Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет111/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

көзін аларта бір төңкеріп, ауыр күрсінді де:
— Бала қайда?— деп сұрады.
Кемпір: — Міне, қарағым! Өзі бағлан еркек бала екен!— деп жаман
тонға ораулы жатқан баланы қолына алды.
— Көзін жоғалт, шеше!— деді.
— Жоғалтайын, қарағым, жоғалтайын!.. Міне біреуді, жұтшы! —
деп   бір   қолында   бала,   бір   қолымен   кетік   тостағанды   ұсынды.
Шалап сусынды жұтқан соң, Ақбілек әнтек әлденейін деді.


Кемпір   бүкшеңцеп,   баланы   бауырына   қысып,   көзін   жоғалтқалы
шығып кетті.
Әлден уақытта кемпір «Жоғалттым» деп қайтып келді. Кемпір
байғұс   «Әлің   кірсін!»   деп,   орта   тостағандай   сары   май   ерітіп
ішкізді. Майды ішкен соң, Ақбілек тыныс алып, көзі ілінді. Со күні
түнде Ұрқия да босанып, көптен зарығып жүрген кісі еркек бала
тауып, көзайым болды.
Көркембай   кемпірдің  жаман үйшігінде   белуарына   шейін  оранып,
Ұрқияның   жіберген  тамағын  қорек  қып,  анда-санда  келген  Сара
бауырын құшақтап жылап, Ақбілек мұңдық жарық сәуле көрмей
көп   жатты.   Үйткені   бала   емізбеген   соң,   емшегін   сүт   кернеп,
жарылып   кете   жаздап,   тастай   боп   тарсылдап,   денесі   күйіп-
жанып, көп бейнет тартты. Көркембай көпті көрген әккі байқұс
қой, суық суға орамалын малып тарта берді. Содан барып сүті
қайтып тәуір болды.
Ақбілек   кернеген   сүттен   құтыла   алмай,   азапта   жатқанда,
Ұрқияның   емшегінен   сүт   шықпай,   баласын   аштан   өлтіріп   ала
жаздап, ақырында баласы бар көрші қатынға емізетін болыпты.
Бұрын бала таппаған әйелден сүт шықпайтыны да болады екен!
Бір   күні   Ақбілектің   көңілін   сұрағалы   Ұрқия   келді.   Келмегелі   бір
жұма боп қалған ғой. Ақбілектің емшегі қайтып келе жатқан кезі
еді. Өзі бүйтіп жатса да жеңешесіне құтты болсын айтты.
— Тәуір болған соң, бергелі жүр едім,— деп, Ұрқия бір қағаз берді.
Ақбілек ашып оқыса, Бекболаттың хаты екен. Ақбілек оқып болды
да жылап қоя берді. Ұрқия сасып қалды:
— Ойбай-ау! О немене екен! Мен білмедім ғой... — деді. Ақбілек:
— Жай, әншейін,— деді жылап отырып.
Әңгіме   былай:   Мамырбай   ақсақал   қызын   Бекболатқа   бермеймін
дегенін естіп, құдасы да айырылуға бет түзеген болатын. Бірақ
әкесінің ол ойына Бекболат разы болмай, Ақбілекке: қайтсем де
сені аламын — деп, бір-екі рет хат жазған, Ақбілек те бөтен ойы
жоқ екенін білдіріп: тағдырдың не жазатынын қайдан білейін,—
деп,   ішіндегі   дертін   уайымдап   жауап   қайырған.   Соңғы   кезде


Бекболат   Ақбілектің   екіқабаттығын   естіген   екен.   Ауыл   —   үй
білген хабар елге жайылмай тұра ма, соған нанарын да, нанбасын
да білмей, Бекболат Ақбілекке хат жазып: жұрттың сол өсегі рас
па? Рас болса, біржола түңілейін, әйтпесе,— деп сұраған екен.
Енді Ақбілек жыламай қайтсін, екіқабат болғам жоқ, бала тапқам
жоқ   деп,   не   бетімен   айтсын?   Көркембай   кемпірдің   үйінде
жатқанын жұрт естімей тұрад дейсің бе? Өзге айтпаса да, Өрік
шешесі елге жаяды ғой. Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып,
Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман
басты; кешегі баладан неге өліп кетпедім екен деген ой тағы келді.
Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай көрді.


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
МАХАББАТ
Арада бес жыл өтті...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет