ӘБУ ХАНИФА ӘН-НҰҒМАН
Даналығы мен көрегендігінен үзінділер
«Әбу Ханифа Ән-Нұғман – Алланың тыйымдарынан қатты
қорғанатын, үнсіз, үнемі ойға шомып жүретін еді»
(Имам Әбу Юсуф).
Бір күні Әбу Ханифа Имам Мәликтің алдына шә кірт терімен
отырған жерінде кіріпті. Хал-жағдай сұ расып, шығып кеткеннен
кейін, Имам Мәлик шә кірттеріне қарап:
– Мына кісінің кім екенін білесіңдер ме? – деп сұ рапты. Олар:
– Жоқ, танымаймыз, – деп жауап береді.
– Бұл – Ән-Нұғман ибн Сәбит. Бұл кісі мына тұрған ба ғанаға
алтын деп айтып, дәлелдейтін болса, алтын болып шығады, – де
-
ген екен.
Имам Мәликтің Әбу Ханифа жайында айтқаны асыра сөйле
-
гені емес еді. Оның дәлелінің мықты лы ғын, алғырлығын, зей
-
інінің өткірлігінің және есте сақтау қабілетінің қаншалықты зор,
керемет деңгейде екенін айтып отыр. Әбу Ханифаның ақидадағы
қарсыластары мен пікіріне қарсы шық қан дармен пікір таластыру
әдістері жайында әңгімелер тарих кітаптарында жазылған. Бұл де
-
ректер Имам Мә ликтің әлгі айтқан сөзінің шындығын дәлелдейді.
Қолыңдағы бір уыс топырақты – алтын десе оның алтын екеніне
амалсыз көнесің. Ал, енді шындық пен ақиқат жа йындағы дәлел
-
дерінің қандай керемет екенін, сол жолда жасаған еңбектерінің
қандай екенін енді ойлай беріңіз.
Деректердің бірінде былай жазылған:
Куфада бір кісі Алла жолынан тайып, адамдарға Осман ибн
Аффанның (р.а.) түбі – еврей, Исламнан кейін де Яһуди (иудаизм)
234
дінінде жүрді деп айып тағып жүр екен. Абыройлы, сөзі өтімді кісі
болғандықтан, халық арасында осы сөзі тарап кетіпті. Мұны есті
-
ген Әбу Ханифа оны Куфаға іздеп келіп:
– Қыздарыңның біріне құда түсіп келдім, – деді.
– Қош келдіңіз, сіз сияқтылардың сөзі жерде қал майды – деп
жылы қарсы алып:
– Күйеу бала кім? – деп сұрады.
–
Қауымында
байлығы
мен
тектілігімен
таныл -
ған, өзі жомарт, қолы кең, Алла кітабын жатқа білген, түнін намаз
-
бен өткізген, Құдайдан қорқып, жылайды...
– Пай-пай, жетер. Бұл айтып отырған кісі – халифаның қызына
лайық екен, – дейді әлгі адасқан кісі.
– Бірақ оның бір сипаты бар ойлануың керек, – дейді.
– Ол не сипат?
– Ол Яһуди дінінің өкілі.
– Еврей ме? – деп орнынан атып тұрып: «Әбу Ханифа! Маған
қызыңды еврейге бер деп тұрсың ба? Бұрынғылар мен кейін
-
гілердің бүкіл жақсы қасиеттерін бойына жиған болса да бермей
-
мін», – дейді. Әбу Ханифа оған:
– Өзің қызыңды еврейге беруден бас тартасың, ал Алла Елшісі
(с.а.у.) екі бірдей қызын еврейге тұрмысқа берген деп жалған сөз
таратасың, – дейді. Әлгі кісі денесі түршігіп, шошып оянғандай:
– Жаман сөз айтқанымды Алла Тағала кешіре гөр! Бұл – өтірік
сөз, енді қайтып аузыма алмаймын. Тәубемді қабыл ет, Жаратушы
Ием, – деп тәубесіне келіпті.
Әд-Даххак Әш-Шәри деген хауариждер (Әли мен Мұғауияһқа
қарсы шыққандар) көсемдерінің бірі Әбу Ханифаға келіп:
– Тәубе ет, Әбу Ханифа, – дейді.
– Не үшін тәубе етемін? – деп сұрайды Әбу Ханифа.
– Әли мен Мұғауияһтың арасын бітімге келтірген қазылықты
дұрыс деп айтыпсың? – дейді.
– Осы мәселе бойынша менімен пікір таластырғың кеп тұр ма?
– деп сұрайды.
– Иә.
– Арамызда қайшылық туса, кім қазылық жа сайды?
– Қалаған адамыңды тағайында.
Әбу Ханифа әлгі Хауариждың бір досына қарап:
– Онда мына кісі бізге қазылық қылсын. Сен келі сесің бе? – дейді.
235
– Иә, – деп жауап береді хауариж.
– Екеуіміздің арамызға қазылық етуді дұрыс деп санайсың да,
екі сахабаның арасындағы қазылыққа рұқсат етпегенің қалай?! –
депті.
Хауариж ешнәрсе дей алмай шығып кетеді.
Тура жолдан тайған, бидғат шығарып жүрген «Жәһми» деген
топтың басшысы Жәһм ибн Сафуан Ислам жерінде бүлік тудырып
жүреді. Бір күні Әбу Ханифаға келіп:
– Көптеген жайларға байланысты, сізбен пікір та лас тыруға кел
-
дім, – депті. Сонда Әбу Ханифа:
– Сізбен әңгіме құру – ұят. Талқылайтын әңгіме леріміз тозаққа
апарады.
– Сіз қалайша мені көрмей, менімен сұхбат құр май тұрып осын
-
дай үкім шығарасыз?!
– Қыбылаға бет бұрған адам айтпайтын сөздерді айтады екенсің.
– Ғайыбтан жорығаның ба?
– Бұл сөзің ел арасына тарап, бәрі айтатын болды. Сен жайында
толассыз айтылған мағлұматтарды бетіңе айтуға болады.
– Әбу Ханифа, сенен тек иман жайында ғана сұрайын деп едім.
– Иманның не екенін осы күнге дейін білмей келдің бе менен
сұрайтындай?
– Жоқ, білемін ғой, бірақ иманның бір түріне шек келтіріп оты
-
рмын.
– Иманға шек келтіру – күфір.
– Күфірлікке апаратын нәрсені естіп, мені күфірлік істегендер
қатарына қосудың қажеті жоқ.
– Сұрай бер!
– Біреу жүрегімен Алланың серігі, теңдесі жоқ, жалғыз деп та
-
ныса, бірақ соны тілімен дауыстап айтпай өмірден өтіп кетсе, мү
-
мин болып өлгені ме, әлде кәфир болып өлгені ме?
– Тілмен айтуға белгілі бір кедергі болмай, жү регімен сезіп, біл
-
генін тілімен ашық айтпаған адам кәфир болып өледі, әрі мәңгі
тозақта жанады.
– Ол қалай мүмин болмайды, Алланың рас екенін білді ғой?
– Құранға сенемін, Құраннан келтірілген дәлелел дерді қабылдай
-
мын десең Құранмен сөйлейін ал сенбеймін, дәлелі жарамайды де
-
сең Исламға қарсы шыққан дармен сөйлескендей дәлел келтірейін.
– Құранға сенемін, дәлел келтіре бер.
236
– Алла Тағала иманды екі ағза арқылы келтіруді шарт қылды.
Ол – жүрек пен тіл, осы екеуінің біреуі мен ғана емес. Бұл жай
-
ында Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.у.) хадистері көп. Алла
Тағала былай деді:
Достарыңызбен бөлісу: |