Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет40/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

жаттап та көрген жоқ еді; қыз болып ұзатылуға да әлі талай
заман бар ғой деп, балалығы айырылмай жүрген 15 жасар бала
ғой: Шешесі өлгеннен бері дауыс қып, жоқтағандай болған жоқ; өз
басына күн туып кетті. Қатыңдар онысын есеп қыла ма, сөйлемей
көріскенін жас баланың жылағанындай көріп, айыздары қанбады.
Жыласып, көрісіп үндемей темен қарап, біраз отырысты. Әлден
уақытта Әмір атасы отырып:
—   Түнде   осы   ауылдан   хабаршы   барған   соң,   жата   алмай   қолға
түскен атпен жүріп жеттік, – деп қалай келіп қалғанын білдірді.


Мұсабай жаман ойдың ұшығына шыға алмай жатқанда Бірмаған
жақсы   атты   кісі   бола   қалайын   деп,   түнде   шапқызған   екен.
Бірмағанның қызыл қатыны өзгеден төрі омыраусып, Ақбілектің
қолын   ұстап   айырып   жүргені   сол   екен.   Қызыл   қатын   қарап
тұрмай:
—   Естігенде   өз   баламыздан   жаман   аядық...   Қайтейік,   не   амал
бар? – деді.
Әмірдің бір жолдасы:
—   Ағайынның   ағайындығы   осындайда   көрінеді   де,   —   деп,
«Бозінгенге» көзінің құйрығын жіберді. «Жайда көсемсіп жүруші
ең,  бұ күн қайда қалдың» дегендей  қылды. Өйткені Мұсабайдың
Мамырбайға   қиғаштығын   білуші   еді.   Және   Мұсабайдың   биесін
ұрлаған кісімен бұ жігіт жекжат еді.
Жігіт   оны   айтқанда,   қызыл   қатын   мардымсып,   иығын   бір
көтеріп:
— Е, о не дегенің... біз анау-мынау қазақтай боқтан өзгені қылға
тізбейміз,— деп келе жатыр еді, Бірмаған отырып:
— Керегі не сондай сөздің!— деп қатынын тоқтатты.
Бұл   сөздің   бәрі   «Бозінгенге»   жарадай   тиді:   ләм   деуге   айтары
болмай,   тымырайып,   жаялық   ернін   жымыра   берді.   Түнде   әлгі
қорсылдаған шошқа бір атты қинағанда, бүгін «Бозінген» бұл сөзді
естір ме еді! Шірік ит! Талай жерде өлтірді-ау!
Күмсінай  шай даяр екенін білдірді. Ауыл кісілері тысқа шықты.
Қызыл қатын Ақбілекті үйіне қонаққа шақырып еді, Әмір тәңір
жарылғасын   айтып,   ауылға   жеткенін   мақұлдады.   Бірмаған
жабысып көріп еді, қонақтар асыға берді:
— Ендеше, Ақбілекке кер жорғамды ерттеп, өзім апарып салып,
қайтайын,— деп, Бірмаған тысқа жөнелді.
«Бозінгенге» бұ жұмыс та қатты тиді. Үйіне келіп:
— Өмірі абұйыр байланбаған сұқым! Отыр енді албасты басит! –
деп, байын тағы бір мүжіді.
Мұсабай үндемеді. Қатын шіркін бір жеңіп алған соң, таң атыра
ма?   Өзінен   шығар   өнері   болмаған   соң,   Мұсабай   қатынға   қол


тапсырып, пір қылған ғой. Қатыны болмаса, бұл Бірмағанның құлы
емес пе? Бірмағанның әнтек қолы кеміп бара жатқаны, әйтпесе,
мұның қасында анағұрлым адам ғой. Бірмағанның қолы кемігеннен
ғой   ана   жылғы   сайлауда   ауылнай   болып,   кісі  қатарына   ілінгені.
Одан бұрын бұл кісі ме еді. Бір «Безер ит» еді.
Сол   Бірмаған   кер   жорғасына   көрпе   салып,   ерттеп,   Ақбілекке
мінгізді, бір байталға мініп өзі қасына ерді. Дуана өз жайына кете
барды.
* * *
Жолда келе жатқанда, Әмір ағалары: «Дуананың кез болып алып
келгені   жақсы   бопты»   десіп,   дуананың   да   пайдасы   тиетіндігін,
оның жүрмейтін жері жоқ екенін, бірақ тіленшілік қылмайтынын,
жазы-қысы   жалаңаяқ   жүретінін,   тегінде   «тегін»   еместігін
айтысты. Одан кейін ұсталған ақтарды, Мұқашты сөз қылды.
Ақбілек   орталарында   жорғақтатып,   төмен   қарап   келе   жатып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет