Табигиндер


Бұларының  салдарынан  олар  көп  ұзамай-ақ  біледі.  Ол



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

Бұларының  салдарынан  олар  көп  ұзамай-ақ  біледі.  Ол 
шақта  (тозақта)  олардың  мойындарында  ажырғылар  мен 
шынжырлар  болады.  Әуелі  қайнаған  суға  лақтырылады, 
содан  соң  лаулаған  отта  жандырылады
»
1
  деген  немесе  уәде 
және азап аяттарын оқыған кезде денесі түршігіп, жүрегі жарыла 
жаздап, көзінен жас шығатын. Осындай аяттарды қайталай беріп, 
өліп кете жаздайтын. 
Харам мешітіне жылына екі рет барып қайтуды әдетіне айнал
-
дырды. Бірінші жолы – ережеп айында ұмра жасауға, екінші жолы 
– Зүл-Қағдада қажылық жасауға баратын. Оның таза білімінен нәр 
татуға,  оның  тура  жолын  үйренуге  ғылым  адамдары,  сӘлихтер, 
тақуалар  және  жақсылық  жасаушылар  Куфаға  ағылып  келетін. 
Қорқу  жайында  сұрағанға:  «Алла  Тағаладан  қорқу  –  үрейіңнің 
күнә істерге тосқауыл болуы» деп жауап беріп жатса, «зікір» жай
-
1 «Ғафир» сүресі, 70-72-аяттар.


 103 
ында сұрағанға: «Зікір – Алла Тағалаға бойсұну. Кім де кім Алла 
Тағалаға  жақындап,  әмірлеріне  бағынса,  еске  алған  болып  сана
-
лады. Кім Одан теріс бұрылып, әмірлеріне бойсұнбаса, түн бойы 
тасбих  айтып,  Құран  оқыса  да,  зікір  етуші  болып  саналмайды», 
– деп жауап беретін. 
Куфаға келіп орналасқан кезде, қала Ирактың әкімі Әл-Хәжжәж 
ибн Юсуф Әс-Сақафиге қарайтын. Әл-Хәжжәждің сол кезде өз қа
-
рамағына Шығыс елдері мен Мәуәраәннәһірді қосып алып, билігін 
асыра пайдаланып, зорлық-зомбылықтың шыңына жеткен кезі. Ол 
Абдуллаһ ибн Әз-Зүбейрді өлтіріп, Иракты Үмәйяһ әулетіне қара
-
тып берді. Осы Ирактың айналасында шыққан бүліктердің бәрін 
басып,  халықтың  басына  әңгір  таяқ  ойнатты.  Оның  қатыгездігі 
шартарапқа тарап, аты жүректерге үрей туғызып, ешкім оның ал
-
дынан шықпауға тырысты. 
Осылайша бір жылдары Әл-Хәжжәж ибн Юсуф Әс-Сақафи мен 
қолбасшыларының  бірі  Абдуррахман  ибн  Әл-Әшғас  араларында 
жанжал шығып, жасыл мен көкті қырып жоятын бүлікке айналды. 
Бұл бүліктің кесірінен көптеген мұсылмандар өмірмен қоштасты, 
ауыр жарақаттанды. Бүлік былай басталды. 
Әл-Хәжжәж ибн Әл-Әшғасқа әскер беріп, Сижис танның арғы 
жағында жатқан «Түркілердің» патшасы Ратбилдің иелігін басып 
алуға  жорыққа  аттандырады.  Ержүрек  қолбасшы  бұрынғы  жеңі
-
стеріне жеңіс қосып, Ратбил елінің көптеген жерлерін басып алып, 
бұзылмас қамалдарын күл талқан етеді. Қала мен ауылдардан көп
-
теген олжа түсіріп, жиналған мал-мүлік тің бестен бірін мұсылман
-
дардың қаржы үйіне жолдап, Әл-Хәжжәжға сүйінші сұратып, ша
-
барман аттандырады. 
Әл-Хәжжәжға  хат  жазып,  елді  мекендерді  барлап,  жағ дайын, 
табиғатын бақылап, мықты әскерді қауіп-қатерге салмау үшін, тау 
арасындағы жолдарды зерттеп алу үшін шайқасты біраз уақытқа 
тоқтата тұруға  рұқсат сұрайды.  
Әл-Хәжжәж оған ашуланып, оны қорқақ әрі әл сіз деп балағат
-
тап, қырып жоятынын айтып, әскер бас шылығынан алып тастай
-
мын деп қорқытып, хат жазып жібереді. 
Абдуррахман  әскер  жетекшілерін  шақырып,  Хәжжәждың  ха
-
тын оқып беріп, ақылдасады. Оларды Әл-Хәжжәжға бағынбай, кө
-
теріліске шығуға шақы рады. 
Оған қарсы шайқасуға, Алла Тағала Ирак жерін оның кірінен 


 104 
тазартқанға дейін маған көмектесесуге уәде бересіңдер ме? – деп 
сұрайды. 
Әскердің бәрі оның айтқанына көніп, уәде береді. 
Әл-Хәжжәж  әскері  мен  Абдуррахман  әскері  арасында  қанды 
шайқас  басталып  кетеді.  Алғашқы  шайқастарда  Абдуррахман 
жеңіске жетіп, Сижистан және Парсы елін басып алады. Онымен 
тоқтамай, Куфа мен Басраны Әл-Хәжжәж қолынан босатып алуға 
тырысады. 
Осылайша екі топ арасында соғыс өрши түседі, Абдуррахман 
жеңістен  жеңіске  жете  береді.  Әл-Хәжжәж  Абдуррахманнан  аяқ 
тарта бастады. Ауыл әкімдері басқа дін өкілдерінің жизя (салық) 
төлемеу үшін Ислам дініне кіріп немесе қалаға көшіп жатқанын ай
-
тып, қазынаға кірістің азайып кеткенін жазды. Сонда Әл-Хәжжәж 
қала әкімдерінен көшіп келген басқа діндегі халықтарды жинап, 
ауыл-ауылдарға зорлықпен кө шіруді талап етті. Қала әкімдері бұл 
өкімге амалсыз көніп, көшіп келген басқа діндегі халықтарды зор-
лықпен үйлерінен қуып, жеп отырған ырзықтарынан айырып, ба
-
ла-шағаларымен қала шетіндегі ауылдарға көшіре бастады. Көшіп 
келгендеріне біраз жыл өткеніне қарамай қудалай бастады. 
Әйелдер, балалар және қарттар боздап жылап, ара түсуді сұрап 
жалынды. «Әй, Мұхаммед! Қай да апа расың! Қалай күн көреміз?» 
деп  Басраның  ғұла мала ры  мен  қариларынан  араша  түсуді  сұрап 
айғай салды. Олар ешқандай көмек көрсете алмай, жыла ғандармен 
жылап, өкінгендермен бірге өкінді. 
Абдуррахман осы сәтті пайдаланып, ғұламалар мен қариларды 
жинап, қолдау көрсетуді сұрады. Оны қол дауға Сағид ибн Жүбәйр 
мен Абдуррахман ибн Әбу Әли бастаған бір топ тәбиғиндердің ға
-
лымдары мен мұ сылмандардың имамдары қолдау көрсетуді ұйға р-
ды. Олардың ішінде Әш-Шағби, Әбу Әл-Бухтари және тағы басқа 
ғұламалар  болды.  Ғұламалардың  қолдауы на  ие  болғаннан  кейін 
шайқас өрши түсіп, алғашқы шай қастарда Ибн Әл-Әшғас жеңіске 
жете  бастады.  Бірақ  көп  ұзамай  Әл-Хәжжәждың  әскері  жеңіске 
жетіп, Ибн Әл-Әшғас бас сауғалап қашып кетті. Әскердің бәрі Әл-
Хәжжәжға берілді. Тұтқынға түскендер біртіндеп Әмирүл-мүми
-
нин тағайындаған әкімге ықыласпен қайта қызмет етуге ант ішіп, 
«Әл-Хәжжәжға қарсы шығып, кәфир болдым» десе, кешірілетіні 
айтылды.  Бір-бірлеп  сұрай  бастады.  «Жоқ»  дегендердің  бастары 


 105 
шабылып, «кәфир болдым» дегендер аман қалды. Бұл үлкен қы
-
рғынның кезінде мыңдаған адамның басы шабылды. 
Солардың  бірі  «Хазғам»  тайпасынан  шыққан  кәрі  шал  екі 
жаққа да қосылмай, өзеннің арғы жағында тығылып жүрген екен. 
Оны Әл-Хәжжәждың әскерлері ұстап алып, әкімнің алдына сүйреп 
алып келгенде, шал:
– Шайқас өрті өршігеннен бері өзеннің арғы жағында тығылып 
жүрдім. Сен жеңіп шыққаннан кейін саған серт беруге келдім. 
– Қарғыс атқыр, не боларын күтіп отырған екенсің ғой? Өзіңнің 
кәфир екеніңді мойында, – деп, зорлық жасайды Әл-Хәжжәж.
– Алла Тағалаға сексен жылдай ғибадат қылғаннан кейін соңын
-
да қалай кәфир болмақпын? 
– Онда басыңды шабамын.
– Өлтірсең өлтір! Менің бір аяғым – көрде, бір ая ғым – жерде, 
күні бойы өлімді күтуден басқа жұмы - сым жоқ, – дейді. 
– Басын алыңдар! – дейді Әл-Хәжжәж.
Жәлладтар басын алғанда, мәжілістегілер зар илеп, қартқа жан
-
дары ашып, мейірімдері түсіп, іштей қай ғырды. 
Осымен  тоқтамай,  тәбиғиндердің  бірі  Кәмил  ибн  Зияд 
Ән-Нахғиды шақырып алып одан:
– Өзіңнің кәфир екеніңе куәлік келтіресің бе? – деп сұрады.
–  уаллаһи, куәлік келтірмеймін, – деп жауап берді тәбиғин.
Онда өлтіремін, – деді Әл-Хәжжәж.
–  Қалағаныңды  жаса.  Екеуіміздің  ісіміздің  ақ-қа расы  Алла 
Тағаланың алдында шешіледі. Өлімнен кейін есеп бар. 
– Сол күнде дәлелдер сенің емес, менің жағымда болмақ. 
– Сол күнде сен қазы болсаң... – деп жауап береді тәбиғин. 
– Өлтіріңдер! – деп бұйрық берді Әл-Хәжжәж.
Бас алғыштар алып кетіп, әкімнің әмірін бұлжыт пай орындай
-
ды. 
Сонымен қатар үнемі Әл-Хәжжәжды сынап, ел жұрттың алдын
-
да оның айыбын айтып масқаралап жүретін бір кісіні ұстап алып 
келеді. Әл-Хәжжәж оның басын алғысы кеп, көптен бері қолына 
түсіре алмай жүретін. Алдына алып келгенде сөзді өзі бастап:
– Менің алдымда тұрған адам өзін-өзі кәфир деп айтпайды. 
– Менің басымды бәлеге шатпа. Өз-өзімді алдауға мәжбүр етпе. 
Мен жер бетіндегілердің ең кәфирі, тіптен, перғауыннан да өткен 
кәфирмін, – дейді.


 106 
Оны қаншалықты өлтіргісі келсе де, амалсыздан босатып жібе
-
реді. 
Осы  оқиғадан  кейін  талай  иманы  берік  мұсылман  азаматтар 
қайтыс болып, қайғылы хабар шартарапқа тарады. Өзіне күфірлік 
мөрін қойғандар құтылып жатты. Сағид ибн Жүбәйр Әл-Хәжжәж
-
дың қолына түссе, оны да кәфир бол деп күфірлікке зорлайтыны
-
на  немесе  басын  алатынына  көзі  жетті.  Бұл  жағдайлардың  екеуі 
де ащы ақиқат еді. Ол Ирак елін тастап Әл-Хәжжәж құрығынан 
алысқа,  Алланың  кең  жерлерінің  біріне  барып  паналауды  мақұл 
көрді.  Осылай  ел-жұртты  паналап  жүріп,  Мекке  айналасын дағы 
бір ауылдарға келіп бас сауғалады. Осы ауылда 10 жылдай пана
-
лады.  Бұл  жылдар  Әл-Хәжжәждың  көкірегіндегі  ашу-ыза  отын 
өшіріп, оған деген кегін басуға жеткілікті еді. 
Алайда бір күні ешкім күтпеген жағдай болды. Үмәйяһ әулеті 
Меккеге  жаңа  әкім  тағайындады.  Ол  –  зұлымдығымен,  қатал
-
дығымен аты шыққан ХӘлид ибн Абдуллаһ Әл-Қасри еді. Сағид 
ибн Жүбәйрдің достары келіп оған:
– Бұл кісі Меккеге әкім болып келді. Біз сені одан аман алып 
қала алмаймыз. Біздің айтқанымызға көніп, бұл елден кет! – деп 
жалынды.
– Мен қаша-қаша Алладан ұялатын болдым. Біл генін істесін! 
Мен осында қаламын, – деп жауап береді Сағид ибн Жүбәйр.
Хәлид  жайында  қауесеттер  рас  болып  шықты.  Көп  ұзамай 
Сағид ибн Жүбәйрдің тұратын орнын біліп, бір топ әскер жіберіп, 
аяқ-қолын байлап, Уәсиғ қаласына Әл-Хәжжәжға апаруды бұйыр
-
ды. Әскерлер шәйхтың үйіне келіп, қол-аяғын байлап, жолға аттан
-
дырды. Тұт қындап жатқанын көрген достарына ғұлама:
– Сол залымның қолында өлетінімді білемін. Жас кезімде мен 
және екі досым түнгі ғибадаттан кейін қол жайып дұға қылдық. 
Дұғаның ләззатына мас болып, Аллаға шын көңілден жалбарын
-
дық.  Алла  Тағаладан  шәһид  болып  өлуді  сұрадық.  Сол  дұғамыз 
қабыл болып, екі досым шәһид болды. Маған да кезек келіп тұр. 
Сол  кезде  кішкентай  қызы  жүгіріп  шығып,  әкесін  әскерлер 
кісендеп алып бара жатқанын көрді. Сонда ғұлама:
– Шешеңе айт, ендігі кездесер жеріміз – жәннат, – деп кете берді. 


 107 
***
Кемеңгер  имам,  тақуа,  білімі  мен  амалы  сай,  ұлы  ғұламаны 
әскерлер Уәсиғт қаласына жеткізіп, Әл-Хәжжәждың алдына кір
-
гізді. 
Алдына кіргенде оған ызбарлана қарап:
– Атың кім? – деп сұрады.
– Сағид ибн Жүбәйр
1
, – деп жауап берді. 
– Бәлкім, Сынықтың ұлы Бақытсыз шығар?
– Бәлкім, менің атымды сенен гөрі анам жақсы білетін шығар!
– Мұхаммед жайында не айтасың?
– Абдұллаһтың ұлы Мұхаммед, оған Алланың салауаттары мен 
сәлемі жаусын, сол ма?
– Иә.
–  Адам  баласының  Мырзасы,  таңдаулы  Пайғамбар.  Адам  ба
-
ласының  өткендері  мен  келер  ұрпақтарының  ең  кемеңгері.  Пай
-
ғамбарлықты мойнына алып, аманатын атқарды. Алла үшін, Оның 
Кітабы үшін және барша мұсылманға насихат жасады. 
– Әбу Бәкір жайында не айтасың?
– Сыддық – Алланың Елшісінің (с.а.у.) халифасы, бақытты өмір 
сүріп, алғыспен кетті. Пайғамбардың жолын өзгертпей, ауыстыр
-
май ұстады. 
– Омар жайында не айтасың?
– Ол – Фаруқ (Ажыратушы), Алла Тағала сол арқылы әділет пен 
әділетсіздікті  бөлді. Алла Тағала және Оның Пайғамбары (с.ғ.у) 
екі досының соңынан халифа етіп таңдады. Мейірімді өмір сүріп, 
шәһид болып өлді. 
– Осман жайында не айтасың?
– Усра әскерін дайындады, Рума құдығын қазды жә не жәннат
-
тан үй сатып алды. Алла Елшісінің екі қызына үйленген күйеу ба
-
ласы. Көктен келген уахимен Пайғамбар үйлендірді. Зұлымдықпен 
өлтірілді. 
– Әли жайында не дейсің?
– Алла Елшісінің немере інісі, жастардың ішінде Исламға кір
-
ген  бірінші  адам.  Арлы  Фатиманың  күйеуі,  жәннат  жастарының 
мырзалары Хасан мен Хусейннің әкесі. 
1 Ғұламаның аты-жөні қазақ тіліне тікелей аударғанда – Қайсар дың ұлы 
Бақытты.


 108 
– Үмәйяһ ұрпақтарынан шыққан қай халифа ұнайды?
– Жаратушыларының ризашылығын алғаны.
– Қайсысы алған?
– Оны жан біткеннің құпиялары мен сыбыр лас қандарын біліп 
отыратын Алланың өзі біледі.
– Мен жайында не айтасың?
– Сен өзіңді менен де жақсы білесің.
Сен қалай ойлайсың, соны білгім келді?
– Айтарым сені өкіндіреді, қуантпайды.
– Өз аузыңнан естігім келеді.
– Сен, әлбетте, Алланың кітабына қайшы әрекет жасап, өзіңді 
айбарлы етіп көрсетуге тырысасың. Бұл істерің сенің түбіңе жетіп, 
тозаққа салады. 
–  уаллаһи, сені өлтіремін!
– Онда сен менің өмірімді құртасың, мен сенің ақы ретіңді құр
-
тамын.
– Өлім жазасының қай түрін таңдайсың?
– Негізінде, өзің үшін сен таңда, Хәжжәж! Мені қалай өлтірсең 
ақырет күнінде Алла Тағала солай өлтіреді сені. 
– Сені кешіруді қалайсың ба?
– Кешірім болса тек Алладан ғана сұраймын. Сенің ақталуың 
мүмкін емес.
Ашуға мінген Әл-Хәжжәж мұнан әрі шыдай алмай:
– Қылыш әкеліңдер! – деп айқайлап жіберді.
Сонда шәйх күлімсіреді.
– Неге күлімсіреп тұрсың?
– Алланың мейірімінен қашып, қалайша Оған қарсы шығуға ба
-
тылың жетіп тұрғанына таң қалып отырмын, – деді ғұлама.
– Өлтір! – деп бұйырды жендетке.
Сағид қыбылаға бетін бұрып: 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет