Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет26/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Бір  мезгілде орман жақтан бір  үрейлі дауыс шыққан секілденді.
Ақбілек   елегізи   бастады.   Манадан   бері   жалмауыздай   көріп
отырған   үңірейген   қосқа   жалма-жан   кіріп   кетті.   Ауылда   қой
күзетіп жүргенде қасқырлардың ұлығанын әлденеше естіген: әлгі
дауыс   соған   ұқсайды.   Апырым-ай!   Қасқыр   келе   ме?..   Онда
қайтем?.. Қой, келмес: қоста кісі бар деп ойлар, қорқар: қостың
айбыны бар ғой... Әлде манағылардың кетіп қалғанын олар да білді
ме? Олар барда қасқырдың даусы естілмеуші еді ғой...
Қостың   есігінен   ептеп   сығалайды.   Қараңғыда   бірдеңе   қараң
еткендей болады. Бірақ дыбыс білінбейді. Қорыққанға қос көрінген
шығар   деп   жориды.   Өзіне   қайрат   бергісі   келеді.   Оған   да
болмайды: ұлыған дауыс әнтек толастап бара жатады да, тағы
да   естіледі.   Бара-бара   ұлу   молаяды,   тауды   күңірентіп   өзге
дыбыстың бәрін басып кетеді. Ақбілектің қолы өзінен-өзі қостың
бір сырығын суырып алады. Құлаш төс жарадай қайың сойылша.
Сойылшаны қос қолдап бауырына   таман қысып  қояды,  бір   ұшы
қостың   сыртында.   Қасқыр   келсе   қару   қылмақшы.   Ұлыған
дауыстар   саябырлаған   тәрізденеді.   Сойылшаны   жерге   сұлатып
салып,   Ақбілек   азырақ   бой   тоқтатады.   Бірақ   онысы   ұзаққа
бармайды: бұлақ жақтан су сылдырлағандай болды...
Бұл   немене?..Адам   ба?   Аң   ба?..   Кім   болса   да   қатерлі.   Ақбілек
сойылына тағы жармасты. Демін ішіне тартып, сілейіп қалды.
Кешікпей-ақ қара түнге қаз қатар, дөп-дөңгелек екі көз пайда бола
кетті. Екеуі де қып-қызыл жайнаған от. Ақбілек атып түрегеліп,
қостың   түкпіріне   бұғып   отыра   қалды.   Әйтсе   де   байыз   таба
алмады,   сойылы   қостың   аузында   қалып   қойыпты.   Ақырын
еңбектеп, қостың аузына қолын созып, жерді сипалады. Сипалап
жатып сығалап еді, екі от төртеу болды. Сөйткенше болмады,
олардың   артын   айнала   көлденеңдеп   екі   қызыл   көз   тағы   өте
шықты. Алты от Ақбілекке алпыс оттай көрінді.  Қараңғы түн
қаптаған қызыл көз болды да кетті.
Оттар бір жалт етіп, бір сөніп, елбелектеп, таянып келе жатқан
тәрізді.


Ойлағаны келді ме?.. Мінекей, шөпті сыбдырлатып келіп қалды.
Әне, қараң ете түсті...
Ойбай-ай! Бір топ қасқыр!..
Енді қай жаққа барайын?..
Ал, міне қостың төңірегін сылдыратып, жер тіміскіп жүр...
Ой, жасаған-ай! Тауып алар ма екен?..
Ойпырым-ай!   Әне   біреусі   от   басындағы   сүйекті   қытырлатып
кемірді.
Мынаны   көріп   Ақбілектің   не   жаны   шықпай   отыр   десейші!..
Ақбілек   үнін   шығаруға   мұршасы   келмей,   өлген   кісідей   отырған
жерінде сіресіп қалды.
Әлден   уақытта   арсалаңдаған   бір   аш   қасқыр   Ақбілек   отырған
қостың  аузына   келіп   қалды.   Ақбілектің   жан  даусы  түнді   тіліп,
жібергендей шыр ете түсті. Қасқыр біткен жарық беріп, көздері
жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Қасқырлар
ырылдасып,   күрілдісіп,   бураша   шабынып   тұрып   алды.   Ақбілек
қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей, жалма-жан ұшырып,
қостан   атып   шығып   «Қараңғыда   көзім   жоқ...»   деген   балаша
айналана дөңгелене, айғайды салып, ағашын сермей берді...
Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығады. Қасқырға тие ме, қосқа
тие   ме,   әйтеуір   ағашы   кейде   бірдеңеге   тигендей   қолы   сүйсініп
қалады.   Қасқыр   одан   жаман   өршеленеді.   Ақбілек   жан   ұшыра


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет