Табигиндер



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ӘБУ МҮСЛИМ ӘЛ-ХАУЛӘНИ
Абдуллаһ ибн Суәб
 
«Әбу Мүслимнің ғибадатқа берілгені сонша, ол: «Жәннат ті яки тозақты өз 
көзіммен көрсем, мен одан басқа еште ңе сұрамас едім», – дейтін болды.
(Осман ибн Әбу Атикәһ).
Қоштасу қажылығынан қайтқан Алла Елшісінің (с.а.у.) ауруы 
асқынып кеткені жайында суық хабар Араб түбегіне лезде тарап 
кетті.
Шайтанның  азғыруынан  иманнан  кейін  күфірге  кір ген  Әсуәд 
Әл-Анси Алла Тағала жайында жал ған сөйлеп, Иемендегі қауы
-
мына өзін Құдай жіберген Пайғамбармын деп жариялады. 
Әсуәд  Әл-Анси  күші  бойына  симай  тасыған,  бұл шық  еттері 
білеу-білеу, қара жүректі, қатыгез, айлакер адам еді.  


 169 
Надандық дәуірінде балгерлікке ден қойған, си қырдың шебері 
еді. Сонымен қатар, тілге шешен еді, сөзі анық, ойы жүйрік, бұқа
-
раны өтірік сөзге сендіріп, билей алатын, бастықтарды сый-сияпат 
жасап өзіне қаратып алуға да шебер еді.
Адамдарға жұмбақ боп көріну үшін, сұсымен сес кендіру үшін 
бетіне қара перде киіп шығатын. Әсуәд Әл-Ансидың бұл хабары 
Иеменге тез тарады, әсіресе, Мазхиж тайпасындағы өз руы қол
-
дағаннан  кейін,  оның  соңынан  ілесушілер  аз  болмады.  Мазхиж 
тайпасы Иеменде сан жағынан ең ірі, ықпалы жағынан ең басым, 
күші жағынан ең айбарлы тайпа болатын. 
Елді  сөзіне  ұйытуға  оның  өтірігіне  елді  сендіре  білу  қа
-
білеті  де  әсер  етті.  Ол  адамдарға  көктен  періште  түсіп,  оған 
аян  беретінін,  ғайыптан  хабар  әкелетінін  айтты.  Адамдар
-
ды  сендіру  үшін  ол  барлық  айла-тәсілді  қолданды.  Өзінің 
сенімді  адамдарын  әр  елге  аттандырып,  олардың  іс-әрекеттері 
мен  тұрмыс-тіршілік терін  байқап  қайтуды  тапсыратын.  Олар
-
дың  сырларын  тыңшылары  арқылы  біліп  алып,  арман-тілек
-
тері  мен  қайғы-қасіреттерін  көріпкелдің  сөзіндей  етіп  айтып
 
отыратын. Тыңшылары тек ақпарат әкеліп қана қоймай, адамдар
-
ды  содан  көмек  сұрауға,  пана  іздеуге  үгіттейтін.  Оларға  өз
-
дерінің  құпиялары  мен  сырларын  білетінін,  іштерінде  не  жа
-
сырын  сыры  барын  көріп  тұрға нын  айтып  сендіретін.  Адам 
ақыл-ойы  жете  бермейтін,  таңқаларлық  сиқырлар  жасап  ал
-
дап-арбайтын.  Көп  ұзамай  оның  беделі  өсіп,  атағы  жер  жара 
бастады. Соңынан ергендердің саны да көбейді. «Сана» қаласы-
на  кіріп,  сосын  ол  жерден  басқа  аймақтарға  қол  сала  бас -
 
тады. Хадрамаут пен Таиф арасы, Бахрейн мен Адан ның арасы со
-
ның ықпалына өтті. 
Тамырын тереңге жайып, ел мен жердің біразын өзіне қаратып 
алған Әсуәд Әл-Анси Алла Тағалаға кәміл иман келтірген, Пай
-
ғамбарына (с.а.у.) берік сенетін, Құдай мен Елшісіне ықыласы мы
-
зғымас мұсыл мандардың ізіне түсіп, қудалай бастады. Ұстап алған 
жерлерінде жан түршігерлік азапқа салып, аяусыз қинады. Солар
-
дың  алдыңғы  қатарында  Әбу  Мүслим  Әл-Хауләни  күниясымен 
белгілі болған Абдуллаһ ибн Суәб бар еді. 


 170 
***
Әбу  Мүслим  Әл-Хауләни  дініне  болаттай  берік  кісі  болатын. 
Иманы  күшті,  ақиқатты  бетке  айтатын  қайтпас  қайсар  жігіт  еді. 
Алла  Тағалаға  ықыласпен  беріліп,  дүние  мен  фәни  қызығынан 
бас тартты. Өмірдің уақытша әсемдігі мен қызығынан өзін аулақ 
ұс-тады. Адамдар оны аузы дұғалы, иманы берік, жүрегі таза адам 
ретінде қатты сыйлады. 
Әсуәд  Әл-Анси  оны  қолға  түсіріп,  өзінің  жалған  шақыруына 
қарсы  шыққандардың  көзінше  азапқа  салып,  жүректеріне  үрей 
туғызуды көздеді. 
Адамдардың Иеменнің ғұламасы, тақуасы Әбу Мүс лим Әл-Ха
-
уләниді қалай тәубесіне келтіріп, өзінің жалған Пайғамбарлығын 
мойындататынын көрулері үшін оларды шақырды. 
Адамдар  алаңға  толық  жиналғанда,  күзетші лері  мен  әскер 
басшылары  қоршаған  Әсуәд  Әл-Анси  бұзақылары  мен  ізінен 
ерушілерін ертіп келді. Әл-Хау ләниге арнап жасалған отқа қараған 
тағына келіп отырды. Адамдардың көзінше алдына Әбу Мүслим 
Әл-Хауләниді сүйретіп әкелдірді. Алдына келгенде көкі регін кө
-
теріп, зымиян пиғылмен Әбу Мүслимге көз тастап, алдында алау
-
лап жанып жатқан отқа қарап:
– Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне куәлік етесің бе? – деп 
сұрады.
– Иә, Ол – Алланың құлы және елшісі екеніне куәлік етемін. Ол 
– елшілердің Мырзасы, сонымен қатар, Пайғамбарлардың соңғы
-
сы – деп жауап берді Әбу Мүс лим. Әсуәд Әл-Анси бетін тыржи
-
тып, қабағын түйіп:
– Менің – Алланың елшісі екеніме куәлік етесің бе? – деп сұра
-
ды.
– Құлағымның тосаңы бар, не айтып тұрғаныңды естімедім.
– Онда сені мына отқа тастаймын.
– Олай істесең, отыны ағаш болған отқа тасталумен  қатыгез 
әрі  қатал,  Алла  әмірін  бұл жытпай  орындайтын  періштелері  бар, 
отыны адамдар мен тастар болған оттан құтыл ған боламын. 
– Асықпа, саған есіңді жинау үшін тағы да бір мүм кіншілік бе
-
рейін, – деп, тағы да сұрағын қайтала ды: 
– Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне куәлік етесің бе? 


 171 
– Иә, ол – Алланың құлы және Елшісі екеніне куәлік етемін. 
Алла Оны тура жол және ақиқат діні мен жіберді. Ол – ең соңғы 
Пайғамбар. 
Әсуәд ашудан булығып кетті. 
– Мені Алланың елшісі ретінде қабылдайсың ба? - деп сұрады.
– Саған құлағым керең екенін, осы сөзіңді естімей тұрғанымды 
айтпадым ба? – деп жауап берді. Оның нақты жауабына, жайба
-
рақаттығына және осыны нақ сеніммен айтқанына Әсуәдтің ызасы 
келіп, ашудан жарылып кете жаздап, оны отқа тастауға әмір беруді 
ойлады. Сонда бұзақыларының бірі жақындап келіп, құлағына сы
-
бырлап:
–  Бұл  кісі,  өзің  білгендей,  жаны  таза,  аузы  дұға лы.  Қиын
-
шылықта тастап кетпеген құлын Алла Тағала ешқашан еш жерде 
тастамайды. Оны отқа таста саң, Алла құтқарып алса, осы күнге 
дейін жасаған дарыңның бәрін бір сәтте-ақ отқа тастаған боласың. 
Адамдардың бәрі сенің Пайғамбарлығыңа сенбейтін болады. Ал, 
отқа күйген жағдайда да адамдар оны қадірлеп, шәһидтер қатары
-
на қосады. Оны жібере салып, өзіңді жомарт қылып көрсет. Елден 
қуып жіберіп құтылғаның дұрыс, – деп ақыл береді.
Әсуәд  бұзақының  сөзін  тыңдап,  оған  тез  арада  елден  кетуге 
бұйырды.
***
Сол  оқиғадан  кейін  Әбу  Мүслим  Әл-Хауләни  Мәди неге  бет 
алды. Алланың Елшісімен (с.а.у.) жүздесуді армандады. Ол – Оның 
(с.а.у.)  жүзін  көрмей  иман  келтір гендердің  бірі  еді.  Оның  жүзін 
көріп, қасында болу – ол үшін үлкен ғанибет еді. Бірақ Ясрибке 
(Мәдине) таяп қалғанда, Пайғамбар (с.а.у.) жайында қайғылы ха
-
бар естіді. Орнына Әбу Бәкір Сыддиқ мұсылмандардың халифасы 
болып сайланғанын да естіді. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүни
-
еден өт кеніне қатты қайғырды. 
Әбу  Мүслим  Мәдинеге  жетісімен,  Алла  Елшісінің  (с.а.у.) 
мешітіне  келді.  Түйесін  мешітке  жақын  жерге  байлап,  қасиетті 
жерге келіп, Алланың Елшісіне сәлем берді. Мешіт бағаналары
-
ның  бірінің  жанына  тұрып,  намаз  оқыды.  Намаз  бітісімен  оған 
Омар ибн Әл-Хаттаб келіп:
– Қай жерденсің? – деп сұрады.


 172 
– Иеменненмін, – деп жауап берді Әбу Мүслим.
– Алланың дұшпаны от жағып, өлтірем деген жі гіттің жағдайы 
не болды? Алла Тағала құтқарған шығар?
Оның жағдайы жақсы, Аллаға шүкір, – деді.
– Алламен ант етейін, сен сол жігіттің өзі емессің бе?
– Иә. 
Омар оның маңдайынан сүйіп:
– Алланың әмірімен сенің дұшпаныңа не болғанын білесің бе?
– Жоқ, Иеменнен кеткелі бері хабарым жоқ.
– Алла Тағала оны қалған шын мұсылмандардың қолымен өл
-
тірді. Мемлекеті де жермен жексен болды. Оған ергендер де Алла
-
ның шын дініне қайта оралды. 
– Мені соның өлімін және алданып қалған иемен діктердің Ис
-
ламға  қайта  қауышуын  көретін  күнге  жеткізген  Алла  Тағалама 
мың шүкір, – деді. 
Омар оған:
– Мен де Әр-Рахманның досы атамыз Ибраһимге (а.с.) жасаған 
сынақтан өткен, мұсылмандардың арасында жүрген иманды жігіт
-
ті көрсеткен Аллаға шүкір айтамын. 
Омар оны қолынан ұстап, Әбу Бәкірге (р.а.) апарып танысты
-
рды. Оны Әбу Бәкір Омар екеуінің арасына отырғызды. Екі ұлы 
тұлға  Әбу Мүслим мен Әсуәд Әл-Анси арасында болған жайды 
қайта тыңдады. 
Әбу Мүслим біраз уақыт Мәдинеде болып, Пайғамбар (с.а.у.) 
мешітінде  уақыт  өткізді.  Уақытын  мүбәрак  раузада  намаз  оқып, 
ұлы  сахабалардан  дәріс  алумен  өткізді.  Олар:  Әбу  Үбайдаһ  ибн 
Әл-Жар рах, Әбу Зар ибн Әл-Ғифари, Убәдәһ ибн Әс-Самит, Мұғаз 
ибн Жәбал, Ауф ибн Мәлик Әл-Әшжағи. 
Кейін  Әбу  Мүслим  Шам  еліне  көшіп,  сонда  тұ рақтауды  жөн 
көрді. Ондағы мақсаты Шам еліндегі әскери бекіністерге жақын 
тұрып, Византияға қарсы жорыққа шыққан әскерлердің қатарына 
қосылу болды. Осылайша Алланың сауабына кенелуді көздеді. 
Халифалық Мұғауияһ ибн Әбу Суфянның қолы на өткен кезде, 
Әбу Мүслим оның қасына жиі келіп, мәжілістерін үзбейтін бол
-
ды. Олардың арасында бол ған ел аузында қалған мәшһүр оқиға
-
лар екеуінің де жоғары дәрежеде болғанына куә болып, екеуінің де 
ұлығ сипаттарға ие болған жандар екендігінен сыр шертеді.  Со
-
лардың бірі:


 173 
Әбу  Мүслим  Мұғауияһтың  (р.а.)  алдына  кірсе,  өзі  нің  мәжілі
-
стерінің  бірін  басқарып  отыр  екен.  Айна ласында  толған  мемле
-
кет  қайраткерлері,  әскер  қол басшылары  және  тайпа  көсемдері. 
Адамдардың оны асыра мақтап, асты-үстіне түсіп жатқанын көріп, 
іштей алаңдады. Халифаға қарап:
–  Әс-сәләму  алейкум,  мүминдер  жалшысы,  –  деп  амандасты. 
Адамдар оған тесіле қарап:
– Мүминдер әмірі.... Әбу Мүслим! – деп жамырады. Олардың 
сөзіне құлақ аспай тағы да:
– Әс-сәләму алейкум, мүминдер жалшысы, – деді. 
– «Әмирүл-мүминин» – деп айтыңыз, Әбу Мүслим, – деп кей
-
біреулер айқайлап та кетті. Олардың сөзіне құлақ түріп, қараған да 
жоқ. Тағы да: – Әс-сәләму алейкум, мүминдер жалшысы, – деді. 
Адамдар тағы да түзеуге тырысқан еді, оларды тоқ татқан Мұғау
-
ияһ: 
–  Мейлі,  не  айтып  жатқанын  өзі  біледі,  –  деді.  Әбу  Мүслим 
Мұғауияһқа бұрылып:
–  Алла  Тағала  саған  адамдардың  тізгінін  бергеннен  кейін, 
жағдайың  жалданып  істейтін  бақташы ның  жағдайына  ұқсайды. 
Малға  дұрыс  қарап,  жүнін,  сүтін  молайтып,  семірткеніңе  қарай 
ақыңды төлейді. Бақташы келісілген шартты орындап, арық мал
-
ды  семіртіп,  ауру  малды  емдесе,  оған  ақысын  беріп,  қосымша 
төлемдер  жасайды.  Ол  малды  дұрыс  бақпай,  қарамай,  көтеремі 
өліп, семізі азып, жүн мен сүт азайса, бақташы жазаға тартылады. 
Сен өзіңе пайдалысын, әрі қайырлысын таңда! Басын төмен салып 
тыңдап отырған Мұғауияһ басын көтеріп:
– Алла Тағала бізге де, халыққа да разы болсын! Әбу Мүслим, 
сен тек қана Алла үшін, Пайғамбар үшін және мұсылмандар үшін 
насихат жасайсың, – деді.
***
Әбу  Мүслим  Дамашық  мешітіне  жұма  намазына  барса, 
Әмирүл-мүминин  Мұғауияһ  адамдарға  хұтба  айтып  жатыр  екен. 
Ол Барада өзенінің суын тазарту үшін қазу жұмыстарын жүргізуге 
үгіттеп жатыр екен. Әбу Мүслим көпшіліктің арасынан айқайлап: 
– Мұғауияһ! Бүгін немесе ертең өлетініңді ұмытпа. Сенің үйің 
–  қабірің.  Қабіріңе  сауаппен  барсаң,  саған  қолғабыс  болады.  Ал 
құр қол барсаң, қабірің тап-тақыр болады. Сен үшін Алладан пана 


 174 
сұраймын, халифа тық деген арна қазып, өзенін тереңдету, қаржы 
жинау емес, ақиқатпен жұмыс істеп, шындықпен, инсафпен сөйлеу, 
Алла Тағаланың ризалығымен адамдарға беру. Мұғауияһ, өзен таза 
бұлақтан бастау алса, өзен нің лайланғанына көңіл аудармаймыз. 
Сен  біздің  бұла ғымызсың.  Осылай  таза  күйіңде  қала  бергей сің. 
Мұғауияһ, сен бір кісіге әділетсіздік жасасаң, әділе тіңмен жуылып 
кетеді. Зұлымдықтан аулақ бол! Зұлымдық – қиямет күнінде бітпес 
қараңғылыққа айналады. 
Әбу Мүслим сөзін аяқтасымен, Мұғауияһ мінберден түсіп:
– Әбу Мүслим! Алла Тағала саған мейірімін төк сін, біз үшін 
үлкен сауапқа кенелдірсін, – деді. 
***
Мұғауияһ  тағы  да  мінберге  шығып  хұтбасын  бас таған  кезде, 
оның адамдардың жалақылары мен көмек ақыларын бермей жүр
-
геніне екі айдай болғанын айтып Әбу Мүслим тағы да айқайлайды:
– Әй, Мұғауияһ! Бұл қаржы сенің де, әкеңнің де, шешеңнің де 
ақшасы емес. Олай етуге қандай хақың бар. 
Мұғауияһтың жүзінен іштей ашуланғаны білінді. Адамдар енді 
не боларын күтіп тұр. Мұғауияһ адам дарға кетіп қалмай, орында
-
рында отыруға белгі беріп, мінберден түсіп, дәрет алды, үстіне бі
-
раз су септі. Мінберге қайта шығып, Алла ТАғалаға мадақ айтып, 
оны дәріптеді. Кейін былай деді:  
– Әбу Мүслим дұрыс айтады. Бұл қаржы – менің де, әкемнің де, 
шешемнің де ақшасы емес. Алла Елшісінің (с.а.у.) былай айтқа
-
нын естідім: «Ашу – шайтаннан, шайтан – оттан. Су отты өшіреді. 
Біреулерің ашуланса, жуынсын». Халайық, айлықтарыңды барып 
алыңдар, Алла берекесін берсін!
***
Алла  Тағала  Әбу  Мүслим  Әл-Хауләниді  Өз  рахы
-
мына  бөлесін!  Ащы  шындықты  жариялауда  ерекше 
 
үлгі  еді.  Сахаба  Мұғауияһ  ибн  Әбу  Суфянға  Алла  разы  болсын! 
Шындықты тыңдап бойсұнуда бәріне үлгі болды.       
Бір ақын айтқан екен:
Оларды кінәлауды доғарыңдар немесе жалғас ты рыңдар солар
-
дың ісін, құрығырлар. 


 175 
َ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет