Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет85/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

«Наштақат» айтты. Сүйтіп отырып: — Сізге лайықты кім бар
екен?..   Ә...   Қыз   алуға   сіздің   әптіңіз   келмейді   ғой.   Қыз   енді
ұстатпайды.
Шаруаға ұқыпты, байы өлген, тоқал қатын болса әй, сізге сол мәш
келер   еді   —   деп,   елдегі   тоқал   қатындарды   бір-бірлеп   екшей
бастады. Ақсақалдың өз ойына мұныкі дөп келді.
Ертеңінде   шайдан   кейін   ақсақал   қораның   бұрышында   Әлдекей
екеуі   отырып   бір   қыдыру   сөйлесті.   Не   сөйлескенін   қайдам?
Әлдекейдің аты ерттеулі тұр еді: есік алдында тұрған Әмірлерге
ақсақал:
— Уай, мына кісіні аттандыршы! — деді.
Әлдекей, келіп кеткеннен былай не ғажап екені белгісіз ақсақалдың
Ақбілекке бұрынғы қарасы өзгерді. Баласын жылы тартып:
«Қарағым, ананы үйтсейші, мынаны бүйтсейші!» деп, шаруаның,
балалардың жайын сөйлеуге айналды. Ақбілек тірілді: әкесін жаңа
тауып   алғандай   болды.   Содан   кейін   ішкен   асы   бойына   тарап,
ажары кіре бастады.


* * *
Әйнектің   тарам-тарам   қырауы   табандығына   тырс-тырс
тамады.   Іркінді   суда   тоңазыған   шыбындар   жүзеді.   Күзгі   күн
төрдегі сары жайнамазға  аппақ сәулесін төгеді.  Әйнек алдында
бастары   тиісе   жаздап   шүңкілдесіп   екі   жас   әйел   іс   тігеді.
Келіншек көк суыртпақты ерніне тістеп, сусылдата суырып жіп
ширатады.   Сұлу   қыз   кішкене   көк   камзолды   тізесіне   салып,
омырауына   ойған   тана,   күміс   қадайды.   Олардың   артында,
бұрышта   қара   шашы   жалбырап   маңдайына   түскен,   томпиған
бала   бақайын   жыбырлатып,   ақ   қайшымен   қуыршағына   көйлек
пішеді. Сұлу қыз артына бұрылып «Келші, қалқам!» дейді. Қалқасы
алдына   кеп   селтиіп   тұра   қалады.   Әпкесі   жаңа   бітірген   көк
камзолын кигізіп, шашбауын төмен басып, омырауынан сипайды.
Жаңа   камзолына   бала   мәз.   Тігіп   кигізгенге,   әпкесі   мәз.   Екеуі   де
жымың қағады. Жаңа камзол киген бала қуанғаннан ыршып түсіп,
әпкесінің мойнын құшады. «Қалқам, енді былғамай ки!» деп әпкесі
бетінен   сүйеді.   Қандай   жарасып   тұр!   Жалғыз-ақ   келіншектің
ажары келмейді: ауыр күрсінеді.
Бұл күрсінген Ұрқия еді. Жаңа камзол киген кішкене Сараның гүл-
гүл жайнаған ажарын көргенде, ішкі дерті тағы бір қозғалып, еді.
Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты
қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің!
Қуарған қу бас өмір — бейне бір жапырақсыз ағаш. Онда не көрік,
не дән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай камзол тігіп кигізбес
пе   еді?   О   да   тана-моншаққа   омырауын   саусылдатпас   па   еді?
Балапанын   бауырына   басып,   еміреніп,   еркелетіп,  жеп   қойғандай
құшырлана   сүймес   пе   еді?   Көңілдің   бар   кірбіңі   демде   жойылып,
мауқы басылмас па еді. Ой, бала шіркін-ай! Неден мұндай ыстық
болады екен!
Бала   десе   Ұрқия   ішкен   асын   жерге   қояды.   Балалы   қатындарды
көргенде, іші жарылып кете жаздайды. «Осылардың да арманы
бар ма екен?» деп ойлайды. Кедейлік, жоқшылық, аштық, дерт,
қайғы — бәрі де бір баланың қасында түк емес тәрізді. Қандай


ғана   қатын   аузы   барып,   баласын   қарғайды   екен,   жылатады,
ұрады   екен?   Сараның   сәнденгенін   көргенде,   баласыздық   Ұрқияға
тағы   қатты   батты.   Баланы   өмірі   мұндай   тілеп   көрмегендей
болды.   Балаға   аңсап,   шөлдеп,   үш   жүз   алпыс   екі   тамыры   түгел


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет