Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет106/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Апа, не қыласыз? Бұрын алып жүрген нәрсесі ғой,— деп еді.
—   Ас-суда   жұмысың   болмасын!   Бар,   ісіңді   қыл!—   деп   бетін
қайырып тастады.
«Осы үйді тез байытуға келген ғой!» деп, ауыл үй, Өрікті жарадай
көрді.
Оның   бәріне   де   Ақбілек   елең   қылмас   еді.   Ақбілектің   жанына
бататын қылықтары да көріне бастады. Бір күні Сара бауырсақ
сұраса, бере қоймайды. Бірдеңеге айналып жатты ма, кім білсін.
Сара қыңқылдап, иығынан тартып, мазасын алып қоймаған соң,
Өрік ашуланып:
— Сенің-ақ жыланшығың құрып тұра ма? Неткен бала өзі!— деп
Сараны төбеге бір қояды. Сара жылап әкпесіне келеді. Ақбілек о
жолы үндемейді. Тағы бір ретте аяғыңмен алашаны былғадың деп
Сараны   итеріп   тастайды.   Сара   тағы   жылайды.   Ақбілек   тағы
үндемейді. Енді бір күні Қажікен байқамай қағып кетіп, лампының
шынысын   қиратып   алды.   Өрік   желкеге   бір   түйеді.   Онымен   де
қоймайды:


— Ой, қағынды! Ой, түйнеме келсін! Добалдай боп көзің шығып
кетті   ме?   Көк   шешек!—   деп   жаман,   жаман   қарғысты   соғып
жатқанда, Ақбілек кіріп келеді. Ақбілек мұндай қарғысты бұрын
естіп көрген жоқ қой: шыдай алмай күйіп кетіп:
— Не қылды! Неңді бүлдірді? Баланы мұнша қарғап... Ауыл үйден
ұят емес пе...— деп келе жатқанда Өрік кимелеп:
— Тәйт әрі, албасты, қатын қар! Сенікі не? Сен неге қыстырыла
қалдың! Менен тумады дейтін шығарсың... Қарғамақ түгілі отқа
тастап жіберсем де, менің қолымнан алатын кісі жоқ... Балаға
ара түскеніңді көрсетпе!.. Паһ!.. Бауырың екен, көрдік! Көрермін
бауырыңды   ала   кеткеніңді?..   Әлі-ақ   кетесің   байыңа!—   деп,
шаптығып, ит терісін басына қаптады. Ақбілек:
—   Ойбай-ау!..   Ұят   қой!..   Пәленшенің   қатыны   дейді   ғой,   —   деп
тағы   бірдеңе   айтпақ   болып   еді,   Өрік   одан   жаман
дәуірлеп:   ...Қатыны   болсам,   неғыппын?   Ойнас   қылыппын   ба?
Өтірік   айтыппын   ба?   Құдайға   шүкір,   оң   қолым   таза,   аузым
оймақтай? Келсем, құдайдың жазуымен келіп отырмын... Аяғынан
келген дейтін шығарсың... Құдай сендей абиыры кеткеннен, орыс
салдақылағаннан сақтасын!— деп бастырмалатып, аузынан көбігі
бұрқырап жатқанда, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнелді.
Сараны   жетелей-метелей   Ақбілек.   ағыл-тегіл   боп   Ұрқиянікіне
барды. Солығын баса алмай, ышқынып, кеңкілдеп отырып, естіген
сөзін айтты. Ұрқия Ақбілекті алдына жатқызып, шашын сипап,
аялап:
— Қойшы енді, қалқам! Қоя ғой енді. Со шіркінмен қайдан тіресіп
қалдың?   О   бір   көргенсіз   адам   ғой...—   деп,   уатып   еді;   Ақбілек
уанбады:   апасының   жоқтығын,   өзі   масқара   болғанын,   бойына
айырылмас пәле жабысқанын айтып:
—...Мен   бір   сорлы   ғой!..   Менен   сорлы   кім   бар   дейсің?..   Бұдан
өлгенім артық еді ғой!..— деп сұңқылдады.
Ақбілектің   жылағанына   көңілі   босап,   Ұрқия   да   жылады.   Екеуі
жылап-жылап, әбден сілесі құрып мауқы басылды...


Кешке таман «Әкең біліп қойса ұят болар» деп, көзі қып-қызыл боп
ісіп кеткен Ақбілек пен Сараны Ұрқия ертіп үйіне апарып салды.
Балаларының мұндай күйге ұшырағанын әкесі көрмеп пе? Көрсе,
оларға бүйрегі бұрмап па, дерсіздер. Иә, дейтін жөніңіз бар.
Еркек   үйде   отыра   ма?   Малға,   шаруаға,   бас-көз   боп,   көбінесе,
далада жүреді ғой. Және біздің Мамекең секілді ел адамы төбенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет