Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет34/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Ақбілекке ұстатып, бір лықытып қалды да әлуетті дуана адымдай
жөнелді.
Ақбілек   дуанаға   аттай   мініп   келе   жатқанына   күлерін   де,
жыларын да білмеді. Әйтсе де көңілі жайланайын деді. Өйткені ол
орыстың өңгеріп алып қашқанын да көрді ғой. Онда оның алды да,
арты да — қараңғы көр еді ғой. Онда адам болам деген үміт жоқ,
қорлыққа да, зорлыққа да, өлімге де, ұятқа да басын байлаған еді.
Енді оның мініп келе жатқаны адам баласына қиянаты жоқ әулие
— дуана. Оның келе жатқан беті – ауылы, әкесі. Әкесін көреді,
құшақтап   көріседі;   апасына   құран   оқытады;   әкесін   апасындай
болып күтеді. Бірақ өзін-өзі қалай жұбатса да, жүрегінің басында
түйіртпектеліп, бір зілді нәрсе жатыр; ол түйіртпек арқандаған
аттай, қуаныштың құлашын жаздырмайды; бер жағы бұған да
шүкіршілік   еткісі   келсе,   ар   жағы   бұлт   құрсаған   күндей


жадырамайды.   Езуі   ғана   жымиған   болады,   бет-аузы,   көзі
күлмейді, ілгіштеніп жібермейді.
Дәл   мінер   кезде   тайсалғаны   болмаса,   жүре-жүре   Ақбілек   бала
кездегі   апасының   мойнына   мініп   келе   жатқандай,   астындағы
дуана екенін де ұмытып, бала күні есіне түсті. Онда теңбіл ақ
шыт көйлегі бар балағының аузын қарала батсайымен көмкерген
қызылсаң   дамбалы   бар,   айдары   селтиген,   жалаң   аяқ   жүгіріп
жүретін   сүйкімді   қыз   еді.   Ақ   қарабас   ылақайына   қызыл   шашақ
тағып, үкілеп, ат қып мініп, өзі құрбы балалармен жарысар еді.
Жатқан   сары   атанның   үстіне   бала   біткен   жабылғанда,   атан
ұшып   түрегеліп,   балалар   өркешіне,   мойнағына   жабысып
«жығылдым,   жығылдым!»   деп   шуласар   еді...   Түйенің,   жардың,
томардың,   тастың   арасына   жасырынбақ   ойнар   еді...   үйдің
сыртына мосыдан күрке істеп, ішіне киім төсеп, шиден істеген
қуыршақтарын   отырғызып,   күйеу   келтіріл,   келін   түсіріп,   шәлі
салындырып,   көрімдік   сұрап,   үлкен   қатындарша   тамсанысып,
сынықсып   сөйлесер   еді...   Апасының   көйлек   пішіп   қойған   шабуын
қуыршағына киім қылам деп, қиып тастап, апасынан таяқ жер
еді. Сонда апасы жақсы көрер еді: «Ақ шұнақ қыздан айналдым!»
деп бауырына қысып, бетінен шөпілдетіп сүйер еді. Сол апажаны
қайда?   Жасаған-ау,   оның   үңірейіп   қалған   орны   немен   толады?
Үйіне барғанда маңдайынан кім иіскейді. Кіммен көрісіп, жылап,
мауқын басады? Ақбілектің көңілі бұзылып, көзіне жас кеп қалды.
Енді   болмаса   жылайтын   еді,   аяқ   астынан   дір   етіп   ұшқан
бозторғай көңілін бөліп, жасын тоқтатуға себеп болды. Ол кезде
күн батып, сам жамырай бастап еді.
Манағыдай емес, дуананың аяғы қоюланайын депті... Бір-екі өрге
келгенде дуана Ақбілекті арқасынан түсіріп, дем алды; құрысқан
белін   қайқайып   жазып,   құнақ   жылқыша   сілкінді.   Ақбілек   өзі
жүрейін   десе   де,   дуана   болмай   тағы   арқалап   алды.   Ымырт
жабыла ит даусы естілді. Ақбілек қуанып кетті:
— Ауылға жақындадық қой!— деді.


— Жақындадық балақайым, жақындадық! — деп, дуана Ақбілекті
тағы бір лықытып жауырынына таман шығарды.
Сүт   пісірім   болған   жоқ,   тезек   исі   жұпар   иісіндей   Ақбілектің
мұрнын жарған кезде:
— Келдік, дуана-еке! Енді өзім жүрейін,— деді.
— Ә, балақайым, әлі бірталай жер бар,— деп, дуана түсірмеді.
Ақбілектің   мұрны   қоңырсыған   сүттің   иісін   сезгенде,   дуана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет