Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет110/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

сөзбен   жеткізуге   болмайды...   Ақбілек   еңсесін   сүйретіп,   бүйірін
таянып, бір басып, екі басып, әрең дегенде Ұрқиянікіне жетті.
Көктемнің алтын күрегі қарды бордай тоздырып, жер көксоқта
боп жатқан, ылайсаң кез еді. Кешкі төлді алып, қой-қозы шулап,
ауыл азан-қазан еді. Сол көп шудың ішінде Ақбілек те еріген қардай
ағыл-тегіл боп, қозы алып жүрген Ұрқияға жолықты.
— Ойбай-ай! Енді қайтейін? Біздікінде бір-екі кісі отыр еді...
—   Ендеше,   мені   бір   жерге   апарып,   буындырып   өлтір!   Өлтір,
жеңешетай!  Бәрібір   өлген  кісі  ғой!..—   деп,   назаланып,   зарланып
жалынды.
—   Қой,   қарағым!   Жаман   сөз   айтпа!—   деп,   Ұрқия   қолтығынан
сүйемелеп, өз үйіне таяу Көркембай кемпірдікіне алып келді.
Бұ бір — баланы көп тауып, жалғызынан басқаның бәрі ұзатылып,
өліп таусылған, ауыл үйдің жібін иіріп, жабуын, сырмағын сырып,
сабасын  тігіп...  күн көріп  отыратын  көңілшек  тәуір  кемпір  еді.
Жас   қатындар   оны   «Көке»   деуші   еді.   Жалғыз   баласы
Мамырбайдың жылқысын бағушы еді. Кемпірдің жапырайған тас
қорасы,   көр   секілді   сығырайған   кішкене   құжырасы   болушы   еді.
Құжырасында жөнді төсеніш те жоқ, тайтері, шоқпыт, ши —
садам   секілді   бірдеңелер   жатушы   еді.   Ұрқия   осы   құжыраға
Ақбілекті кіргізіп, «Көкеңе» мән-жайын сыбырлап айтты.
—   Ойбай-ый!   Енді   қай   жаққа   барайын?!   —   деп   кемпір   байғұс
бүкшеңдеп,   жаман   пештің   түбіне,   бұрышқа   ескі   текеметінің
тамтығын,   шоқпыт   көрпесін   төсеп,   қорасынан   құр   әкеліп,   жіп
құра бастады. Ол кезде Ақбілектің толғағы бір ұстап бір қайтып,
толғақ қысқанда не отыра алмай, не жата алмай, не құрулы құрға
асылып тұра алмай, шытынып, ыңырсып отыр еді.
— Е-ей, қарағым-ай! Сабыр қыл, сабыр қыл!.. Бибатимаға сыйын,
Бибатима   піріңе   сыйын!—   деп   кемпір   байқұс   күбірлеп   үшкірген
боп, күлмен ұшықтаған боп, ішін сипап дамыл көрмей жүр.


Толғақ қысса, Ақбілек құрға асылып: «Бибәтима, пірім, Бибатима!
Жанымды менің қинатпа!— деп дауысын әрең шығарып, тістеніп
шытынады.
Ақбілек құрға асыларда, Ұрқия артынан құшақтап, сүйемелдеп еді,
кемпір:
—   Ойбай,   сен   былай   тұр!   Өзің   шермеңдеп   жүргенде,   жазым
боларсың,— деп оны жолатпады.
— Сені іздеп біреу-міреу келіп қалар,— деп Ұрқияны болмай үйіне
қайтарды.
Шаруаға   көп   айналыспаған,   өзі   тұмса   байғұс   қой.   Ақбілек   көп
толғатты, жаны жаман қиналды. Бала тапқан қатындар толғақ
қысқанда, бала туарда, адамның өне бойы күл-талқан боп, қирап
бара   жатқандай   болады;   өзге   қиналудың   бәрі   оның   қасында
ойыншық тәрізді деседі. Бала тауып көрмеген еркек оның қандай
қиналу екенін қайдан білсін. Әйтеуір әйелдің жаны көзіне көрініп,
өлі мен тірінің арасында болатын шағы ғой. Жүкті әйелдер — бір
аяғым көрде, бір аяғым жерде — деп неге айтады дейсің? Ақбілек
те   өлі   мен   тірінің   арасында,   қасында   жалғыз   кемпір,   жатқан
жері көр, алдында ала көлеңке, сықсиған жалаңбас лампы, дарға
асылған адамдай, жіпке асылып «Бибәтимасын» көп қақты-ау!
Түн ортасы ауды-ау деген кезде, кемпір де, Ақбілек те әбден жан
терге   түсіп,   қиналған   кезде,   сәтін   салып,   баланың   даусы   шыр
етті. Ақбілек талықсып кетті...
Әлден   уақытта   есін   жиса,   кемпір   кіндігін   кесіп,   баланы   орап,
астын   құрғатып,   бетіне   су   бүркіп   тірілтіп   отыр   екен.   Ақбілек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет