Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет76/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Мұқаш   сөз   қатуға   ерініп,   таңдайын   бір   қағып   басын   шайқады.
Әлден уақытта Мұқашқа да кезек келді.
—   А,   Мукашка!..—   деп   Иванов   қол   ұсынды.   Мұқаш   бүктеулі
қамшысын   сермеп,   балдыр-батпақ   тілмен   Балташтың   қызмет
бермегенін сөйледі.
— Не айтады?..
—   Тыңдамайды...   Өзі   бір   бүржой   көрінеді,   —   деді.   «Қасқырдың
қара   құлақ   шамы»   дегендей,   «Бүржой»   десе-ақ,   балшебек
шамданады деп ұғушы еді. «Бүржой» деген сөзді боқауыздан кем
көрмеуші еді.
— Как буржуй?— деп, Иванов жымыңдап, телефон қақты. Мұқаш
тыңдап тұр.
— Қандай материал? Тастаңыз, тастаңыз! Білем-білем. Бос сөз.
Қалдыр   пожалста.   Жарамайд...   —   деген   сөздерін   ұқты.   Қайда
қалдыр деп, немене жарамайды деп жатқанына түсіне алмады.


Бірақ Ивановтың қабақ түйісінен, қол сермесінен өзіне болысып,
сөйлеп жатқанын сезді.
Иванов тілипонды шылдыратып қойды да:
— Күте тұр. Ертең мәжілісте қараймыз... Сені орналастырамыз,
— деді.
Мұқаш «Бажалстыны» қағып, қол ұстап қоштасып: «Қираттым
ба!» дегендей апыраңдап тысқа шықты.
Көшеде келе жатыр еді, бұрыннан танымал Жақып деген жігіт
жолықты, Жақып  біресе  агент,  біресе  мілитсе,  біресе  істүктір
болып жүретін орысшаға Мұқаштан гөрі жетік пысық жігіт еді.
Сөйлескен жерден:
— Қайырлы болсын! Болыс болды деді ме?— деді.
— Кім айтты?
— Сартау жігіттері айтып жүр.
— Жоқ әлі.
— Ойбай! Ендеше сені болыс қоямыз деп, сұранып жатқан кісілер
бар.
—   Кім-кім?—   дегенде,   Жақып   Мұқашты   ертіп,   ауруханадағы
Жылтырға алып келді.
Жылтыр   қашаннан   күтіп   отырған   немеше   асты-үстіне   түсіп
жылпылдап,   бай   біткенді   оңдырмай,   оның   ішінде   Матайдың
Әбенін іске алғысыз қып, аяғында Мұқашты болыстыққа сұранып
жатқандарын айтты.
—   Болыстықтан   басқа   қызметке   тұрма!   Сені   қайтсек   те
Сартауға   болыс   қоямыз.   Бізге   тек   Әбеннің   енесін   ұрып   берсең
болғаны деп, Мұқашты әбден құтыртты.
Мұқаш не іс қылса, мұнан былай Жылтырға ақылдасып тұрмақшы
болды.   Жылтыр   өзі   «науқас   себепті»   ауруханадан   шыға   алмай
жатқанын ескертіп, Жақыпқа: — Мұқашты апарып қонақ қыл, не
керегін тауып бер,— деп тапсырды.
Жақып   кешке   таман   қаланың   шет   жағындағы   өзі   сияқты
жылмаңдаған   бір   қазақтың   үйіне   әкеліп,   ет   асқызып,   самогон
ішкізіп,   қонақ   қылды.   Атын   жемге   көміп   қойды.   Қалтасына


«жұмсақтан да» басты. Көңіл көтеретін бір әйел де табылды...
Мұқаш   мыршымға   кірді.   Мұқаш   көкіді.   «Болыс   болмаймын»—
деген ой жоқ.
Ертеңінде салып Ивановына барды.
Иванов кешегідей емес, «Мукашке» деп қолын созған жоқ. Салқын
амандасып:
—   Қандай   қызмет   қалайсың?   —   деді.   Балташқа   айтқан   сөзін
Мұқаш тағы айтты. Иванов басын шайқады.
—   Агент   боласың   ба?—   деп   еді,   Мұқаш   болмайтынын   білдірді:
кешеден бері қарадай болыс боп қойған кісі емес пе? Агент болам
деп бұрын былғанғаны тағы есінде. Иванов:
— Олай болса үйіңе қайт, керек қылсақ, алдырармыз, — деді.
Мұқаштың салы суға кетті, не айтарын білмеді.
Әңгіме   былай:   Доға,   Төлеген,   Тыпаңдар   бас   болып,   Мұқашты
Сартауға болыс қылмаудың әрекетіне кіріскен еді. Өйткені олар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет