Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет113/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

ыршып-ыршып кетті. Көрісіп, мауқын басқан соң, екі жас әйел
біріне-бірі   таянысып,   аяқтарын   айқастырып,   телмеңдесіп
отырып, әңгімеге кірісті.
— Сен мұнда қайдан келдің?
— Сен қайдан келдің?— деп екеуі де сасқалақтап, қатар сұрасты.
— Әуелі өзің айтшы!


—   Әуелі   сен   айтшы!—   деп   орысша   киінген   әйел   келіншектің
қолынан ұстап өз алдына тартты.
— Жарайды ендеше, — деп келіншек бастады.
— Жасаған-ау! Енді қайтейін! (тамсанып қояды). Сені көрем деген
тиіттей   ойымда   босайшы...   ана   жылы,   жайлауда   отырғанда
апам екеуің келіп жатып кеттіңдер ғой... Онда екеуміз де бала
едік қой... Япырау! Содан соң қайтып көріскеміз жоқ-ау!
—   Көріскендей   болды   ма   жұрт:   балапан   басына,   тұрымтай
тұсына...
— Ия десейші... Жаман болды ғой... Өткен күннің белгісі жоқ... Ту
баста бүлдірген Рақымжан деген ғой... Қазақтардан солдат алып,
қызылдармен соғыспақ болып... Әй, дүние-ай, десейші!.. Соғыспаса
қайтып барады екен? Орыс шіркінді жеңем деп ойлай ма екен...
сонда   елдің   кісілерін   жинап   алып,   Рақымжан   айтыпты   ғой:
балшабай   келді,   малдарыңды   талап   алады.   Әйелдеріңе   билік
қоймайды. Аман күндеріңде Қытайға ауыңдар депті ғой. Әкемдер
қалаға   барып   келді   де:   ал   ауамыз!   —   деп,   елді   бөріктіріп,
аласапыран болмасын ба? Тігулі үй тігуімен қалды. Толып жатқан
абдыра-сандық   бәрін   тастап,   жеңіл-желпі   киім-кешек,   төсек-
орынды   алуға   мұршамыз   әрең   келді...   Малды   айдап   күні-түні
шұбырып,   аудық   қой...   Қанша   күн   жүргенін   де   білмеймін,   сол
көшкеннен көшіп, Қытай қазақтарына бардық.
— Ия, ауып кетті деп естігеміз.
— Естісең сол. Ол ел бір бейбастақ, жаман ел болады екен: кім
көрінгені   би   болып   малымызды   талап   ала   берді.   Әсіресе,   бір
үкірдай   дегені   жаман   болады:   әкемнің   бар   малын   сол   айдатып
алып, сымпидық та қалдық... Не мал жоқ, не үй жоқ, не тамыр-
таныс жоқ, жаппаның астында жаттық. Көрген күнімізді құдай
итке бермесін. Мені тартып алады деген де сөз шықты. Әйтеуір
құдай сақтады. Не керек, сонда бір қыс тұрып, аштан өле жаздап,
жаз шыққан соң, жаяу-жалпылы шұбырып елімізге қайттық.
Елге   келсек   —   қора-мүлкімізді,   жерімізді   бір   кедей   көршіміз
иемденіп   отырып   алыпты.   Өз   үйімізге   жолатпайды.   Әкем   ел


адамдарына барды, болысқа барды. Түк болмады. Қайдан болсын:
болыстың   өзі   екен   қондырған.   Әкем   ізденіп,   болыстың   үстінен
арыз беріпті. Қайдан білсін бұрынғы заманы бар деп жүр ғой.
Бір күні ауылға мылтықты екі мелисе келіп, әкемді алды да кетті.
—   Не   жазығым   бар,—   десе,   сен   қашқынсың,   буржойсың   дейді.
Буржойы   не   екенін   қайдан   білейік.   Әкемді   қалаға   апарып,
абақтыға жауып қойыпты. Әкем жатып алды, шығармады. Өзің
көрген Ақан деген ағатайым бар еді ғой, сол олай шапты, бұлай
шапты, әкемді босата алмады. Жалғыз әкем ондай болды. Туған
шешең болмаған соң, немене...
— Ой, дүние-ай, десейші... Нағашым сені жақсы көруші ме еді?
— Е, жақсы көрмей. Қытай қазақтарына бермей алып келді ғой.
Менің   де   балалау   күнім   емес   пе:   он   беске   жаңа   шыққам   ғой:
әкемнің абақтыға жатқаны жаныма жаман батып жүрді. Айға
жуық жатты.
Ақан ағам қалаға кетіп еді. Бір күні әкемді босатып алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет