Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет78/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

1. Қан айналымының жалпы желiсi.
Қан организмде үнемi тоқтаусыз айналыста болады да, өзiне тән физиологиялық қасиеттердi атқарады. Канның тоқтаусыз ағуы қан айналу жүйесi мүшелерiнің қызметiне байланысты.
Қан айналу жүйесi барлық омыртқалыларда тұйық болады. Бұл жүйенiң орталық мүшесi жүрек. Қан айналысының ұлкен және кiшi шеңберi бар. Қан айналымының ұлкен шеңберi сол қарыншадан қолқа тамыры, артертиялар,капилярлар мен вена арқылы оң жүрекшеге құяды.
Қан айналымының кiшi шенберi оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы өкпеден өтiп, оттегiне қанығып, өкпе венасы аркылы сол жүрекшеге келедi. Қан айналымының үлкен шеңберi организмде зат алмасу қызметiн атқарса, кiшi қан айналым шеңберi газдар алмасу ролiн атқарады.
Қан айналу жүйесiнiң ең қарапайым түрi балықтарда (екi камералы- қарынша,жүрекше), қосмекендiлер жүрегi (ұш камералы – екi жүрекше ,бiр қарынша), ал құстар мен сұт қоректiлердiң жүрегi төрт камералы- екi жүрекше, екi қарынша.
2. Жүректiң құрылысы және қызметi.
Жүректің құрылысы. Жүрек көкiрек қуысында екi өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасып, iрi қан тамырларға iлiнiп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, енi 8-11 см, ал массасы адамдарда 250-300 грам, жануарларда дене салмағының 0,6-1% алады.
Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесiк арқылы қосылады.Сол жақта қос жармалы, оң жақта ұш жармалы атрио-вентрикулярлық қақпақшалар орналасқан. Ал қолқа тамыры мен өкепе венасы жүректен басталған жерiнде айшық қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қанды бiр бағытта өткiзедi.
Жүректiң қабырғасы үш қабаттан тұрады. lшкi қабаты- эндокард, ортаңғысы- миокард, сыртқысы- эпикард. Эпикардтың сыртқы қабаты- перикард – жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасындағы қуыста үлпершек сұйығы болады.
Эпикард жүректiң iшкi бетiн жауып жатқан жұқа қабықша. Ол бiрыңғай салалы ет ұлпасы мен серпiмдi талшықтардан тұрады.
Миокард- ет қабаты. Ет талшықтары ерекше тарамдалып, бiр- бiрiмен ендiрме табақша- нексус арқылы қосылады да, бiр тұтас тор, синцитий құрайды. Нексустар арқылы миокардта қозу өте жылдам жайылады (кедергiсi аз) ет талшықтары топтасып жиырылады. Сондықтан жүрек етi функциялық синцитий ретiнде қызмет етедi. Сонымен қатар жүректiң атиптiк ұлпасы болады (өткiзгiш талшық-тар) Бұл ұлпа жүректiң кейбiр бөлiктерiнде тұйiнмен шоқтар құрып, жүректiң өткiзгiш жүйесiн тұзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет