Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет36/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Дуана байыз тауып тұра алмай:
— Жата-жастана естірсіз. Рұқсат па?— деді.
—   Ойбай-ау!   Ана   байдікі   тұрғанда...   біздің   қонақ   күткендей   не
жайымыз бар...— дей бергенде, Ақбілек те ілгері таман бір аттап:
— Жеңгей, шалап берсеңіз де ырзамыз. Сіздікін қалап келдік,— деді.
— Ойбай-ау, қарағым-ау! Қалап келсеңдер енді амалым бар ма...
айран-шалапты   бөліп   ұрттарсыңдар,—   деп   қатын   Ақбілектің
нәуетек   даусын   естіген   соң,   әрі   іші   жылып,   әрі   таңырқап,
«Қонамыз» дегенге әлдеқандай боп қалды.
—   Ендеше,   үйге   кіріңіздер!—   деп,   көң-күлімсі   сасыған   тапал
қорасына қарай бастады. «Қадаға бастарыңды соғып алмаңдар.
Бері, бері!» деген дыбысымен екі қонағы соңынан еріп, шалжиған
тапал есіктің орқаш табалдырығынан аттап, үйге кірді. Есіктің
жіп   тұтқасын   Ақбілек   бір-екі   тартып   еді,   мұрны   жырық
тартыншақ түйеше кегжиіп келмеген соң, қоя берді.
Үй-іші   тастай   қараңғы.   Қатын:   «Былайырақ,   әр   таман»   деп,
дуананы итбектеп бір жерге таман апарды. Дуананың етегінен
ұстап Ақбілек те барды. «Бұ кім апа, бұ кім?» деген жас баланың
даусы да шықты. Ақбілектің аяғына шөп сыбдырлайды. Үйдің іші
сасық. Әйнек сымақ бір күңгірт тесік көрінеді. Жерде жатқан бір
шоқпытқа   сүріне-мүріне   Ақбілек   дуананың   қасына   таман   келіп
отырды. Отыра бергенде дуананың «һақ» деген даусы саңқ ете
түсті. Ақбілек шошып қалды. Қатын: «Көтек» деді. Бір бала шыр
етіп   жылап   қоя   берді,   ересектеуі:   «Апа,   апалап»   апасына
ұмтылды. Апасы жылаған баласына:
—   Шығарма   дауысыңды!   Ал,   дуана!   Құлақ   кеседі!—   деген   соң,
баласы қоя қойды.
— Ә, балақайым, жылама! Кеспеймін, кеспеймін...— деп дуана да
уатты.
—   Шырағданы   түскір   қайда   кетті   жоғалып?   –   деп,   қатын
сипалап күңкілдеп жүріп, тысқа шығып кетті. Аздан кейін қара
құманның   қақпағына   істеген   білте   шырағданын   тапал   пештің
ернеуіне   қисайтып   қойып,   тұмсығына   сұқ   қолымен   май   тигізіп,


қағып-қағып уқалады. Сөйтті де қолын көлеңкелеп, төр жаққа –
Ақбілекке қарады. Қатын бірдеңе сұрап қала ма дегендей, Ақбілек
жалма-жан:
— Жеңеше, суыңыз бар ма? — деді.
— Су жүрегіңді алар, салқын айран бар еді, – деді.
— Ендеше айранға су қосып беріңіз: шөлдегенім әлей еді.
—   Берейін,   қарағым,   берейін,   –   деп,   қатын   күйбеңдеп,   қазандық
жақтағы   аяқ-табағын   салдырлата   бастады.   Сол   кезде   пештің
бұрышынан   ертегінің   қызындай   кішкене   қара   қыздың  дудыраған
басы қылтиды.
Дуана асасын арт жағына сүйеп қойып, шарт жүгініп ыңылдап
отыр. Қара қыздың көзі бажырайып тұр.
Ернеуі   кетік-кетік,   жайпақ,   қоңыр   зеренмен   сусын   әкеп   беріп
жатып,   Ақбілектің   бетіне   үңіле   қарап,   бір   тамсанып   қойды.
Ақбілек сусын ішіп болғанша, қатын көйлегінің жыртық жерінен
ышқырын тыр-тыр қасып қарсы қарап тұрды. Қатын аяғын алып
кетісімен, Ақбілек арт жағын сипалап, бұрыш бұрышта жатқан
шекпен  бе,   шалбар   ма,   кім   білсін,   —  әйтеуір   бір   үйіндіге   басын
қойып, шапанын жамылып, жантая бастады. Ақбілек жантайған
кезде   дуана   сырылып   орын   беріп,   қозғала-қозғала   тысқа   шығып
кетті. Ақбілектің жатып қалғанын көрген соң, қатын да қораға
шықты. Содан арғысын Ақбілек білген жоқ, әбден талығып келген
сорлы   сусын   жұтып,   басы   жерге   тиген   соң,   дамыл   алып   қата


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет