Таңдаулы курс/ 3-сынып/ /аптасына 1сағат, 34 сағат



бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі471,51 Kb.
#11771
  1   2   3   4
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Бекітемін. Келісемін. Қаралды:

Мектеп директоры:---------- Оқу ісі меңгерушісі:-------- ӘБ отырысында

Ғатауов Қ.О. Қанатова А.С. ӘБ жетекшісі

Темірғалиева М М



/таңдаулы курс/
3-сынып/
/аптасына 1сағат, 34 сағат/

Құрастырған:

І санатты бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Сатыбалды ауылы
2013/2014о.ж.

Таңдаулы курстың мазмұны:
Түсінік хат -1-2бет
Курстың мақсаты мен міндеттері-3бет

«Тіл дамыту» таңдаулы курсының өзектілігі мен жаңалығы-4бет


Күтілетін нәтижелер-5бет
Таңдаулы курстың мазмұны мен құрылымы-6 бет

Тақырыптық оқу жоспары-6,7бет

Пайдаланылған әдебиеттер-8бет

Түсінік хат
Бастауыш сыныптың 3-сыныбына арналған «Тіл дамыту» арнайы курс аптасына 1сағат, жылына 34 сағат жүктемеге негізделініп берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндерінен алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін, байланыстыра сөйлеулерін, сөздік қорларын және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескерілді. Тіл дамыту жұмыстары:

Ойындық әрекеттер: 
•Рөлге бөліп талдау; 
• Көріністер; 
•Сөзжұмбақтар, ребустар. 
Оқушыны қандай да бір әрекеттің авторы ретінде өзіне-өзін таныту: 
•Конференция, олимпиада; 
•Газет-журналдарына басылым. 
. Ауыз әдебиеті үлгілерімен, ұлы ойшылдар шығармаларымен таныстыру : 
• Ертегі, аңыз- әңгіме, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар; 
• Нақыл сөздер; 

1

•Өмірбаяны, шығармашылығы.


Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті

жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу

үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 


Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін танымдық тапсырмаларға баса назар аударылады. 
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. 
Берілген тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бастауыш сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді. 

«Тіл дамыту» таңдаулы курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша
2

сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық

жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша мәтіндер құру, өлең

ұйқастарын құрастыру тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмысқа арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар тіл дамытудың тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтайды.

Курстың мақсаты:

-оқушының сөздік қорын дамыту арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.

-тілдерін дамыту арқылы көркем шығармаларды оқып, талдай білуге үйрету.

-таным көкжиегін кеңейтуарқылы сапалы білімге қол жеткізу.

- ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

-халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінің бай мұрасымен таныстыру арқылы ой-қиялдарын ұштау.

-ізенімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа баулу.



-баланың шығармашылық қабілетін

3

дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру.



Курстың міндеттері:

  • Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

  • Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.

  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

  • Шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауына(кейіпкердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну, сүйіну,т.б.) қол жеткізу.

  • Шығармадан көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.

  • Ауызекі және жазбаша тілді байланыстыра отырып,сөйлеуін ( ойын еркін жеткізу,сауатты да мағыналы, түсінікті жаза білу) дамыту.

  • Шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын жетілдіру.
    Ұлттық ерекшелігін,дәстүрін зерделей білетін оқушыларды тәрбиелеу.
    Оқушының бойына өз халқының игілігін дарыту.

Курс пәнаралық байланыс негізінде әдебиеттік оқу, қазақ тілі,дүниетану пәндерімен байланыстырылады.

Курсты ұйымдастыру формасы: ойын,

шығармашылық Сын Трғысынан Ойлау

4

технологиясы әдістері,топтық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері,практикалық, дәріс сабақ, т.б.



Курсты оқытудың алғашқы формасы: дидактикалық материалдар дайындау.

Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындайды. Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.

Бағдарламаны жүзеге асыру ұзақтығы 34 сағатқа, аптасына 1сағаттан есептелінді.

Шамалау нәтижелері:

- сөз және оның мән-мағынасы;

-тыныс белгілері,оларды ажырата білу

-мәтін жанрын ажырату,басты кейіпкерге мінездеме беру

-халық ауыз әдебиеті үлгілерін түрлеріне қарай ажырату, түсіну, өмірмен байланыстыру-сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашылық жұмыстарын қорғауды меңгереді.

Тіл дамыту» курсының өзектілігі:

Оқушыларды тіл заңдылықтарын қолдана білуге,ауызекі және жазбаша сөйлеу біліктіліктерін тиімді меңгеруге үйретеді.Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп, ана тілінің жұмбақ сырларын біліп, сөйлеу өнерін игеруге талпындырады, оқушының ойлау

5

қабілеті мен дүниетанымын кеңейтіп,басқалармен



қарым-қатынас кезінде өздерін еркін ұстауға үйретеді.Оқушыны жан-жақты жетілген,өз бетімен әрекет ете алатын,шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына  жағдай жасайды.
 Жаңалығы:

«Тіл дамыту» пәнінің бағдарламасы негізінде оқушылар ұғымдарды,мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді өмірде өзі үшін пайдалануды үйренеді.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы баланың өзін қоршаған ортасы,басынан өтіп жатқан оқиғалар,өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін оқу материалымен ұштастыруға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісін дамуына да септігін тигізеді.

6







Оқушының ой-өрісі дамиды.

*Сөздік қоры жетіледі

*Қызығушылық

қабілеті оянады.







Ойлау белсенділігі

артады











Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады








Сөздік қоры жетіледі




Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады







*Шығармашылық-пен жұмыстанады



.



Шығармашылық

пен жұмыстанады




7



«Тіл дамыту» таңдалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

р\с

Тараулар

сағат

саны

оның ішінде


теория лық

практикалық

тест

1

«Өнер алды –қызыл тіл»

5

3

1

1

2

«Ырғақ»

1

1







3

«Екпін»

4

3

1




4

«Тыңдай білуді үйренейік»

7

6

1




5

Халық ауыз әдебиеті үлгілері

8

7




1

6

«Мәтін»

3

2

1




7

«Мәтін түрлері»

5

4




1

8

Қорытынды.

1










І. Өнер алды –қызыл тіл.( 5сағат)

Сөз қадірін ұғыну. Қанатты сөздер, оны өз сөздерімен жеткізу.Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы. Сөздерді мағынасына бойынша тауып,орнына қойып жазу.

ІІ.Ырғақ. ( 1 сағат)

Сөздердің дауыс ырғағына қарай айтылуын ажырату. Дауыс ырғағының өзгеруіне орай сөздедің айтылу ерекшеліктері.

ІІІ.Екпін. (4сағат)

Сөйлемдердегі екпін түсетін сөздер.Екпінге орай көтеріңкі және жәймен айтылатын сөздер.Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.Бұйрық беру, ашу шақыру, шарасыздық таныту.Ым мен ишара.

ІҮ. Тыңдай білуді үйренейік (7сағат)

8

Тыңдаушының көңіл-күйі.Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.Тыңдаймыз және қалай сөйлеп тұрғанын аңғарамыз.Сыпайы сөйлеу. Өтіне білу де өнер.

Ү. Халық ауыз әдебиеті үлгілері(8сағат). Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар мен жаңылтпашатар.Аңыздар.Ертегілер.

Сахналау.Шығармашылық жұмыстар.

ҮІ. «Мәтін». (3сағат). Тақырып және негізгі ой.Мазмұнын айту. Тірек сөздер.Қысқаша мазмұндау.

ҮІІ. «Мәтін түрлері»(5сағат) Пайымдау. Сипаттау. Суреттеу. Мысал келтіру арқылы пайымдау.Заттың нышаны.

ҮІІІ. Қорытынды.(1сағат).Білімдерін тиянақтау.

9

Тақырыптық оқу жоспары



Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (3-сынып)

р\с

Өтілетін тақырыптар

сағат

саны

күні

оқыту түрлері

әдіс-тәсілдері

Күтілетін

нәтиже

І

І.Өнер алды –қызыл тіл. (5сағат)













1

Кіріспе. Мағынасын түсініп оқы.

1




шолу сабақ

Қанатты сөздердің ой астарын түсінуді, мағынасына орай қолдана алуды үйренеді.

2

Кіммен қалай сөйлесеміз?

1




ізденіс сабақ

Хабаршы, хабар алушы туралы біледі.

3

Көмекші сөздер ақылы сұрақтарға жауап беру.

1




дәріс сабақ

Шығармашылығы дамиды

4

Практикалық жұмыс №1

1




ойын сабақ

Ойлау қабілеттері артады

5

Тест жұмысы №1

1




нәтиже сабақ

Өз беттерімен жұмыстанады.

6


ІІ. Ырғақ.

Сөйлеу түрлері: орташа,баяу,жылдам.



1




дәріс сабақ


Сөздердің дауыс ырғағына қарай айтылуына назар аудару

ІІІ

ІІІ.Екпін. (4сағат)













7

Екпін түсірудің мәні мен мағынасы

1




дәріс сабақ

Дұрыс сөйлеуге үйренеді.

8


Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.

1




ұжымдық


Көңіл-күйлерін аңғара білуге, талдау жасауға үйренеді.

10


9

Бұйрық беру, ашу шақыру, шарасыздық таныту.Ым мен ишара

1




ұжымдық

Сөз мағынасын ажырата алады.

10

Практикалық жұмыс №2

1




ізденіс сабақ

Талдау жасауға, пікір айтуға үйренеді.

ІҮ

ІҮ.Тыңдай білуді үйренейік

(7сағат)













11

Тыңдаушының көңіл-күйі.

1




дәріс сабақ

Қарым-қатынас жасау мәдениеті дамиды.

12


Тыңдаймыз және қалай сөйлеп тұрғанын аңғарамыз

1




ұжымдық

Дауыс ырғағы мен кейіпкердің қалай сөйлеп тұрғанын аңғаруға үйренеді.

13

Сыпайы сөйлеу.

1




ұжымдық

Сөйлеу мәдениеттері дамиды.

14

Өтіне білу де өнер.

1




ізденіс сабақ

Ой-қиялдары, шығармашылықтары дамиды.

15-16


Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.

2




Ойын сабақ

Ең маңызды нәрсені ажырата білуге үйренеді.

17

Практикалық жұмыс№3

1




ойын сабақ

Салыстыруды, талдау жасауды үйренеді.

Ү.

Халық ауыз әдебиеті үлгілері.

(8сағат).














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет