Табигиндер



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

СӘЛӘМӘ ИБН ДИНАР
немесе
АҚСАҚ ӘБУ ХАЗИМ
«Әбу Хазимнен артық даналыққа жақын адамды көрмедім»
(Абдуррахман ибн Зәйд)
Һижраның 97 жылы мұсылмандардың халифасы Сүлеймен ибн 
Абдүлмәлик  Пайғамбарлар  атасы  Ибраһимнің  (а.с.)  шақыруын 
қабыл алып, ат басын қасиетті мекендерге бұру үшін Үмәйяһ әу
-
летінің астанасы Дамашық қаласынан нұрлы қала Мәдинеге үлкен 
керуенмен асығыс жол тартты.
Таза бақта намаз оқуға құштарланып, Алланың Елшісі Мұхам
-
мед Пайғамбарға  (с.а.у.) сәлем беруге асығып келеді. Керуенмен 
ілесіп ғұламалар, қарилар, хадис ғалым дары, әкімдер және қолбас
-
шылар келеді. 
  Нұрлы  шаһар  Мәдинеге  келіп,  ат  басын  тежейді.  Қаланың 
атқамінерлері мен бетке ұстар қауымы келіп күтіп алды. 
Бірақ күтіп алушылардың ішінде қаланың қазысы, бас ғұлама
-
сы Сәләмә ибн Динар болмай шықты. Күтіп алушылар тарағаннан 
кейін  өзіне  жақын  адамдармен  қосылып  мәжіліс  құрған  халифа 
былай деді:
– Жүрек деген – темір сияқты. Анда-санда тазалап отырмасаң 
тот басады.
– Иә, Әмирүл-мүминин! – деп отырғандар шула сады.
– Осы Мәдинедегі кемеңгер сахабаларды көрген кісі бар ма?
– Иә, бар. Ол – Ақсақ Әбу Хазим.
– Кім ол Ақсақ Әбу Хазим?


 90 
– Ол – осы қаланың қазысы, бетке ұстар ғалымы. Көптеген са
-
хабаларды көрген тәбиғиндердің бірі. 
– Шақырыңдар, келуін өтініңдер!
Әбу  Хазим  келгенде  халифа  қошеметпен  күтіп  алып,  қасына 
жақын отырғызып:    
 
  
– Бізге көрсеткен ілтипатыңыз қайда? – деп әзіл деді.
– Неге бұлай дедіңіз? 
– Қаланың бетке тұтарлары келіп қарсы алды, сіз келмедіңіз?
– Ілтипат танысқаннан кейін болады. Бұрын мені танымайтын 
едің, мен де сені көрген емеспін. Ілтипат көрсетпедіңіз деуіңіздің 
жөні жоқ, – дейді ол. Халифа отырғандарға:
– Шәйх ақталуда тауып айтты, халифа әзілдеуде қателесті, – деп 
Әбу Хазимге қарап:
– Көкейімде жүрген сұрақтар бар еді, сізге айтып шерімді тарқа
-
тайын деп едім, – деді. 
– Сұраңыз, Алла жәрдем берсін.
– Әбу Хазим! Не себепті өлімді жек көреміз?
–  Өйткені  дүниемізді  абадтандырып,  ақыретімізді  бұздық. 
Абадтандырған жерден бұзылған жерге ауысу қиын. 
«Дұрыс айтасың, дұрыс айтасың» деп, қоштаған халифа тағы да:
– Білсем екен! Бізді Алланың алдында не күтіп тұр? – деп сұра
-
ды.
–  Амалыңды  Алланың  кітабында  айтылғандармен  салыстыр, 
сонда не күтіп тұрғанын білесің.
– Қай аяттарда?
–  Мынау  аяттардан  табасың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет