Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет104/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

2. Белоктардың алмасуы
Белок –организм клеткаларының басты құрылыс материалы болып табылады. Дене массасының 25% құрайды. Организмде белок келесi қызметтердi атқарады.
  1. Ферменттер мен гормандарды құрай отырып, организмде жүретiн процестердi реттеп, химиялық реакцияларға әсер етедi.


  2. Қорғаушы белоктар (анти денелер)


  3. Зат тасымалдаушы белоктар


  4. Токсиндер уытты белоктар


  5. Қоректiк белоктар


  6. Актин, миозин белоктары бұлшық еттiң жиырылуын қамтамасыз етедi.


  7. ДНК-ның қызметiн реттейтiн белоктар


Белоктың молекуласы амин қышқылдарының тiзбегiнен құралады. Табиғатта 25 амин қышқылы белгiлi, бiрақ барлығы кiре бермейдi. Сондықтан белоктарға өзiндiк ерекшелiк қасиет тән.


Тамақ құрамындағы белоктардың құрамында барлық амин қышқылдары болмайды, кеибiрi организмде қайта аминдеу процесiнiң арқасында түзіледі. Бұл амин қышқылдарды алмастыратын амин қышқылдары деп атайды. Оларға аламин, аспарагин қышқылдары жатады.
Организмде түзiлмейтiн амин қышқылдарын ауыспайтын амин қышқылдары деп аталады. Бұл амин қышқылдары азық құрамында түсуi қажет. Оларға триптофан, треонин, лицин, фенилаланин, мети-онин, латцин, изолейцин, аргинин, гистицин, валинқышқылдары жатады.
Жартылай алмастырылатын амин қышқылдарына аргинин, гисицин, цистеин, тирозин жатады.
Құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары болатын белоктарды толық құнды белоктар деп айтады. Бұларға жануар белогы-ет, жұмыртқа, сүт жатады. Егер белок құрамында алмастырылмайтын амин қышқылы болмаса, оны құны төмен белок дейдi.
Биологиялық құнды белоктар организмде жақсы қорытылады. Белоктардың биологиялық құндылығын, азықтың 100г белогiнен организмде түзiлетiн белок мөлшерiмен анықталады.
Мысалы, жануар тектес азықтардың биологиялық құндылығы 70%-95% деңгейiнде, ал өсiмдiк белогiнiң құндылығы 60%-65% болады. Адам организмiнде тәулiгiне 300г белок түзіледі.
Ас қорыту жолында белоктар амин қышқылдарына дейiн ыдырай-ды. Амин қышқылдар қанға сiңiп бауырда күрделi биохимиялық өзгерiстерге ұшырайды.
1.Аминсiздену процесiнде –амин тобы бөлiнiп кетоқышқылдар (азотсыз қалдық) тұзедi. Амин тобы аммиак арқылы мочевинаға айналады. Мочевина қан арқылы бөлу мүшелерiне тасымалданып сыртқа шығарылады. Кетоқышқылдардың тотығуы бiр бөлiгi тотығып, көмiр қышқыл газы мен су пайда болады, және қуат бөлiнедi. Кетоқышқылдардың қалған бөлiгi түрлі аралық өзгерiстерге ұшырап, көмiрсулар мен майларға айналады.
2.Қайта аминдеу процесiнде бiр амин қышқылынан басқа амин қышқылы түзіледі.
3.Карбоксилсiздену процесi барысында аминдерге айналады-тирозин-тираминге, гистизин-гистаминге, цистеин-цитеаминге т.б айналады.
4.Қан арқылы денеге тараған амин қышқылдары мүшелер мен ұлпаларда организмге тән белоктарды түзу үшiн пайдалынады. Белоктардың алмасу нәтижесiнде мочевина, креатин, гиппур қышқылы соңғы өнiмдерi түзiлiп, сыртқа бөлiнедi
Нуклеопротеидтер iшек қуысында нуклеаза ферменттерiнiң әсерiмен қарапайым белоктар (протаминдер мен гистондар) мен нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Нуклеин қышқылдары нуклеотидтерге ажырап, олардан фосфор қышқылы бөлiнiп нуклеозидтерге айналып қанға сiңедi.
Нуклеозидтерден клеткалар нуклеопротеидтерi түзіледі. Ал ұлпаларда нуклеозидаза ферменттерiнiң әсерiнен нуклеозидтер азотты негiздер (пурин, пиримидин) мен қантқа (пептозалар) ыдырайды. Азотты негiздер дезаминдер процоцесi барысында несеп қышқылы түзіледі, ал қаннтар тотығып су мен көмiр қышқыл газы тұрiнде бөлiнедi.
Нуклеопротеидтер клеткалар ядросының цитоплазмасының құрамына кiредi, клетка белоктарын түзуде зор роль атқарады. ДНК және РНК клеткалардың дамуы, өсуi, көбеюiнде үлкен рол атқарады.
Белок алмасу деңгейiн организм қабылдаған және онда ыдыраған белоктың мөлшерiн азоттық балансты анықтау арқылы зерттейдi.
Себебi белок құрамында орта есеппен 16% азот болады. 100г белокта 16г азот болады, немесе 6,25г белокта 1г азот болады. Мысалы, адам тәулiгiне тамақ пен бiрге 116,5г белок қабылдаса, организмге (116,5:6,25)-18,64г азот түскенi болады. Ендi зәрдiң, нәжiстiң құрамында бөлiнген азот мөлшерiн анықтаса, қанға сiңген азот мөлшерiн белгiлi болады. Осылай азот баланыс есептеп шығарады.
Азоттық баланс оң, терiс және тепе- теңдiкте болуы мүмкiн. Егер денеге келiп түскен азот одан шығарылған азоттан көп болса, онда оң азоттық баланс деп аталады. Бұл жағдай жас организмде байқалады. Организмге түскен азоттан бөлiнген азот мөлшерi артық болса, онда терiс азоттық баланс деп атайды. Бұл жағдай ашығу, ауру кезде және кәрi организмдерде байқалады. Ал организмге түскен азот пен бөлiнген азот мөлшерi тең болса, онда азоттық тепе-теңдiк байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет