Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет32/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

олай-былай сілкіп, баланы жығады. Ол күрескені. Балалар қызық
көріп,   кезек-кезек   күреседі.   Бала   жығылып   қалса:   «А,   балуаным,
жығылып   қалдың»   деп   қолын   қоя   береді;   жығылмаса:   «А,
балуаным, сен жықтың» деп, басын сипайды.


Іскендір   не   десең   соған   нанады.   «Пәленше   сені   шақырыпты,
қаладан көмір әкеп берсін» депті десе: «А, солай ма?» деп, салып
жүріп   кетеді.   Қыстың   қызыл   шұнақ   аязында   Іскендір   елу
шақырым жердегі қаладан Исақай ешенге бір қап көмір әкеп берген
күндері болған. Сонда қарды бұрқыратып, жалаң аяқ жүреді; ол
өмір бойы аяғына лыпа ілген жан емес.
Іскендір мақтағанды сүйеді. «Дуана еке, порақотпен жарыстыңыз
ба?»   десе:   «Е,   әке,   жарыстық   қой»   дейді.   Ол   жүйрікпен   де,
жорғамен де, от арбамен де жарысқан болады. Бірінен қалдым деп
айтпайды.   Бар   мақтанатыны   —   жүйріктігі.   Кейбір   көрген
адамдар   бәйге   атынан   қалып   қойған   деседі.   Ауыл   маңында
ерегестіріп, тай, байталмен жарыстырғанда, екі-үш шақырымға
дейін оздырмайды. «Дуана, неғып шаршамайсың?» десең, «Е, құдай
қуат береді де» дейді.
Іскендір бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Бір үйге кірсе,
«һақ!» деп бір ақырып, бетін бір сипап, шығып жүре береді.


Ол   құмалақ   салмайды,   бал   ашпайды.   «Обал»   деп   басын   бірақ
шайқайды. Ол намазға да онша құнтақты кісі емес. Кейде жұрт
намаз оқып жатса, дәрет алмастан жалаң аяқ барып, қатарға
тұра   кетеді.   Көбінесе   оқымайды.   Біраз   аузы   жыбырлап,   ішінен
ыңылдап  бірдеңе айтып жүреді. Анда-санда «һақ!» деп күңірене
ышқына бір ақырып қояды.
Іскендір көп сөйлемейді. Жауапты қысқа-қысқа қайырады. Сөйлесе
кейде тақпақтап кетеді. «Дуана, союға қойымыз жоқ еді» десе:
А, қойыңыз болмаса ойыңыз болды,
Ойыңыз болса, тойыңыз болды...— деп жыбырлатып әкетеді.
Іскендірдің   қабақ   шытқанын   жан  көрген   емес,   қашан   көрсең  де
жайраңдап,   жымиып   отырғаны.   Іскендірдің   неғып   мұндай»   боп
жаралғанын,   оның   кеудесінде   не   қылған   жүрек,   тамырыңда
қандай   қан,   бойында   неткен   қайрат   барлығын   ойлайтұғын   бір
адам   жоқ.   Ел   тек   оны   «Дуана,   дуана»   дейді,   «Бір   алуан   адам»
дейді.   Іскендірдің   өмірі   жұмбақ.   Қалайда   Іскендір   –   адам.   Бұл
неткен адам?..
Әлгі   Ақбілекке   кез   болған   Іскендеріңіздің   жайы   осы   еді.   Дуана
Ақбілекке жетіп келіп:
–   А,   балақайым,   алақайым,   шырақайым...   Қайдан   келесің?   деп
басын сипады.
Ақбілек не дерін білмей күбілжіп, міңгірлеп қалды.
–   Дуана   еке,   мен...   мен...   Мамырбай   ақсақалдың...   –   дей   берді.
Орыстар алып кеткенін айтуды ұят көрді. Үндемеудің тағы да
жөні жоқ; қалайда бірдеңе  айту керек болды. Мандайын сипап,
көзін   жыпылықтатып,   төмен   қарап:   —   Мен   Мамырбай
ақсақалдың   баласы   едім...   ауылымнан   адасып,..   ауылымды   таба
алмай жүрмін...— деді.
Дуана қалай, неғып адасып жүргенін сұрамады:
–   Е,   балақайым,   адасып   қалдың   ба?..   Мамырбай,   Мамырбай,
Тәуірбай, Сауырбай... білем, білем... алып барайын, бағып қарайын,
жолға салайын, — деп қолынан жетелей бастады. Қайдан, неғып
келе   жатқанын   сұрамағанға   Ақбілек   қуанып,   еріп   жүре   берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет