Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет52/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Қимыл анализаторы. Қимыл (қозғалыс) анализаторы тұлға қалпының сақталуын, қимылын үйлестiрiп, олардың дұрыс әрi дәлме-дәл орындалуын үздiксiз бақылап отырады. Соматосенсорлық рецепторлар тобын жанасу, ауырсыну, температуралық және проприорепторлар құрайды.
Проприорецепторлар бұлшық еттiң ұршық тәрiздi бүйiрлi торшаларынан сiңiрдегi Гольджи органдарынан, буын қатпары мен байламдарының рецепторларынан тұрады.
Сiңiр рецепторлары жеке-жеке жiңiшке сiңiр талшықтары орап жататын афференттiк жүйке ұштары болып табылады, ал буын рецепторлары жалаңаш қапшықты жүйке ұштарынан құралады.
Сiңiр рецепторлары бұлшық еттердiң ширығу, керену деңгейiн, ал буын рецепторлары – буын қабының керiлу деңгейiнiң жылдамдығын сезiнедi.
Проприорецепторлар “ет сезiмiн” қамтамасыз етедi. Бұл рецеп-торлардан келген импульстер бұлшық еттiң жиырылу немесе босаңсу дең-гейi, әрбiр сiңiрдiң созылу, керiлу дәрежесi жайлы үздiксiз, дәл хабарлап отырады. Осының нәтижесiнде кейпiндегi болмашы өзгерiстердiң өзi сезiлiп, реакция тудырады.
Бұлшық ет пен ОНЖ-iң арасында екi жақты байланыс орныққан, осының нәтижесiнде әртүрлі қимыл-әрекеттер бiр-бiрiмен дер кезiнде үйлестiрiлiп отырылады.
Ағзалық анализаторлар. Ішкi ағзаларда және қан тамырларында орналасқан рецепторлар орталық жүйке жүйесiнде организмнiң iшкi ортасының жағдайы жайлы хабарлап отырады. Ішкi мүшелердiң және қан тамырларының қызметi реттелiнедi.
Интерорецепторлар (висцерорецепторлар) өте сезiмтал болады, тiтiркендiргiштерге олардың сипатына сай жауап бередi, сондықтан олар iшкi ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтауда вегетативтiк функ-циялардың өздiгiнен реттелуiне маңызды роль атқарады.
lшкi ағзаларда әртүрлі хеморецепторлар, механорецепторлар, терморецепторлар, барорецепторлар, осморецепторлар деп бөлiндi. Бұл рецепторлар түрлі тiтiркендiргiштердiң (химиялық, механикаклық, температура т.б.) әсерiн сезедi. Олар жалаңаш жүйке ұштары, Краузе сауытшасы, Фатер-Пачини денешiгi болып табылады.
lшкi рецепторлардан шыққан импульстер қан айналымын, ас қорыту, тыныс алуды, зат алмасуды т.с. реттейтiн рефлекстер тудырады.
Денедегi барлық рецепторлар ми қыртысының белгiлi бөлiктерiмен байланысты, сондықтан тiтiркендiргiш әсерiнен нақтылы түйсiк пайда болады. Ми қыртысында әрбiр анализатордың өз аймағы болады. Бiрақ жеке анализаторлар аймағының анық шекарасы болмайды, олар бiр-бiрi-мен жанасып, айқасып, кiрiгiп жатады. Сондықтан, әртүрлі анализаторлар орталығының арасында өзара әрекеттестiк болған жағдайда ғана мүмкін болатын жәйт. Мысалы, көру анализаторы мен вестибулярлық аппарат арасында тығыз байланыс болатыны анықталған. Оған дәлел, биiк жер басында тұрып адам төмен қараса оның басы айналады. Ал егер оның көзiн таңып қойып жар басына әкелсе, онда бас айналмайды. Адамды, түгел сары түске боялған және сары түстi жиһаздармен жасандырылған бөлмеде ұстаса, оның басы айналып, жүрегi айниды, теңiз ауруының белгiлерi байқалады.
Иiс анализаторы мен дәм сезу анализаторы қызметiнде де тығыз байланыс бар. Иiсi жақсы тамақтар тәттiрек көрiнедi, керiсiнше иiсi нашар тамақ дәмсiз көрiнедi.
Осы көрсетiлген мысалдар анализаторлар қызметiндегi өзара әрекеттестiкте болатынын көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет