186
бір сағаттай көкейінде жүрген сұ рақтарды сұрап шықты. Елге,
халыққа байланысты көптеген күрделі мәселелерді сұрап, басын
ашып алды.
Оған көмек көрсетіп, қолдап отыруды сұрады.
Естігенінен, білгенінен әлдеқайда артық шыққан ұлығ ғұламаға
таң қалып, Андалусиядағы жауапты жұмыстардың біріне бас
-
шылық етуді ұсынды. Оған шәйх былай деп жауап берді:
– Мен жәй қарапайым халықтан шыққан жанмын.
Бұл аймаққа Алланың сөзін жер бетіне жаю үшін қылы-
шымды көтеріп келдім. Алла Тағала қаласа, ақиқат-
пен жүрсең, көлеңкең боламын. Маған ешбір биліктің, мансаптың
керегі жоқ.
***
Көп ұзамай Әс-Самх ибн Мәлик Францияны тү гелдей азат ету
-
ге, оны ұлығ Ислам мемлекетіне қосуға бел буды. Ондағы мақсаты
Францияның шұрайлы жерлеріне мықтап орналасып, Балқан түбе
-
гіне жорық жасап, әрі қарай Константинопольді тұтқиылдан соғу
болатын. Осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өсие тін орындау
керек еді. Ол жайында мынадай хадис бар:
«Конс тантинополь
алынады. Сол әскер неткен күшті әскер, қолбасшысы қандай
жақсы қолбасшы!».
Осы жоспарды орындау үшін біріншіден, Испанияға жақын ор
-
наласқан Францияның ірі қалаларының бірі Нарбоннаны алу ке
-
рек. Бұл қала Пиренейден түскен мұсылман әскерлеріне бірнеше
рет төтеп беріп келеді. Сонымен қатар, бұл қала – Францияның
қақпа сы іспетті, оны басып алуды дәметкендер де көп.
***
Әс-Самх ибн Әл-Хауләни Нарбонна қаласын қор шауға алып,
Ислам дінін қабылдауды немесе салық төлеуді ұсынды. Бұл ұсы
-
ныс
олардың намыстарына тиіп, бітімнен бас тартты.
Төрт апта бойы толассыз атқылаған тас атқыш тардың, бірінен
соң бірі тауысылмайтын шабуылдарынан кейін бұзылмас тас қа
-
мал деген қорғандары күл-талқан болып, қала мұсылмандардың
қолына түсті. Мұндай ерлікке толы шайқасты Еуропа бұрын-соң
-
ды көрмеген еді.
Жеңімпаз қолбасшы қалың қолын шұбыртып, Аквитания ау
-
мағының астанасы Тулузаны шапты. Бұл жерде де бұрын қол
-
187
данған тәсілін айнытпай пайдаланып, тас атқыштармен қоршап
алып, Еуропалықтар көрмеген талай жаңа соғыс құралдарымен
атқылап, қала қамалының быт-шытын шығарды. Осы қаланы
алуға таяп қалғанда, кенеттен күтпеген жағдай болды. Бұл жағдай
-
ды мұсылмандар есепке алмаған еді.
Бұл не жағдай екенін француздың шығыстанушысы Рено баян
-
дап берсін:
Достарыңызбен бөлісу: