Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет76/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Қан топтары мен резус факторы.
Адам қанының құрамында басқа адамның эритроциттерiн желiмдеп тастайтын ерекше заттардың болатыны анықталады. Австрия ғалымы К. Ландштейнер 1801 жылы адам эритро-цитерiнiң құрамында екi түрлi антигендер- агглютиногендер (А жәнеВ), ал плазмада екi түрлi антиденелер ( және  ) –агглютининдер болатынын дәлелдедi. Агглютиногендiк сипатына қарай К. Ландштейнер адам қанының үш тобын ашты (I, II ,III). 1907 жылы Чех ғалымы Ян Янский адам қанының А және В агглютиногендерi бар төртiншi тобын ашты.
Қабылданған номенкулатура бойынша I O, II A, III  IV ABO белгiлендi.
Бiр адамның қанында аттас заттар (А-  , В-  ) болмайды. Егер бұл заттар кездесетiн болса онда агглютинация (эритроциттердiң желiмденуi) байқалады. Адам қанын 4 топқа бөлу оның қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап бердi.

Қан сарысуының агглютининдiк сипаты


Эритроциттердiң агглютиногендiк сипаты


I (О)

II (А)

III (В)

IV (АВ)

I  және 


II 
III 
IV О

-
-


-
-

+
-


+
-

+
+


-
-

+
+


+
-

Осы төрт топтағы қан АВО жүйесiндегi топтар деп аталады. Бұлардың iшiнде қаны I топқа жататын адамдар (46%),II топтағылар 42 % ,III топтағылар- 9% , IV топтағылар-3%.



Қан құрамында қосымша агглютининдер болады(А, А, А М,N, SP т.б.).
Адам қанында Rh- агглютиноген алғашқы рет macacus rhesus атты маймылдың қанынан табылған.
Барлық адамдардың 86 %- де резус агглютиногенi бар, 14%- де резусагглютиноген болмайды. Сондықтан Rh + бар және Rh- жоқ деп екi топқа бөледi.
Терiс резус- факторлы адамға оң резус факторлы қан құйылса реципиент организмiнде қорғағыш денелер- антирезус фактор тұзiледi. Осындай реципиентке екiншi рет Rh+ факторлы қан құйылса, агглютинация жұредi де адам өледi.
Қан тобы мен резус фактор тұқым қуалайды. Оны генетика заңдылықтарын пайдалана отырып тұсiндiредi. Қандағы агглютиногендер ғана тұқым қуалайды, сондықтан баланың қан тобы ата-анасына ұқсамауы мұмкiн. Мысалы, әкесiнiң қаны IV топқа жатса, оның қанында А және В агглютининдерi болса, ал анасының қанында I топ агглютиногенi жоқ болса, нәрестенiң қаны I, II, III, IV топқа жатуы мұмкiн. Ата-анасының қаны бiр топқа жатса, олардың агглютиногендiк белгiсi гомозиготалық не гетерозиготалық болғандықтан арғы аталарынан берiлген белгiсiне байланысты бала қаны басқа топқа жатуы мүмкiн.
Жануарлар қанының топтарына келсек, әлi күнге дейiн белгiсiз жайлар көп. Олардың эритроциттерiнде көптеген агглютиногендер болады. Сол себептен жануарлар қаны генетикалық жүйеге бөледi. Мысалы, iрi қарада 85 агглютиноген болғандықтан, оларды 11 генетикалық жүйеге бөледi, жылқыда 16 аглютиноген 8 жүйе. Қойда 26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады.
Қан жүйесi және оның реттелуi.
Қан жүйесiне қан клеткаларын түзетiн ағзалар мен қан клеткалары бұзылатын және қанның өзi жатыр. Қанның тұзiлуi- гемопоэз. Қан клеткалары сүйек кемiгiнде жасалып, ал дамуы, жетiлуi лимфоидтық ұлпада, тұйiндерде, тимуста, бадамша бездерiнде өтедi. Бұзылуы көк бауырда.
Қан жүйесiнiң қызметi нерв және гуморальдi жүйе арқылы реттелiп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет