Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет105/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

әйтеуір құлағын салмайын десе де, еріксіз сала береді. Бұрын әкесін
әке   деп   ойлаушы   еді.   Енді   әкесі   жұрт   көзінше   биеге   оқыранған


айғыр   тәрізді   көрінді.   Әкесін   ұятсыз,   жаман   адам   көріп,
жиренді...   сүйтіп   жатқанда,   қара   мұртпен,   Бекболатпен   бірге
жатқан, құшақтасқан... күндер көзіне елестеп, өз көңілі де еркекті
тіледі... Әкесін мына бөтен қатынға қызғанған тәрізденді. Адам
есіне келмейтін, жаман-жаман былғанып, жиреніш ойлар басына
келіп, енді өзінен өзі жиреніп, дөңбекшіп, қайтерін білмеді. Мұндай
жаман   ойды   ойлауға   кім,   не   себеп   болғанын   да   біле   алмады...
Қалайда жүрегі дүпілдеп, басы айналып, тұншығып, пысынап, кеп
азап тартып жатып, әбден талған кезде көзі ілінді.
Ертеңінде түндегі бөтен қатын, алдақашанғы осы үйдің байырғы
қатынынан   жаман,   ерте   тұрып,   төсек   жиып,   байға   дәрет
алғызып,   орамал   әперіп,   шылапшынды   шығартып,   сыпсыңдап,
қужаңдап,   ажарланып   түрегелді.   Шәй   ішкенде   кешегідей
Ақбілектің   қасына   отырмай,   дастарқанның   ана   басына,
ақсақалдың   қасына,   апасының   орнына   отырды.   Астына   төрт
қабаттап   көрпе   салып   алыпты.   Ақбілек   екі   бауырымен
дастарқанның бұ жақ шетінде қалды. Үш бала бір жақ, ана қатын
бір жақ секілді көрінді. Қақ ортада, төрде әкесі отыр. Әкесі бұлар
жақтікі   бола   ма,   ананікі   бола   ма,   белгісіз.   Мына   қатынның
отырыс-тұрысы,   лезде   «бәйбіше»   бола   қалғаны,   дастарқанның
басына   әкесіне   жақын   отырғаны,   —   бәрі   де   Ақбілекке   ұнамай
отыр. Бұ қатынды «Апа» деп атауға ындыны қаламай, енді не деп
атарын   тағы   біле   алмай   отыр.   Бірақ   «Апа»   демеске   тағы
болмайды:   әкесіне   қатын   болды.   О   қатынға   бола   емес,   әкесінің
көңілі   үшін,   «Апа»   деу   керек.   Қатын   алу   әкесіне   лайық   болды.
Әкесіне лайық болған іске Ақбілек қарсы тұруға жол жоқ. Осылай
болуға тиіс. Міне, Ақбілектің жұбанышы.
Өрік   шаруақор   қатын   боп   шықты.   Шаруақорлығы   ғой:
белдемшесін   байлап,   жеңін   сыбанып,   соғымның   ішек-қарнын
аршыған   қатындарға   болысып   ішекке   жылтаң   қарақ   май
жібермей,   бір   табаққа   бөлек   жинады.   Ішекқарыншы
қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел
тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да:


—   Бері   әкел,   бермен?—   деп,   танауы   желбеңдеп,   астауға   сала
берді.   Өрік   қырындаған   кезде,   қатындар   біріне-бірі   қарап,
еріндерін шығарып:
— Мынау бір, ындызы жарымаған шіркін ғой!.. — деп күңкілдесті.
Қазы тілгенде, шұжық, қарта қылғанда, мүше бұзғанда, Өрік өзі
қақайып   қарап   отыратын   болды.   Не   құрлы   Өрік   қытымыр,
күнтақты   болған   сайын,   со   құрлы   қатындар   да   ерегісіп,
ұрламайтын мүшелерден ұрлауға айналды.
Бұрынғыдай   емес,   малшы-құлшы   да   шөміштен   қысым   көрді.
Есепке   кірмей,   емін-еркін   тиетін   ішек-қарын,   өкпе,   көтен,
мойындар да қылға тізілді. Өрік ас салуда да шеберлік көрсетті.
Бұрын   соғым   сойған   күні   бәйбіше   марқұм   ауылдың   кісілерін
шақырып, жылы-жұмсағын асып, бір тойғызушы еді; биыл о да
болмады.   Сүйтіп,   Өрік   бір   жақ,   ауыл   бір   жақ   болуға   айналды.
Өрікке   наразы   болғандар   Ақбілекке   келіп   шақты.   Ақбілек   бір-екі
көрші қатынның сөзіне кірісіп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет