Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет83/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қартайғанда   мал   шығарып,   біреудің   жас   қызын   алып,   баулып:
адам қыла алар ма? Ол алғаны қандай адам боп жолығар? Бала-
шағаны ол көтере алар ма? Кәрі кісіге қанағат қып отырар ма?
Ұяты   бар   біреу   кез   келсе   —   құба-құп.   Жеңіл-саяқ   біреу   килігіп,
бозбаламен жыртыңдағанын көрсе, одан өлгені артық қой. Соны
ойлайды   да.   «Бесік   көргеннен»   ойды   қуады:   «Есік   көргенді»
салмақтайды. Қайтып келген қатын тегінде жеңіл ойлы, ұятсыз
болады   деп   жаратпайды.   Байы   өлген   қатынның   не   баласы,   не
әмеңгері болмай тұрмайды. Сыбай-салтаң, ар-ұяты бар, шаруаға
ұқыпты   әйел   қайдан   табылар   екен?   Ой   тәңірім-ай!   Дүниеде
қартайғанда   қатының   өлмесін!   Одан   үлкен   қырсық   болар
деймісің?   Бабы   табыла   ма?   Пәле-дағы!   Сол   пәле   Мамырбай
ақсақалдың басына орнаған еді.
Мамырбай   ақсақал   артық   бай   болған   да   кісі   емес,   жоқшылық
зарын да тартқан кісі емес. Өзі өз болғалы жаз саумалы мен бір
тоқтысын, қыс бір табақ етін қонағына беріп, әңгімелесіп, күліп-
ойнап отырып жегенді — өмірдің бір қызығы деп білген кісі еді.
Ауылнай   ортасына   да,   болыс   ішіне   де   содырынан   қадірі   басым,
салмақты, тартымды табанды кісі еді. Ертеде бірер сайлауда би
болып, кейінгі уақытта оны тастап қалаған адамын қарақшы қып,
қойып   жүруші   еді.   Әйтсе   де   ағайын   арасының   сөзі   ақсақалдың
алдынан   тараушы   еді:   жалаң   сөз   қуып   кетпей,   бір   жағынан
шаруасын да қарап, аттан түспеуші еді. Бата қылған, «Қайырлы


болсын»   айтқан   ағайынның   аяғы   сиреген  соң,   үйге   ие   табылған
соң,   ақсақал   бір   беткей   шаруа   жұмысына   кірісті.   Қыс   болса,
түсіп   қалды,   қарашаның   қары   жауды.   Алымсағы,   берімсегі,
соғымы, қаласы, даласы дегендей орда шарқы үйдің жабдығы аз
ба?
Ақсақал сөйтіп шаруасына айналып жүргенде, бір күні үйіне бір
жолдасымен   Әлдекей   деген   тұрғыласы   келіп   қонды.   «Іпсекем
үйінің қамшы жағы тілек, мінер жағы солақ, со жақ танауының
шегі бар, тебе таңбалы жалпақ торы биесі, Ысқақ үйінің мінер
жақ алдынан ойық, ақ айыл, ақ жал, бөдес сары биесі» жоғалып,
соған   сұрау   салып   жүр   екен.   Әлдекей   жолыққан   кісіге   осыны
саулатып жүріп, замандасына «сәлем беріп, бата қыла кетейін»
деп   түскен   екен.   Қоналқаның   кезіне   кеп   қалды  ма,   кім   білсін   —
әйтеуір Әлдекеңнің айтысы солай.
«Әлдекей түсіп жатыр» дегенде, ақсақал: «Осы да қаңғи береді
екен!»   деген.   Өйткені,   Әлдекей   жоқ   қуып,   дау   сауып,   ел   кезе
беретін, өзі кедей болса да, еті тірі кісі еді. Ақсақалдың әлгідей
дегені болмаса, Әлдекейден пәлендей жиренген жоқ. Өйткені әрі
замандас,   әрі   әңгімелесіп,   көңіл   көтергісі   де   келді.   Сондай   біреу
болмаса, өзінен именетін ауыл-отан кісілерімен көсіліп сөйлесе ала
ма? Үнемі ауыл-үйдің адамы кісіні жабыландырып, тынысыңды,
өрісіңді тарылтып, қатынбасшы, үй күшік қып жібереді ғой.
Әлдекей «Әліп — ләмға» «Қүл хуалданы» үш еселеп қосып, құран
оқып,   амандасып   болған   соң,   өткендегі   бір   ханның   қайғылы  боп
басын   көтермей   жатқанда,   бір   бидің   көңіл   айтып,   басын
көтерткенін мысалдап, замандасына баптап көңіл айтты. «Қайғы
келсе қарсы тұр, құлай берме!..» деген Абай сөзінен де бір ауызды
айтып   жіберді.   Бұл   Әлдекей   ескіше   бірталай   сауаты   бар,   ескі
сөзді   көп   білетін,   «Мың   бір   түн»,   «Қырық   уәзір»,   «Тотының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет