Табигиндер



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

АМИР ИБН ШУРАХАБИЛ
немесе 
ӘШ-ШАҒБИ
 
«Әш-Шағби
1
 терең білімді, өте биязы адам болатын.  
Исламда оның орны бөлек»
(Әл-Хасан Әл-Басри)
Әл-Фәруқтың  (р.а.)  халифалығының  алтыншы  жылында  мұ
-
сылмандар бағына бір нәзік бітімді нәресте дүниеге келді. Өйткені 
анасының  құрсағында  оны  сы ңары  езіп,  еркін  дамуына  кедергі 
болды. Бірақ жарық дүниеге шыққаннан кейін ғылым үйрену, ақыл 
кеңес тыңдау, жаттау, ой қорыту жолында ешкім оның емін-еркін 
дамуына  кедергі  бола  алмады.  Ол  –  халық  арасында  Әш-Шағби 
деп танылған Амир ибн Шурахабил Әл-Хумәйри, мұсылмандар
-
дың кемеңгері еді.
Әш-Шағби  Куфа  қаласында  туып-өсті.  Бірақ  Мә дине  қаласы 
жүрегінің қалауы, өмірлік арманы болатын. Қасиетті жерге саха
-
балармен кездесіп, хадис алу үшін жиі барып тұратын. Сол сияқты 
сахабалар  да  Куфаға  Алла  жолында  соғысқа  сол  жерден  аттану 
үшін  немесе  сол  жерде  тұрақтауға  келетін.  Ол  ұлығ  сахабалар
-
дың бес жүздейін көру бақытына ие болды. Әли ибн Әбу Талиб, 
1 Бұл кісі осы атпен кең танылған.


 84 
Сағд ибн Әбу Уаққас және Зәйд ибн Сәбит сияқты сахабалардан 
хадистер риуаят етті. Сонымен қатар, Убадаһ ибн Әс-Самит, Әбу 
Муса Әл-Әшғари, Әбу Сағид ибн Әл-Худри, Ән-Нұғман ибн Бә
-
шир, Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ ибн Аббас, Ади ибн Хатим, 
Әбу Һурайраһ, мүминдер анасы Айша және тағы басқа сахабалар
-
ды кездестірді. 
Әш-Шағбидың  ақылы  кемел,  жүрегі  судай  таза,  зейіні  алғыр, 
жаттау және ұғу қабілеті өте мықты болатын. Ол жайында дерек
-
терде былай делінген:
Қара қаламмен ақ қағазға жазған емеспін. Хадис айтылса, жат
-
тап алдым. Біреу бір сөз айтса, қайталап сұраған емеспін. 
Жігіт ғылым-білімге құштар болды. Сол жолда барын салды, 
басқа ештеңеге көңіл бөлмеді. Көптеген қиыншылыққа тап болды. 
«Кімде-кім  Шамның  қиырдағы  түпкірінен  Иеменге  дейін  ба
-
рып,  өміріне  пайдалы  бір  сөз  үйренсе,  оның  сапары  босқа  кет
-
пеген» деп айтушы еді. Оның білім жа йында айтқан мына сөзіне 
тоқталмай  кетуге  бол майды:  «Ең  аз  үйренген  салам  поэзия  еді. 
Жаттаған өлең дерімді оқысам, бір айтқан жырды қайталамай бір 
ай бойы тоқтамай жырлайтын едім». 
Куфа  мешітінде  алқа  құрып  дәріс  беретін.  Алқасына  адамдар 
көп жиналатын. Солардың ішінде сахабалар да болатын. Бір күні 
Абдуллаһ ибн Аббас оның ғазауаттар жайында егжей-тегжейлі ай
-
тып жатқанын естіп:
– Оның айтып отырғандарының біразын өз басым нан өткіздім. 
Ол сол оқиғаларды менен де жақсы жет кізеді екен. Оның ой өрісі 
кең, зейіні өткір екен. 
Өзінің айтуынша:
Екі кісі өзара ерегісіп қалып, алдыма келді. Бірі – Әсәд тайпа
-
сынан,  екіншісі  –  Амир  тайпасынан.  Амирлік  үстем  шығып,  ба
-
сынып,  жолдасын  сүйреп  алып  келіпті.  Әсәдтық  болса  бейшара 
«жібер, жібер» деп жалынып тұр. Амирлік болса:
– Әш-Шағби маған рұқсат бермейінше сені жібер меймін, – деп 
долданып тұр екен.
– Досыңды жібер! Араларыңдағы дау-дамайды ше шіп берейін, 
– деп, Әсәдтыққа қарап, – сен неге оның алдында мүсәпір боп қал
-
дың? Сендердің руларыңнан арабтарда болып көрмеген алты тұлға 
шықты емес пе?! – деп сұрадым. 
Біріншісі – Сендердің руларыңнан шыққан әйелге жаратылыс 


 85 
мырзасы Мұхаммед ибн Абдуллаһ (с.а.у.) Алла Тағаланың жеті қа
-
бат көктен түскен бұйрығы бойынша үйленді. Олардың арасында 
елшілік жасаған – Жәбрейілдің (а.с.) өзі еді. Ол – Ұммүл-мүминин 
Зәйнәб бинті Жахш. Бұл – сендердің қауымдарыңның ішінде басқа 
арабтарға берілмеген үлкен құрмет. 
Екіншісі – сендердің тайпаларыңнан шыққан, жер бетінде жүр
-
ген  жәннат  тұрғындарының  бірі  Укәшә  ибн  Михсан.  Бұл  –  сен
-
дердің артықшылықтарың. Басқаларда ондай артықшылық жоқ. 
Үшіншісі – Исламда тұңғыш рет тігілген ту сендерден шыққан 
Абдуллаһ ибн Жахшқа берілді. 
Төртіншісі – тұңғыш бөлінген олжа соның олжасы болатын.
Бесіншісі – «Ридуан» уәдесіне бірінші рет ант берген сендер
-
ден шыққан Әбу Синән ибн Уәһб болатын. Ол Алланың Елшісіне 
(с.а.у.) келіп:
– Әй, Алланың Елшісі! Қолыңды аш, уәде беремін, – деді. 
– Не нәрсеге? – деп сұрады, Пайғамбар (с.а.у.).
– Жүрегіңдегі нәрсеге?
– Жүрегімдегі не ол?
– Жеңіс немесе шәһид болу.
– Иә! – деп уәделескен екен. 
Әбу Синәннан кейін көптеген мұсылмандар уәде лескен.
Алтыншысы – Әсәд тайпасы Бәдір шайқасында мүһә жирлердің 
(Мәдинеге дін үшін көшіп барғандар) жетіден бірін құрады. 
Амирліктің жүзі қарауытып, үні шықпай қалды. 
Бұл арада Әш-Шағбидің әлсізді күштінің алдында қолдап оты
-
рғанында күмән жоқ. Егер Амирлік шарасыз жағдайда қалса, ол 
Амир тайпасының артық шылықтарын айтып көмектесер еді. 
Халифалық  Абдүлмәлик    ибн  Мәруанның  қолына  өткен  кез
-
де, Ирактағы әкімі Әл-Хәжжәжға маған ке ңес ші болатын әрі сұх
-
бат  құратын  діні,  ділі  түзу  адам  жібер  деп  жазыпты.  Сонда  Әл-
Хәжжәж Әш-Шағби ді жібереді. Ол халифаның көңілінен шығып, 
өзіне жақын ұстап, қиыншылықта – біліміне, жайшылықта ақылы
-
на сүйеніп, басқа елдерге елші қылып жіберетін болыпты. 
Бір күні Византия королі оны Юстинианға ерекше тапсырма
-
мен  жіберді.  Юстиниан  оны  жылы  қа былдап,  сұхбат  барысында 
оның ақылына, парасатына, шешендігіне таң қалып, әдеттен тыс 
көп уақыт ұстап қонақ қылған екен. Византия императорынан Да
-
машыққа қайту жайында рұқсат сұрап келгенде, король:


 86 
– Патша отбасының мүшесісің бе? – деп сұрапты.
– Жоқ, қара халықтан шыққанмын, – деп жауап бе реді ол.
–  Патшаңа  барған  кезде  не  білгеніңді,  не  көргеніңді  айтасың 
ғой. Бірақ мына хатты ең соңынан бер, бұл – құпия, – деп бір хат 
ұстатады.
Дамашыққа оралған Әш-Шағби тез арада халифамен жолығуға 
тырысады. Оған барлық болған жайды, қандай әңгіме айтылғанын 
баяндап береді. Мәжіліс соңында «сізге мына хатты беріп жіберді» 
деп, хатты ұстатып шығып кетеді. Халифа хатты ашып оқи сала, 
«Әш-Шағбиды шақырыңдар, тез қайтарыңдар», – деп бұйрық бе
-
реді. Әш-Шағбиға қарап:
– Мына хатта не жазылғанын білесің бе? – дейді.
– Жоқ, Әмирүл-мүминин!
– Маған Византия патшасы былай деп жазып жі беріпті: «Мына 
кісіден басқа адамды патша етіп сай лаған арабтарға таң қаламын». 
Ол хатты оқып болғанда сөзді Әш-Шағби іліп әкетеді:
– Сізді көрмегендіктен айтып отыр. Сізді көрсе, бұ лай демеуші 
еді.
– Бұл хатты жазғанда не көздегенін білесің бе?
– Жоқ, Әмирүл-мүминин!
–  Сен  сияқты  кеңесшім  болғанын  көре  алмай,  сенен  өлтіріп 
құтылу үшін айдап салып отыр. 
Бұл хабар Византия короліне жеткенде:
– Рас, солай құтылайын деп едім, – деп айтыпты.
Әш-Шағбидың  ғылымдағы  орны  ерекше,  ол  өз  ғасырындағы 
үш ғұламаның төртіншісі атанды. Әз-Зүһри былай деген: Сол ға
-
сырда өмір сүрген төрт ғұлама бар. Олар:
Мәдинеде – Сағид ибн Әл-Мүсәйяб;
Куфада – Амир Әш-Шағби;
Басрада – Әл-Хасан Әл-Басри;
Шамда – Мәкхүл.
Әш-Шағби кішіпейіл болғандықтан, өзін «ғалым» деп марапат
-
тауға, өзіне ерекше ілтипат білдіруге қарсы болатын. Бір кісі оған 
сұрақ қойып жатып:
– Ғалым, фақиһ! – деп құрметпен сөйлеуге тырысыпты. Сонда 
Әш-Шағби:
– Қой, бізде жоқ сипаттармен мақтаушы болма. Фақиһ дегеніміз 
–  Алла  шек  қойған  нәрселерден  денесі  түршігетін  адам.  Ал,  ға
-


 87 
лым Алладан шынайы қорқа тындарға айтылады. Біз екі топқа да 
қосыл маймыз, – деп жауап береді. 
«Бір мәселе бойынша Омар (р.а.) былай деп айтқан, Әли (р.а.) 
былай  деп  айтқан»  деп,  сахабалардың  пі кірлерін  дәлел  ретінде 
келтіріп отырғанда, біреу одан «Сіздің пікіріңіз қалай» деп сұрап
-
ты. Сонда Әш-Шағби:
– Менің пікірімді қайтесің, Омар мен Әлидың пікірі тұрғанда, 
– деп жауап берген екен.  
Әш-Шағби кеңпейіл, жақсы қасиеттерге бай адам болатын. Со
-
нымен қатар, дауласқанды, тартысқанды ұнатпайтын. Әсіресе, өзі
-
не қатысы жоқ мәселелерге тіптен араласпайтын. Бір күні одан:
– Ана екі кісінің арасындағы мәселе бойынша адамдар әртүрлі 
пікірлер айтып жүр, сенің ұстанымың қандай? – деп сұрапты. 
– Қай екі кісі?
– Осман мен Әли (р.а.).
–    уаллаһи!  Менің  қиямет  күнінде  Османмен  немесе  Әлимен 
дауласып тұруымның қажеті жоқ, – деп жауап беріпті.
Білімділігіне қоса, шыдамдылық, байыптылық қа сиеттері мол 
еді. Бір күні біреу оны қатты балағаттап, көңіліне келетін жаман 
сөздер айтыпты. Сонда ол:
– Сенің сөзің рас болса, Алла мені кешірсін. Жал ған болса, сені 
кешірсін! – деген екен. 
Ол сондай керемет ұлығ тұлға бола тұра өзінен мәртебесі төмен 
тұратын  адамдардан  білім  үйрену ден  және  ақыл  сұраудан  бас 
тартқан емес. Оның мә жілістеріне бір бәдәуи қатысып, үнемі үн 
шығармай тыныш отырады екен. Оған: 
– Неге сөйлемейсің? – деп сұрағанда:
– Сөйлемей аман қаламын. Тыңдап білім аламын, – депті.
Осы сөзді Әш-Шағби өмір бойы үнемі аузынан тас тамай айтып 
жүреді екен.
 ***
Ғалымдардың бәріне бірдей берілмеген сипаттар дың бірі – бой
-
ына  біткен  шешендік  өнері  бар.  Сөзі  анық,  тілге  жеңіл,  құлаққа 
жағымды болатын. Ирактың әкімі Омар ибн Хубәйра Әл-Фазазиге 
қамауға алынған адамдар жайында былай депті:
– Әділетсіздікпен қамасаң, оларды әділет шыға рады. Әділетпен 
қамасаң, кешірімді болу – жеткілікті.


 88 
Сөзіне риза болып, қамалғандарды босатып жібе ріпті. 
***
Әш-Шағбидың  кемеңгер  тұлға,  дін  мен  ғылымда  орны  биік 
болғанымен,  өте  ақкөңіл,  әзілқой,  орынды  жерде  қалжыңдауды 
ұнататын жан болыпты.
Әйелімен отырған кезде біреу кіріп келіп:
– Қайсыңыз Әш-Шағби? – деп сұрапты.
– Мынау, – деп әйелін көрсетіпті.
Тағы біреу:
– Іблістің әйелінің аты кім? – деп сұрағанда:
– Тойына қатысқан емеспіз, – деп жауап берген екен. 
Өзі жайында былай деген екен: Өмір бойы біреудің ала жібін 
аттамадым. Құлдарыма қол көтерген емеспін. Қарызы бар туыста
-
рым өлсе, қарыздарын өтедім. 
Әш-Шағби  сексен  жастан  асып  қайтыс  болды.  Оның  жан 
тапсырғанын айтып Әл-Хасан Әл-Басриге жеткізген кезде, басра
-
лық ғалым:
– Алла оны мейріміне бөлесін! Терең білімді, те мір дей шыдам
-
ды кісі еді. Оның Исламда орны бөлек, – деген екен.


 89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет