Су мен тұздардың сорылуы.
Су мен ас қорыту жолының барлық бөлiмiнде жүредi, бiрақ сiңу деңгей әртүрлі. Су негiзiнен ащы iшекте сорылады. Судың сорылу қарқыны ерiтiндiнiң осмостық қысымына байланысты. Гипер-тониялық ерiтiндiлерден су сорылмайды, ал изотоникалық ерi-тiндiлерден сiңу қарқыны ондағы ерiген заттардың сорылу жылдам-дығына байланысты. Гипотониялық ерiтiндiлерден судың сорылуы жылдамырақ жүредi..
Тұздар ион күйiнде сiңедi. Иондар арасында бәсекелестiк байқа-лады. калий иондарының артық мөлшерi кальцийдiң сiңуiн бөгейдi, ал кальций май және өт қышқылдарымен қосылыстар тұрiнде жақсы сорылады. Түрлі микроэлементтер (ғе,Zn,Сu,J) бейорганикалық және органикалық қосылыстар тұрiнде сорылады.
Адам тәулiгiне 2л шамасында су iшедi.
Ас қорыту сөлдерiмен iшек қуысына 6-7л су бөлiнедi. 8-9л су организмге қайта сiңедi, оның 2-4литрi тоқ iшекте сiңедi, нәжiс арқылы 100-150мл су өтедi, тек судың 10% ғана нәжiс құрамында бөлiнедi.
Аш iшекте қорытылмай, сiңбей қалған ас қалдықтары тоқ iшекте өтедi. Тоқ iшек сөлiнде ферменттер болмайды, бiрақ аш iшектен химус құрамындағы түскен ферменттердiң әсерiмен қоректiк заттардың қалдықтары әрi қарай ыдырап сiңедi. Тоқ iшектiң жалпы ұзындығы сиырда 6-13м, қойда 3,5-10м, жылқыда 6-9м болады. Сиымдылығы жалпы ас қорыту жолының 11-15%(күйiс ), ал жылқыда 40-60% күштi
Тоқ iшек бүйеннен, күйiс малында қимадан(жылқыда-қартадан және тiк iшектен тұрады. Тоқ iшектiң кiлегейлi қабығында бұлер болмайды, көптеген бокал тәрiздi клетка болады. Сөл бөлiнедi, құрамында кiлегей көп болады.
Тоқ iшекте азық қалдықтарын қорытылуы түрлі микроорга-низмдердiң қатысуымен жүредi. 1г химуста микроорганизмдердiң саны 15 млрд жуық болады. Қорытылмаған белок қалдықтары шiрiп, көмiрсулар ашып ұшпалы май қышқылдары түзiлуi. Жылқыларда белоктiң 39%, сиырда 31% қорытылады, ал клечатканың 30%,50% қорытылып ҰМҚ түрiнде сiңедi.
Тоқ iшекте микроорганизмдердiң қатысуымен В,К витаминдерi түзiледi, кейбiр микроорганизмдер тобы витаминдердi өз тiршiлiгiне пайдаланады. Тоқ iшекте нәжiс қалыптасады. Нәжiс құрамында микроорганизм денелерi, сiңбеген ас қалдықтары, ашу барысында пайда болған заттар болады, олар сыртқа шығарылады.
Ішектiң қабырғалары тегiс жұқа бiрыңғай салалы еттерден құралған, бұл еттер екi бағытта ұзынша және сақина орналасады. Осыған байланысты iшек қимылдары байқалады.
- Маятник тәрiздi қимыл сақиналық және ұзынша еттердiң жиырылуынан атқарылады.
- Ішектегi химус бiрде алға, бiрде артқа қарай жылжып орналасады.
- Ырғақтық сегменттiк жиырылу сақиналық еттердiң жиыры-лып, босаңсуымен атқарылады. Ішектiң ұзына бойына әрбiр 6-8см аралықта сақиналық еттер жиырылып, бунақтар пайда болады. Бiрнеше секундтан кейiн бұл жердiң еттерi босаңсып, жиырылу басқа жерде пайда болады. Ішек мезгiл-мезгiл (1мин,20-30рет) сегменттерге бөлiнiп, химус ұнтақтала түседi.
- Перистальтикалық (толқынды) жиырылу iшек етiнiң екi түрiде қатысады. Бұл қимыл iшектiң алдыңғы бөлiгiнiң сақиналық еттерiнiң жиырылуымен басталады. Осы кезде iшетiң артқы бөлiгiнiң еттерi босаңсып, кеңидi де, шын солай қарай сығы-лады. Одан әрi сақиналық еттердiң жиырылуы iшек бойымен толқын тiрiздi таралып, шын тоқ iшекке қарай жылжиды.
- Керi перистальтика қимылы iшектегi химусты керi қайтарып, қарынға қарай жылжытады. Бұл қоректiк заттардың толығы-рақ сiңуiне ыңғай туғызады.
- Lшек қабығының еттерi тонус (ширақ) жағдайында болады. Тонустың өзгеруiнен iшек қуысы тарылып, кеңейiп тұрады. Химустың араласуын және қысым тудырады.
Ішек еттерiне автоматизм қасиетi тән. Сондықтан, жекеленген iшек қиындысы организммен тыс жерде, жылылығы 370 Рингер локк ерiтiндiсiнде қиымылын жалғастыра бередi. lшек автоматизмi ауербах және мейснер түйiндерiнiң қызметiмен байланыстырады.
Ішектiң жиырылуы рефлекторлық және гуморальдық жолмен реттеледi. Кезеген нерв iшектiң жиырылуынан күшейтедi, ал симпа-тикалық нерв тежейдi. Гуморольдi заттардан өт сұйығы, қышқылдар, гистамин, холип, энтерокринин ,серотонин iшектiң қимылын жоға-рлатады. Тамақтың иiсi, түсi де iшектiң жиырылуын күшейтедi.
lшектң жиырылуы астың толық қорытылуын, сiңуiн және жылжуын қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |