Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет98/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қонақтардың   үстіне   шашты.   Онысы   буаз   матүшкенің   түзге
отырғанын   салғаны   еді.   Көбінесе   буаз   матүшкенің   құты
Мүсірәліге   түсті.   Төрдегі   Мамырбай,   Иманбай,   Әлдекей
ақсақалдар матүшкенің сиынан қапастау қалды.
Әңгіме, ойын-күлкімен отырғанда тамақ та пісті білем: даяршы
сыбыр   еткен   соң,   бай   өз   үйіне   кетті.   Қонақтар   да   бір   қабат
желпініп:   «ойбай   қызық-ай!»   десіп,   тысқа   шығып,   аспанға
қарасып, күн райын, тоғабын сөз қылысып, үйге кірді.
Ет мейлінше мол болды: тең жарымы жеусіз қайтты. Ет асауға
бір адам келген жоқ. Байдың тәртібі солай ғой. Семіз тай сойған
екен. Жылы-жұмсағын салған екен. Табақ қойылған кезде, Әлдекей
көңілденіп:   Тоқтар   ишанның   айтатын   «Қазы   —  иу,   қозы   —  иу,
қызы — иу, қымызы — иуі болған екен!» деді: Десе де, оптығып
отырған   кісі   қомағайланып,   үлпершектен   басыңқырап   жіберіп,
қараған   қуған   түйеше   қолы   қыдырыңқырап,   қара   кесегін   іздеп
кетті. Өзгелері де мелдігінен атып, майды саусақтың саласынан
ағызып,   жаласып,   саусақпен   бірге   бойы   да   балқыды.   Әлдекей
жұрттың көңіліндегі сөзін біле қояды ғой: «Шіркін, бай десе, бай
ғой!» дегенде, өзгелері де: «Есеп бар ма!», «Құдай берген кісі ғой!»
десті.
...Иә... «Құдай берген кісі ғой!»...
Торшолақта   бес   тал   құйрық   бар;   оның   жарымы   да   тал   сияғы
жоқ, бірдеңе. Жал дегеніңіз — өртеңдегі қараған. Сондықтан ба
екен   үйтетін   бастай   мойны   қылқиып   тұрғаны.   Бүтін   арқаны
Торшолаққа   тағдыр   жазған   емес;   қолыңды   арқасына   таман
апарсаң, құлағын жымитып, артын қиқаң еткізіп, тізгіннің аржақ
тілін   тартып   тұрмасаң,   қоң   етіңнен   қыршып   алады.


Торшолақтың жүні сида, қарны қабақтай, бұты таяқтай. Сонда
да Торшолақ тоймыш, өмірі арық та, семіз де боп көрген жоқ.
Торшолақ   ыстық   боп   көрген   мал   емес;   аузын   жерден   екі   елі
айырмайды.   Жұрт  Торшолақ   тоймыш  болған   соң,   арқасынан  ер
түспейді   деп   ойлайды;   ер   түспесін   білген   соң,   торы   шолақ
тоймыш   болғанын   қайдан   білсін.   Торшолақ   көзіне,   көрінгенін
күйедей   соға   бермегенде,   не   бітірсін:   үйірі   иесіз   қап   бара   ма?
Тігетін кестесі қап бара ма? Көп жылқыдан, бос жүрістен күдер
үзгелі   қашан.   Құнан   болғалы   тор   шолақ   қойшының   астынан
түскен   жоқ.   Бұ   күнде   торшолақтың   қаншаға   келгенін   жұрт
ұмытып та кетті, тек «Торшолақты» біледі..
Торшолақ   беріктіктен   қойшыға   ат   болды   ма,   қойшыға   ат
болғандықтан   берік   болды   ма,   —   ол   арасы   мәлім   емес;   әйтеуір
Торшолақ берік: мың салсаң, аяғын бір баспайтын бір мың төкім.
Торшолаққа қамшы дегеніңіз жалақтың тілімен бір есеп; өйткені
борбай   жақты   қойшыға   тапсырып,   ауызбен   ауыл   үй   қонған
болатын. Торшолақтың жаны сүйетін жүрісі — аяң. Бүлкектен де
оған налог төлегені оңай. (Желіс, шабыс түске кірмеген нәрсе ғой);
өйткені   кішкене   бүлкектесе,   қарны   қорқ-қорқ   етіп,   шорттасы
үзіліп кете жаздайды. Оның бүлкегі мінген кісіге де пәлен бапты
емес, оны бүлкектетем дегенше, томарлы жерде қоқан арбаға мін.
Қойға   мінген   мал   құл   боп   кетеді   ғой.   Қалайда   Торшолақ   үштің
біріне қосылған мал. Ол үшіміз: жаман қатын, шабан ат, өтпес
пышақ қой.
Торшолақты неге сөз қып отыр деп қаңыраймаңыз; оның кішкене
кілтипаны бар. Мана Әбен байдың үйінде құрметті қонақтар көк


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет