Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі



бет4/24
Дата06.02.2022
өлшемі408,5 Kb.
#80419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
55c2fe45-5cf4-11e5-884b-f6d299da70eeТеория ИВС метод (1)

Дәрістік кешен
1 бөлім . Дене мәдениетінің теориялық негіздері
Глоссарий:
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.
Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.
Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет