құпияны еш кім ге де айт
-
паймын, – деп қайтарып тастадым.
– Мен болмасам, кім болады екен? халифа Абдүл мәлик ұлда
-
рынан шыға ма? Мен ғой Абдүлмәлик ұл дарының басы, – деп бар
-
мағын тістеп кете берді.
Кейін хал үстінде жатқан Сүлейменге кірдім. Жан тапсырғалы
жатқан болса, жүзін қыблаға қаратайын дедім. Сонда ол:
– Әлі келмеді, – деп күбірледі. Осылай екі рет жүзін қыблаға
қаратып, куәлігін айтып, мәңгілікке жіберейін деп ұмтылдым.
– Қазір, Ражә! Бір нәрсе жасаймын десең, жасай бер, – деді ол.
Жүзін қыблаға бұрғанымда:
– Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның Пайғамбары екені
-
не куәлік беремін, – деп, соңғы демін алды.
Көздерін жауып, жасыл матамен үстін жаптым. Есікті жауып,
далаға шықтым. Сонда әйелінің малайы кіріп шығуға рұқсат сұрап
келіп тұр екен. Есікті қайта ашып, малайға: «Қара, ұйқысыз түн
-
дерден кейін қатты ұйықтап жатыр, мазаламай-ақ қойған дұрыс»
деп айтып, бара бер дедім. Барып, менің осы айтқанымды жеткіз
-
генде, менімен келісіп, келмеуге ұйғарыпты.
Кейін есікті тас қылып жауып, өзім сенетін күзет шілердің бірін
отырғызып, мен келгенше орнынан қозғалмауға, кім болса да кір
-
гізбеуге бұйырдым.
Адамдар жолда халифаның жағдайын сұрасты. «Ауырғалы бері
тап осындай тыныш ұйықтаған емес» деп жауап бердім. Бәрі де
«Аллаға шүкір» деп тарас ты. Кейін Кәғб ибн Хамизды шақыр
-
тып, халифаның туысқандарын Дабиқ мешітіне шақыруға бұйрық
бер дім. Халифа үйінің адамдары бірі қалмай келді. Олар ға:
– Әмирүл-мүмининнің хатында аты жазылғандарға сенім біл
-
діріңдер, – дедім. Олар:
82
– Тағы да сенім білдірдік, – деп жауап берді.
– Мөр басылған хатта жазылған адамдарға бағы намыз деп ант
етіңдер. Бір-бірлеп ант етіңдер. Бұл – Әмирүл-мүмининнің бұй
-
рығы, – деп қайталап, бір-бірлеп ант-су ішкіздім. Мәселенің толық
шешілгеніне көзім жеткеннен кейін:
– Әмирүл-мүминин дүниеден өтті. «
Достарыңызбен бөлісу: |