Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет77/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Әбеннің  кісілері ғой.  Олардан  басқа да  Әбеннің  тілектестері әр
мекемеде бар еді. Қалайда Мұқашты қаралау үшін «ЧК»-ның бір
агентін соңына салып қойған еді. Мұқаштың қайда барып, қайда
тұрғаны,   кіммен   сөйлескені,   қонақта   болғаны,   самогон   ішкені,
әйелмен   жақындық   қылғаны...   —  бірі   қалмай   «ЧК»-ның   «Лауқүл
мақпүзына»   тіркеліп   еді.   Кеше   Балташтың   сөзіне   сенбей,
Мұқашты   жақтап   отырған   Иванов,   бүгін   сылқ   ете   түсуі   сол
«лауқыл   мақпүздағы»   жазуды   көріп   еді.   Мәжілісте   ол   көргенін
айтпағанмен,   Балташтардың   Мұқаш   туралы   материалды
тексертейік   деген   жобасына   «Қазақ   жұмысына
кіріспейтіндіктен» көнген еді.
Мұқаш Жылтырына барып көпті сөйледі. Ол таң қалды. «Иванов
солай дедіні» естіген соң, о да кешегідей жалпылдамады:
— Мұнда бір машине бар екен. Сен енді өз шаруаңда жүре тұр. Біз
мұның ізіне шөп салып көрейік,— деді.
Сонымен, Мұқаш әрі елге жексұрын боп, әрі өкіметтен жақсы ат
ала алмай, пұшайман болып, қалада бір-екі күн сандалып жүріп,
ауылына қайтты.


ҮШІНШІ БӨЛІМ
ҚАЙҒЫ
Мінекей, Ақбілек үйіне келгелі он бес шақты күн болды: Алғашқы
кездегі   Ақбілектің   ісі:   басына   қара   салыну,   бата   қыла   келген
қатындарға көрісу, жылау, үһілеу, күрсіну, алдына тосқан құманға
қолын   тосып,   көз   жасын   шаю,   дастарқандағы   дәмді   шымқып
аузына   салу,   түзге   барып   келу,   қайта   келіп   бір   орнынан
тапжылмай отыру болды. Бұрынғыдай емес:
«Жылқы ішінде шұбарым,
Жібектен таққан тұмарың.
Әлпештеген жан апам,
Тарқамай қалды-ау құмарым.
Есіктің алды қазған жар,
Жар жағалай қаз қонар.
Жан апамнан айрылып,
Ішімде қалың қайғым бар...» —
деген   тәрізді,   жырынды   жеңгелері   үйреткен   құрама-сұрама
жоқтауын, кісі келсе, сұңқылдатып қоя беретін болды. Жеңгелері
солай   деп   жоқта   деген  соң,   Ақбілек   солай   болуға   тиіс   екен  деп
айта берді. Әйтпесе ішіндегі қалың қайғысын білдіруге  «Жылқы
ішіндегі шұбар», «Есік алдындағы қазған жар» сияқты сөздердің
түк   лайығы   жоқ,   мәнсіз,   жат   сөздер   мен   жүректегі   қайғының
арасына   сөйлеген   сайын,   жылаған   сайын   бірте-бірте   көпір
салынып, жалғасқан, байланысқан тәрізденді.
Әуелгі кезде: «Япырау, осы байы өлген,  баласы өлген қатындар,
өлісімен, қалай сұңқылдатып жоқтай алады екен?! Не ғып жүрегі
аузына тығылып қалмайды екен?!» деп, ішінен таңырқап жүрді.
Өйткені, Ақбілек әнеугүні Әмір ағасын тосын көргенде, одан кейін
әкесіне,   қатындарға,   ауылына   көріскенде   түк   айта   алмай,   екі
сөздің басын ұйқастырып қоса алмай, тығылып қалды ғой. Кейін
жеңгелерінен жоқтау үйреніп алған соң сондағысы өзіне бір түрлі
балалық,   топастық,   өнерсіздік,   ұят   сияқты   көрінді.   Бірақ:   «Ол
күндегі   менің   жай-күйімді   жұрт   ұғар:   мен   онда   шұғылдан


көрістім ғой, аузыма сөз түскендей болды ма? Бұрын мен дауыс
қып көрдім бе?..» — деген ойлармен өзін-өзі жұбатушы еді.
Ауылына   алғаш   кеп   түскенде,   қатындар   қолтықтап,   сүйрелеп
әкеліп,   әкесіне   көрістірді.   Жабыла   кергілесе,   апасы  тірілетіннен
жаман ауылдың біткен еркек, әйелі көкпарға, тартқан серкедей
созғылап, илеп, жұлқылап, керіп, әбден есеңгіретіп, әлсіретті. Бәрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет