Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет80/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Жүрек автоматиясы. Жүрекке сырттан тiтiркенiс әсер етпесе де, организмнен бөлiп аланса да жүрек жұмысы тоқталмай,жалғаса бередi Кис-Фляк түйінiнде пайда болады, сондықтан оны бiрiншi дәрежелi автоматизм орталығы деп атайды.
Ашофф-Тавар түйінiнде автоматизм қасиетi төменiрек, сондықтан екiншi дәрежелi автоматизм орталағы, ал Пуркинье талшықтары үшiнiшi дәрежелi автоматизм орталығы.
Жетекшi Кис-Фляк түйінiнен Ашофф-Тавар Пуркинье талшықтарына қарай автоматизм төмендейдi, бұл заңдылықты автоматизмнiң кему градиентi (Гаскелл заңы) деп атайды.
Осы автоматизм қасиетiн ескере отырып, оның тамырларына қоректiк заттар жiберу арқылы тоқтап қалған жүрек жұмысын қалпына келтiрген орыс физиологы Кулябко (1902 жылы, өлiп қалған баланың жүрегiне тәжірибе жасау арқылы тексерді).
Жүрек автоматиясының табиғатына түсiнiктеме беретiн екi теория ұсынған. Бiрiншi- миогендi теория бойынша қозу толқыны алғаш ет талшықтарында пайда болып, нервтердiң қатысуымен өткiзгiш жүйе арқылы тарайды. Екiншi- нейрогендi теория бойынша қозу толқынын тудыруда негiзгi ролдi нерв элементтерi атқарады, ал ет талшықтары жиырылу процесiн қамтамасыз етедi дейдi.
3. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері.
Жүрек еттерiне басқа тiрi ұлпалар сияқты қозғыштық, қозуды өткiзгiштiк, жиырылғыштық, автоматизм, биоэлектрлiк құбылыс тән.
Қозғыштық. Әр түрлi тiтiркендiргiштердiң (электрлiк, химиялық, т.с.с.) жүрек еттерi қоза алады. Тiтiркендiрудiң әсерiнен натрий иондары мембрана арқылы iшiне өтiп деформацияланады да, қозған бөлiгiнде терiс заряд пайда болады. Қозған және қозбаған бөлiктерiнiң арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Әрекет потенциалдары жүрек еттерiнiң клеткаларында қаңқа еттерiмен салыстырғанда ұзағырақ созылады(200-400мс), -100есе ұзақ.
Қозуды өткiзгiштiк. Қозу толқыны Кис-Флек тұйiнiнде ерекше ет клеткалары- пейсмекерлерде пайда болады. Одан әрекет потенциалы жүрекше еттерiне электрлiк жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйінiне өтедi. Одан қозу Гис шоғыры арқылы бүкiл қарыншаға тарайды.
Қозуды өткiзу жылдамдығы жүрекшеде-0,8-7м, қарыншалар еттерiнде 0,8-0,9м, ал өткiзгiш жүйесiнде 2-4,2м/секундына. Ашофф- Тавар түйінiнде қозу 0,02-0,05м/с бәсеңдейдi, осының арқасында қарынша еттерi кешiрек қозады. Бұл жүрек бөлiктерiнiң үйлесiмдi жұмыс iстеуiне қамтамасыз етедi. Егер жүректiң өткiзгiштiк жүйесiнiң қызметi бұзылса жүрек блокадасы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет