Есту анализаторы.Есту анализаторы – мағынасы жағынан адамның екiншi дистан-циялық анализаторы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту анализаторы ең жоғарғы дәрежеде қызмет атқарады.
Есту мүшесi негiзгi үш бөлiктен – сыртқы, ортаңғы және iшкi құлақ-тан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту анализаторының өткiзгiш, ал iшкi құлақ қабылдаушы бөлiмi.
Сыртқы құлақ – құлақ қалқаны және сыртқы дыбыс толқынан тұрады.
Ортаңғы құлақ – дабыл қысынан самай сүйегiнiң iшiне орналасқан және үш есту сүйекшелерi – балғашық, төс және үзеңгi сүйекшелерi. Олар дабыл жарғағының тербелiсiн iшкi құлаққа жеткiзедi. Балғашық дабыл жарғағына, ал үзеңгi iшкi құлаққа баратын сопақша тесiктi жауып тұратын жарғаққа бекидi. Сүйектiң ерекше байланысының және үзеңгi ауданының дабыл жарғағы беткейiнен көп кiшi болуының салдарынан дыбыс толқынының күшi 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейiп кеткен жағдайда құлақ қуысының еттерi жиырылып, дабыл жарғағы керiле түседi де, сүйектер қимылы шектелiп дыбыстың әсер күшi азаяды. Дабыл қуысы Евстахив түтiгi арқылы жұтқыншақпен байланысады. Осы қуыстағы қысым атмосфералық қысымға тең болады.
Ортаңғы құлақты iшкi құлақтан бөлiп тұратын сүйектi қалқанда екi тесiк болады. Олар жұқа дәнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесiктер. Дөңгелек тесiктi иiрiм түтiктер (ұлу) терезесi дейдi. Одан сәл төменiрек орналасқан сопақша тесiктi саға (кiреберiс) терезесi деп атайды.
lшкi құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт) самайдың қайыршық сүйегiнiң iшiнде жатады. Ол бiрiнiң iшiнде бiрi орналасқан сүйектi және жарғақты шытырмақтан түзiлген. Бұл екi құрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринттiң iшiндi – эндолимфа болады. Сүйектi лабиринт үш құрылымнан тұрады. Олар саға (кiреберiс), иiрiмдi (улитка) және жартылай дөңгелек (полушкруние) түтiктер. Саға мен иiрiмдi түтiк есту мүшесiн құрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай дөңгелек түтiктер тепе-теңдiк (вестибулярлық) аппараты болып табылады. Сондықтан iшкi құлақта функциональдық тұрғыдан әртүрлі мүшелер – есту және тепе-теңдiк мүшелерi орналасқан.
Саға – кiшкентай қуыс. Ол екi бөлiкке – сопақша қапшыққа және дөңгелек қапшыққа бөлiнедi. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек түтiктермен (тепе-теңдiк мүшесi), ал дөңгелек – иiрiмдi (ұлу) түтiкпен жалғасады.
Иiрiмдi түтiк орталық бөлiктi бойлай спираль тәрiздi екi айналым жасай орналасқан иiрiмделген құрылым. Рейснер және негiзгi мембрана арқылы үш жiңiшке тесiктен басталатын бөлiгiн “саға өзегi”, ал дөңгелек тесiкшемен жалғасатын бөлiгiн “дабыл өзегi” деп атайды. Иiрiмдi түтiктiң ұшында бұл екi өзек бiрi-бiрiмен тар тесiк-геликотерма арқылы жалғасады. Бұл өзектер перилимфамен толған. Осы өзектер арасында иiрiмдi түтiк өзегi жатады. Ол эндолимфамен толған.
Иiрiмдi түтiк өзегiнде негiзгi мембрананы бойлай дыбыс толқыны қабылдайтын Корти мүшесi орналасады.
Корти мүшесi – түктi есту торшаларынан және сүйенiш торшаларынан құралған. Есту торшаларының ұшында өте жiңiшке түктер болады -рецепторлар. Бұл рецепторлар дыбыс толқынының әсерiн қозу процесiне айналдырады. lшкi түктi клеткалардың саны 3500-ге жетедi, ал сыртқы түктi клеткалар 3-4 қатардан тұрады, жалпы саны 1200-2000. Түктi клеткалардың әрқайсысы уынша пiшiндi. Клетканың бiр полюсi негiзгi мембранаға бекiтiлген, екiншi жағы иiрiм түтiгiнiң жарғақты арнасының қуысында орналасады.
Рецпторлар түктерi эндолимфамен жуылады және жарғақты арнаның ұзына бойына түктi клеткалардың үстінде орналасқан жабынды пластинкаға (табақшаға) немесе ректориялық мембранаға тиiп тұрады.
Дыбыс әсерiнен негiзгi мембрана тербеле бастайды, рецепторлардың түктерi жабынды мембранаға тиiп майысады, бұл биоток импульстерiнiң шығу себебi болып табылады, импульстер есту жүйкеi арқылы ми қыртысына келедi.
Адамның құлағы 16-дан – 20000 Гц-ке дейiнгi әр түрлі жиiлiктегi дыбыстарды қабылдай алады (есту қабылдауының аймағы).
Инфрадыбыстар – төменгi шекараға жетпейтiн дыбыстар, ал жоғары шекарадан асатын дыбыстар – ультрадыбыстар деп аталады.
Жануарлар 20-30 Гц пен 150-200 Гц аралығындағы дыбыс тербелiсiн қабылдай алады. Мысалы, ит жиiлiгi 35000 Гц дыбысты, ал жарқанат одан да жоғары жиiлiктегi дыбысты қабылдайды.
Дыбыстың қабылдау механизмiне түснiктеме беретiн бiрнеше теориялар бар.
Бiрiншiсi Г.Гельмгольцтың резонанстық теориясы бойынша негiзгi мембрананың көлденең талшықтары резонанс принциптерiне сәйкес кез келген жиiлiктегi дыбыс толқынына жауап бермейдi. Оның әрбiр учаскесi белгiлi бiр дыбыс тербелiсiне ғана реакция бередi. әлсiз дыбыс (төмен тон) ұлу ұшындағы ұзын, бос тартылған, ал күштi (жоғары тон) дыбыс – иiрiмдi түтiк табанындағы қысқа әрi қатты керiлген талшықтарды тербетедi. Дыбыстың әрбiр тонын қабылдауға машықтанған есту торшалары болады да, олар дыбыс толқындарының күшiне сәйке қозып отырады.
Резонанстық теорияға көптеген толықтырулар мен түзетулер енгiзiлдi. Атап айтсақ венгрия ғалымы Г.Бекешидiң гидродинамикалық немесе жылжымалы толқын атты теориясы бойынша мембрананың учаскесi тербелетiндiгi, резонансты негiзгi мембрана талшықтары емес, белгiлi ұзындықтағы сұйық бағаны тудыратыны анықталған.
Резерфордтың теориясына сәйкес дыбысты қабылдау ерекшелiктерi дыбыс тербелiсiнiң жиiлiгiне байланысты телефон аппаратының жұмыс принципiмен жүреді. Дыбыс толқынының тербелiс жиiлiгiне сәйкес есту жүйесiнде биопотенциалдар туындайды. Иiрiмдi түтiкте екi түрлі биопо-тенциалдар байқалады. Алғашқысы тұрақты эндолимфалық потенциал. Бұл потенциал дыбыс естiлмеген, тiтiркенiс болмаған кездiң өзiнде де тiркеледi. Екiншiсi микрофондық және жинақтау потенциалы дыбыстың әсерiмен пайда болады. Бұл потенциалдар есту жүйкесiнiң сабақтары арқылы миға жетедi. Ми сыңарлары самай бөлiгiнiң қыртысында жиналған есту анализаторының негiзгi ядроларында анализдеу және синтездеу жүреді.
Есту жүйесiнiң арқасында жануарлар кеңiстiктi бағдарлайды. Дыбысты екi құлақпен қабылдау нәтижесiнде олар дыбыс шыққан жердi дәл анықтайды. Локация – дыбыстың көзiн табу. Жарқанат, дельфин кеңiстiктi өздерi шығарып, басқа денеден керi жаңғырыққан дыбыс арқылы бағдарлайды, қоршаған заттардың кеңiстiкте орналасуын, көлемiн дәл анықтайды. Бұл құбылысты жанама локация немесе эхолокация деп атайды.