Таңғажайып «жеті»


Ақтөбелік «жеті» академик



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі22,14 Kb.
#125451
1   2
Байланысты:
с номером

Ақтөбелік «жеті» академик. Күнделікті өзіміз естіп жүрген Ақтөбе қаласындағы Ағайынды Жұбановтар көшесінің аталуы жөнінде де мынадай қызықты әңгіме бар. Әлем бойынша тұңғыш рет бір әулеттен «жеті» академик тек Қазақстанда ғана, соның ішінде Ақтөбе өңірінен шыққан екен. Сол себептен Ақтөбе қаласының ең үлкен атақты көшелерінің бірін осы ағайынды академиктердің құрметіне атады деседі. Осы мәліметтің рас екенін келесі ақпараттар дәлелдейді.


  1. Құдайберген Жұбанов – академик, лингвист, профессор.

  2. Ахмет Жұбанов (інісі) – академик, компазитор.

  3. Есет Жұбанов (баласы) – филология ғылымдарының докторы.

  4. Ғазиза Жұбанова (Ахмет Жұбановтың қызы) – консерватория ректоры.

  5. Ақрап Жұбанов (інісі) – филология ғылымдарының докторы.

  6. Болат Жұбанов (інісі) – академик, химия ғылымдарының докторы.

  7. Қызғалдақ Жұбанова (Есет Жұбановтың қызы) – профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жұмыс жасайды.


Жеті санына байланысты қызықты логикалық есептер:

1. Жеті болу үшін он екіні қалай бөлуге болады?

2. 2 сіріңкені қозғап, дұрыс теңдік құрастыр.



2+2=7

3. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.



4. Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?

5. Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның көлемі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да, қалыңдығы жағынан да екі есе кішірейді. Қалған сабын неше рет кір жууға жетеді деп ойлайсыңдар?
Қорытынды.
«Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әр қайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн деп есептеймін. Қазақ даласынан шыққан «жеті» академикте осы санның қадір-қасиетін ұғындырып тұрғандай.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

  2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.

  3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.

  4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.

  5. «Зерде» журналы, 1994 жыл.

  6. «Ақ желкен» журналы, 1992 жыл.

  7. «Математика тарихы», Г.И.Глейзер.

  8. Интернет беттерінен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет