Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет43/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

матүшкелер   сыпсыңдап   кіріп-шығып   жүр;   қолдарында   бөтелке,
шәйнек,   орамал,   шылапшын.   Мұртын   тазының   құрығындай
ширатқан, шашын енесі жалаған бұзаудай тарап, жылтыратқан,
ақ   киімді   дәрігер   де   матүшкелерге   орысшалап,   ауру   жатқан
үйлерді нұсқап, бірдеңе тапсырып жүр. Аурухананың қабырғалары
да,   төбесі   де,   табаны   да   сүргі   тартқандай   теп-тегіс,   маса
тайғандай,   тап-таза.   Мыналарды   көргенде,   өзі   жазылған   соң,
Бекболат: «Ауру қалай жазылмасын» деп ойлайды.
Аяғында көттік пен өкшеден шырай жоқ, сылпылдаған башмақ,
үстінде березе жағалы ұзын сары шапан, басымда ақ орамал —
Бекболат судан шыққан тышқанша солбырайып, сенекпен ептеп
аяңдап, алақтап дәрігерлердің қасынан өтті. Дәрігер «Неге кетіп
барасың?»   дегендей,   Бекболаттың   бетіне   бір   ажырая   қарап,


рұқсат бергені есіне түскен соң, «Жүре бер» дегендей кірпігін бір
қақты.   Бұрын   ауыз   сенекте   олай-бұлай   жүріп   буынын   бекіткен
ғой, бойы тыңайған, тәрізді.
Бекболат сыртқы есікті ашып тысқа шықты. Аурухананың төрт
қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен,
күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде,
бойы   да  кеңіп,   жадырап,   реңі  шырайланып,   ажарланып,   ойы  да
көтеріліп,   шарықтап   елге   қарай   бет   қойды...   еліне   тезірек
қайтқысы   келді.   Жар   дегенде   есіне   Ақбілек   түсті.   «Мен   міне
құдайдың жарық күнін көрдім, жазылдым. Ол осы күнде не күйде
екен? Әлде тұтқында екі көзі жаудырап, жасын бұлап жүр? Әлде,
орыстар өлтіріп тастады? Әлде бір сары орыспен құшақтасып
отыр? Әлде бәрі жабылып...»— деген ойға келгенде, шауып келе
жатып,   биік   жардың   ернеуіне   төніп   қалған   кісіше,   денесі
шіміркеніп,   жүрегінің   астыңғы   жағындағы   бір   нәзік   қыл   үзіліп
кете   жаздағандай   болды.   Бұл   ойды   Бекболат   жараның   беті
қайтқалы күні де, түні де ойлаған, жардың ернеуіне бір емес жүз,
мың   қайтара   таянған,   жүрегінің   нәзік   қылы   да   соншама
тырсылдаған; сонда да бұ жолғы жүрегінің қағысы бұрынғыларға
ұқсамады. Бұ жолы Ақбілекті ойламайын десе де кең дала, еркін,
сайран өмірі еске түскенде Ақбілек те сол сұлу өмірдің гүліндей
жылтырап, көзіне іліне берді.
Бекболат ауруханада жатқанда Төлеген екі-үш рет келіп, көңілін
сұрап   кеткен.   Төлеген   бір   сыпайы,   жатық   жігіт.   Келгенде:
«Жараң қалай? Бойың тәуір ме? Тамаққа көңілің шаба ма?», деген
тәрізді, жарасының жайын ғана сұрайтын. Төлеген қайынағасы
болған соң, Бекболат Ақбілек жайын сұрауға ұялатын. Қарындасы
жайынан о да сөз қылмайтын. Өзі бірдеңе айтып қалар ма екен
деп,   Бекболат   елдің   хабарын   сұрап   жақауратқанда   Төлеген:
«Жалпы   аман   болса   керек...   бөтен   хабар   білінбейді...»—   деп,
Ақбілек жаққа жуымайтын. «Шешесін өлтіріп, қарындасын алып
кеткенде..   соларды   барып   бір   көрмейтін,   соларға   бір   жәрдем
қылмайтын   неткен   жан?   Әуелден   көңілі   қатты   адам   ба   екен?


Қалада жүріп қақайып, қатайып кетті ме? Мұның пайдасын әкесі
қашан көреді?»— деген сұраулар Бекболаттың ойына талай келсе
де,   өзіне   бірдеңе   деуге   аузы   бармайтын.   Өйткені   көңілі   қатты
деуге   —   Бекболатты   жан   тартып,   дәрігерге   қаратып,   көңілін
сұрап келіп-кетіп жүреді. Қарындасы болса кетті. Енді менен не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет