Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет31/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

ма деп қорқып, отыруға тағы дәті шыдамай, не екенін білгісі келіп
барады.   «Орыс   болса   бәрібір   құтыла   алмаспын,   жан-жағым
жалтаң. Неде болса көрейін»,  – деп, әнтек отырған соң, ептеп
көтеріліп, сығалады. Шошақайдың үкі секілді бірдеңесі былғаңдап,
өзі   қимыл-қимыл   етіл   дөң   астымен   Ақбілекпен   жарыса   кетіп
барады. Орыста мұндай нәрсе жоқ еді ғой деп ойлауы-ақ мұң екен
– шошақай жуандады: бас болды: кәдімгі дуананың басы. Әнеки
қолындағы асасы да шошаң етті.
— Әй, дуана! — деген сөз аузынан қалай шығып, қалай қойғанын
Ақбілек өзі де білмей қалды.
Дуана аяқ астынан үріккен жылқыша, жарқ беріп, лоқып, әнтек,
тұра   қалды   да,   бұрылып   Ақбілекке   қарай   жүрді.   Тани   кетті
Ақбілек:   етегін   кірмен   зерлеген,   төбесін   үкі   сәндеген   басында
найза,   ақ   тақия;   қолында   шаңкіш   асасы:   асасының   өн   бойы
шығыршық,   көбшік,   сылдырмақ;   үші   қозы   жауырын,   мойнында
жұмыр   тәсбісі;   танауы   таңқиған,   омырауы   аңқиған,   кеңірдегі
сорайған,   жіліншегі   сидиған,   саусақтары   шибиған,   үркек   малша
оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті,
жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын — Іскендір екен
кәдімгі.
Іскендірің   кім?   Ақбілекке   зияны   тимес   пе?   Ендеше,   ол   аяңдап
Ақбілекке   жеткенше,   Іскендірдің   қандай   адам   екенін   айтып
көрейік.
Бұл   Іскендір   дуананың   бармаған   жері,   баспаған   тауы   жоқ.   Бұл
Өскеменің, бұ Зайсаныңыз, бұ Семейіңіз, бұ Қарқаралыңыз — бәрін


де Іскендір жалаң аяқ шарлаған. Ол ат арбаны да, барақотты да
көрген, «Бо-о-ракөт-ау, бо-о-ракөт!..» деп оған өлең де шығарған.
Іскендірде үй жоқ. Кез келген үй — оған үй. Тау, тас, сай-сала, ескі
мола – бәрі де оған үй. Онда ел де жоқ. Оның елі — дүйім қазақ.
Онда   мал   да   жоқ.   Тұрған   күйі   әлгі   өзіңіз   көрген.   Ол   дүние
жимайды.   Ақша   берсең,   кез   келген   ауылдың   балаларын
жарыстырады   да,   бәйгеге   үлестіріп   жібереді.   Іскендір   дорба
салмайды:   ірімшік,   құртыңды   алмайды.   Оған   қолма-қол   ішетін
тамақ берсең болғаны. Төрдің алдына шарт жүгініп отырады да:
«Алла һақ!» деп бір ақырып, қылқ еткізіп қағып салып, асасын бір
тіреп тұрып кетеді. Тана-моншағын, үкісін сұрасаң Іскендір бере
салады. Бірақ қыз-келіншектерден өзі сұрап алады.
Іскендір   өтірік   айтуды,   кісі   алдауды   білмейді,   адам   баласына
жамандық   ойламайды.   Үлкенді   –   әке,   аға   –   деп   тұрады.   Мейлі
жаңа   түскен   келіншек   болсын,   қатын   біткенді   «шеше»   дейді.
Еркек,   әйел   деп   айырмайды,   бала   біткенді   «балақайым»   дейді.
Кісіге   өмірі   қатты   сөз   айтпайды.   Өзін   ренжіткен   адамға   түк
демейді, тек басын шайқайды.
— Дуана, міне бір қияңқы баланы қорқытыңызшы!— десе:
—   Қой,   балақайым   жақсы,   қорқытпа,   қорқытпа!—деп   басынан
сипайды.
Іскендір   әсіресе   балаларды   жақсы   көреді.   Іскендір   келсе,   бала
біткен   шұбырып   соның   соңында   болады.   Ит   біткен   шулап
артында жүреді. Іскендір асасын жайқап аяңдай береді, асасынан
тістеп жатса да итті ұрмайды. Балалар оқып жатса, Іскендір
жетіп барып молдасына қол береді, балалар да қуанып дуанаға қол
береді. Іскендір балаларды молдадан жалынып сұрап алып, азат
қылады. Кейде қонған ауылда кешке таман Іскендір үй жанында
жүгініп   отырып,   оң   қолының   білезігінен   бір   балаға   ұстатады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет